Category

«Білім беру» жобасы

«Монтесорримен» жарқын өмір

By | «Білім беру» жобасы

«Монтесорримен» жарқын өмір «Апай, мен Монтессориге барғым келеді!» – деген тілегін Қызылорда қаласындағы Сәби үйінің қызметкерлері тәрбиеленушілерінен жиі естіп тұрады, өйткені әлеуметтік мекеменің негізінде «Сәби» Қайырымдылық Қорымен ұйымдастырылған ерте даму Монтесорри орталығындағы бірегей ахуалы сәбилерді күнделікті сабақтарына қызықтырады.

Сәбилерді қызықтыратыны тамаша жинақталған ойын және үйрету материалдары, айналадағы дүниені танудың алғашқы білім бұлағы болып келетін қарапайым, түсінікті және таңқаларлық қызықты сабақтары, сонымен қатар пайдалы тұрмыс икемдерімен таныстырып, соларды күнделікті әдетке айналдыруға мүмкіндік береді. 
 
рине бұл жерде, балаларды сабақ үстінде беймазасыз бағыттайтын тәрбиешілердің біліктілігі маңызды. Қызылорда Сәби Үйінің мамандары осы система бойыншаЕкатеринбург қаласының Евразиялық Монтесорри – Педагогика орталығыныңдәріскерімен 2 кезеңді оқудан өту кезінде туғанынан бастап 3 жасқа балаларға сабақ жүргізу әдістерін толықтай меңгеріп алды, соған қатысты ұйымдастыру шығындарын«Сәби» Қоры өз басына алды. Семинарға келген барлық тыңдаушылар ЕМПО-ның бірқилы сертификаттарына ие болды, енді олар 9 ай бойы іс жүзінде машықтану керек.



Келесі жылдың көктем айында мамандығын арттыратын тренингтің тағы бір кезеңі өтеді, содан кейін оларды Монтесорри жүйесінің кәсіби маманы деп айтуға болады.

Оқу грантына тартыс

By | «Білім беру» жобасы

Оқу грантына тартыс Жаз бітіп күздің қарсаңында біз «Білім беру» және « лем»жобалары бойынша жоғарғы және орта оқу орындарына жаңадан “Сәби” Қорының грантқа ие болған немесе ие болуға мүмкіндігі бар қатысушыларды санын реттеуге кірістік. Алайда ЖОО мен колледждерде қабылдау комиссиясының жұмысы әлі қызу үстінде болса да, қазіргі уақыттағы нәтижелерді қорытындылауға болады. 


р жыл сайын қыркүйектен бастап мамыр айына дейін, біздің Қормен Алматы қаласының балалар үйінің жеткіншектерге ұйымдастырылып отырған БҰТ-ге дайындық курстарыжақсы нәтижелерді көрсетіп отырғаны анық болды. 2012-2013 жылы сабақтан тыс қалмай оқыған он бірінші сыныптылардың жартысының көбі, мемлекеттік оқу грантына немесе қала әкімінің грантына ие болды. рине олардың жеке табысы бізді қуантады, сонымен қатар үнемдеген қаражатты біз мемлекеттік грантқа жолы болмай қалған бірақ өзін жақсы жағынан көрсетіп, келешегі бар басқа балаларға оқуды төлей алатынымыз қуантады.
 
« лем» бағдарламасы бойынша да айтар сөзіміз бар. лемнің және Қазақстанның ең беделді жоғарғы оқу орындарында білім алып «әлемдік» болуға және “Сәби” Қорынан қаржы көмегін алуға армандайтын бітіруші сыныптарының оқушыларынан жыл бойы өтініш қабылдадық. Қатаң іріктеуден көптеген бозбалалар мен бойжеткендер өте алмай да қалды. Ал жеңімпаздар болса «Сәбидің» грантына ие болып қазір ЖОО-ның таңдауда. Солардың ішінде қатарынан мемлекеттік оқу грантын және біздің грантқа да ие болғандар бар. Ең ынталы және қабілеттілерін біз сүйсіне қолдаймыз, сонымен қатар оларға таңдау еркін береміз. Біреулері мемлекеттік кепілдігін және грантын қаласа, қалғаны – беделдік пен бірегейлікті қалайды, олар «Сәби» Қорының грантын таңдайды.



Алдымызда әлі қызып жатқан екі қабылдау аптасы бар. Ал қыркүйек айында студенттерміздің жалпы санын толықтай есептеуге болады және де олардың өз болашағы үшін маңызды күресінің қорытындысын жинақтауға болады.

210 – минуттық сынаққа 8 айлық дайындық

By | «Білім беру» жобасы

210 – минуттық сынаққа 8 айлық дайындық Оңтүстік астанамыздың білім беру орталығының бірінде,«Сәби» Қорымен қамқорлыққа алынған балалар үйлерінің тәрбиеленушілері БҰТ- ге дайындық курстыаяқтауда. 



Қалғаны екі-ақ сабақ, және де сегіз айлық қызу жұмысты, корытуды бастады. Оқу бағдарламасы оңай болған жоқ, дегенмен қатысушылар сынамалы тестілеуде жақсы нәтиже көрсетті. рбірінде, гранттық мамандармен, өз қалаған оқу орнына түсуге, мүмкіндігі анағұрлым өсті.



Бірақта табыстары туралы айту әлі ерте – қаншалықты тырысып және нәтижелі оқығаны, Біріккен Ұлттық Тестілеуден өткенннен кейін ғана белгілі болады. рине 100 пайызды ЖОО-на тусу болмас, бірақ өткен жылдардың көрсеткіштеріне жүгінсек, дайындықтан өтіп, Қормен ұйымдастырылып және қаржыланған, шамасымен талапкерлердің 70-80%мемлекеттік оқу гранттарына ие болды.

БҰТ-ке дайындық өз мәресіне жетіп қалды

By | «Білім беру» жобасы

БҰТ-ке дайындық өз мәресіне жетіп қалды Біздің қамқорымыздағы жетімдер үйлерінің соңғы сыныпта оқып жүрген тәрбиеленушілері бірыңғай ұлттық тестілеуге 8 айлық дайынды курсын Алматы қаласындарғы оқу орталығында осыдан жарты жыл бұрын бастаған болатын. Балаларды оқытудың барлық шығынын «Сәби» Қайырымдылық Қоры өз мойнына алды.

Шыны керек, жаттығу бағдарламасы оларға оңайға түспеді – бірнеше адам жұмыс мөлшерінің көбейгенін көтере алмай тастап кетіп жатты, бүгінгі күнде 12 қатысушылардан тек тоғызы қалды.

Алайда, қалған оқушылар бар ынтасын салып сабақтарға дайындалып, келе жатқан БҰТ-ке әірленуде. Ай сайын өткізіліп тұратын аралық тестілеудің қорытындыларын жүгінетін болсақ, қазіргі таңда балалардың үлгерімі едәуір тәуірлеп қалған. Сонымен, әр қайсысы ЖОО-ның бюджеттік бөліміне түсуге мүмкіндіктерін арттыруда.

Біз өз тарапымыздан, үміт артып отырған жастардың өту баллдарын жинап армандаған мамандықтарын бір қадам жақын болуына шын жүректен тілектеспіз!

Профтестілеу 2012-2013. 2 кезең

By | «Білім беру» жобасы

Профтестілеу 2012-2013. 2 кезең Біздің Қорымыздың ұйымдастыруымен жыл сайын 2 рет өткізілетін кәсіптік бағыттау бойынша сынақтаудың екінші кезеңі аяқталды. Тестілеу Алматы қаласында орналасқан жетімдер үйінің 9-шы және 11-ші сыныптарында оқитын тәрбиеленушілеріне жүргізіледі. Ақпан айында өткізілетін кезеңге 70 адам қатысықысы келіп асыға күткен болатын. Солардың ішіндегі балалардың ой-пікірлерімен бөліскіміз келіп отыр.

№ 1 Балалар үйінің түлегі Рахмет Нүркеннің сөздері: «Мен Профориентатор» бағдарламасының сұрақтарына аса зейінмен жауап бердім, екі кезеңнің сұрақтары қайталанбай, керісінше, әр түрлі және қызықты болды, ең бастысы болашақта қандай мамандықты таңдауға дұрыс шешім қабылдауға итермеледі. Профтестілеудің нәтижесі бойынша маған техникалық сала жақынырақ болып шықты, мен бұл қорытындымен 100 пайызға келісемін. Көктемде мектеп бітірген сәтте, алдағы қойылатын мақсатым анықталды: Қалайда болса Алматы энергетика және байланыс институтының «байланысшы» мамандығы бойынша түсуге барша күшімді салатын болам.

Сондай-ақ өз пікірімен Облыстық №1 Балалар үйінен Бекбатырова ндира бөлісті: «Екiншi кезеңде маған логикалық, ғылыми және шығармашылық сұрақтардың көп болғаны ұнады. Тестілеу өткенге қарағанда ұзағырақ болды, сондықтан да сауалнама біраз уақытты керек етті. Менің алған нәтижелерім қонақ үй менеджері мамандығын оқуға кеңес берді, шынымен де бұл шешім өз қалауыма толықтай сәйкес келеді. Енді мен Алматы Мемлекетік Университетке оқуға түссем деп ойлаймын».

Қатысушылардың пікірін тыңдап, шындап көңіл қойып және сауатты ыңғайын тауып, өмiрлiк қалыптасудың ең қиын сұрақтарының бiрлерiне – өз болашақ мамандығын анықтауға қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздік. Өкiнiшке орай, осы өмірде өз-өзін таппай және бұрында жасалған таңдауы мен бос өткізген уақыты туралы өкінген ересек адамды жиi кездестiруге болады.

Сондықтан бұндай жағдайлар болмас үшін, Сәби» Қоры міне төрт жыл бойы компьютерлік тестілеуді Ломоносов атындағы ММУ-дің кәсіптік бағыттау Алматылық филиалында өткізіп, біздің қамқорғымыздағы балаларға өз өміріндегі көздеген мақсатына жетуге барынша ат салысамыз.

Монтессори – Аяз атадан сыйлық

By | «Білім беру» жобасы

Монтессори - Аяз атадан сыйлық Жаңа жыл, ең алдымен балалардың мерекесі болып табылады. Кішкентай бүлдіршіндер Аяз атаға хат жазып, армандарымен бөлісіп, шын көңілімен ғажайыпты күту үстінде болады. Көп хаттарда олар, әрине ойыншықтар сұрайды.

Біз бірде-екілі баланың емес, бір қаланың тілегін орындауға бел будық. Өскемен қаласының кішкентай тұрғындарына жай ғана ойыншықтар емес, Монтессори жүйесі бойынша оқу-ойын жабдықтарын сыйға тарттық. Оның жинағына кіретін материалдар үлкендердің күнделікті қолданатын тұрғындық, интерьерлік, табиғаттық және техниканың кішірейтілген формалары болып табылады.

Біздің қамқорымыздағы «Берегиня» жанұяны қолдау орталығы» ҚҰ аясында «Сәби» Қоры 3 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды ерте дамыту сыныпын ашты. Өйткені дәл осы кезеңде қыз бала мен ұл баланың қарым-қатынасы орнатыла бастайды, ең бастысы осындай алтын уақытты жіберіп алмау керек.

Ойынмен танымдық процесс тез әрі қарқынды өтеді. Ашық түсті, көркем, экологиялық таза үйреткіш ойыншықтар оқу орталығының кішкентай тәрбиеленушілеріне бүкіл әлеммен танысуға мүмкіндік береді.

«Сәбидің» келешекке жолдамасы

By | «Білім беру» жобасы

«Сәбидің» келешекке жолдамасы «Сәби Қайырымдылық Қоры» коммерциялық емес ұйымының «Білім беру жобасы» бойынша әр жылдың күзінде әдеттегідей ақпараттар жариялаймыз.

Қордың гранттары бойынша 2012-2013 оқу жылында арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ҚР балалар үйлерінің және интернаттардың 33 түлектері тәлім алуда. Алдымыздағы жылдарда оқу мекелемерін бітіріп қолдарына диплом алған балалардың саны 38-ге жетті.

Алматы қаласы және облысының 3 жетімдер үйінің 12 оқушылары 8-айлық репетиторлық орталықта БҰТ-ге дайындайтын курстарға кірісті.

Сонымен қатар, жылдағы өткізетін екі кезеңді кәсіптік бағыттау компьютерлік тестілеу өз жалғасын тапты, бірінші кезең үстіміздегі жылдың қазанында өтті, ал екіншісі келесі жылдың ақпан айында өтеді. Профтестілеу жоғарғы сынып оқушылардың арасында аса қызығушылық танытты, әр кезеңінде жүйелі түрде 70 адамнан кем қатыспайды.

«Сәбидің» грант иеленушілеріне деген шарттары жыл сайын күрделіленіп келеді. Оқу процессі жобаның жетекшісімен қатал бақылауда өтеді. Балалардың оқу үлгерімі мен сабақтан қалмауына ерекше көңіл бөлінеді.

Қамқорымыздағы мекемелердің біздің тәртіпті қабылдап, Қордың жай ғана бәріне «ақша таратпайтынын» түсініп, балаларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, мақсатқа ұмтылуға және ары қарау оң нәтижеге жетуге жақсы бағыт беріп жүр.

Профтестілеу 2012-2013. 1 кезең

By | «Білім беру» жобасы

Профтестілеу 2012-2013. 1 кезең Жақында кәсіптік бағыттау бойынша тестілеудің бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл шара «Сәби» Қайырымдылық Қорымен Алматы қаласының балалар үйлерінің 9-шы және 11-ші сынып түлектеріне арналып жылына екі рет ұйымдастырылады. Үстіміздегі жылда қатысушылар саны 72-ге жетті.

Мектептің соңғы қоңырауы жақындай түсе болашақта қандай кәсіппен айналысуды талқылап балалар бүгінгі күндерде терең ойға батуда. Олардың көбісі ең бастысы жақсы жалақы төлейтін жұмысты ойлап өз таңдауларын асығыс түрде шешімге келіп, кейіннен оқу барысында жасаған талдауына күдіктеніп, ал дипломды алған сәтте жұмысқан енді орналаса алмай сары уайымға түсуі мүмкін.

Мәскеу қаласындағы Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінде жасалған «Профориентатор» компьютерлік бағдарламасы – өз қабілеті мен психологиясына сай кәсіпті таңдау бойынша көмек және сонымен қатар оқу орындарына түсу барысыныда болатын жағдайларда кеңестер және әр-түрлі ұсыныстар береді. Біздің қамқорымыздағы балалар қазіргі кезде бұны жақсы түсінуде: интеренет-оқу орталығының мамандары да оқушылардың бұрынғы жылдарынан қарағанда осы шара немқұрайлықпен қарамай, барлық ынтасын салып, болашақтағы жолын ашуға барлық жағынан ат салысты.

Біз өз тарапымыздан әр баланың осы қадамнан кейін қабілеттерін дамытып, ары қарай нағыз азамат атануына зор үміт күтеміз.

БҰТ-ге алдын ала дайындық

By | «Білім беру» жобасы

БҰТ-ге алдын ала дайындық Біріңғай ұлттық тестілеу. Бұл сөздермен оқушылардың өмірлерінде болатын ең бірінші, сонымен қатар ең маңызды емтиханды тапсыру бойынша бастауыш сыныптан бастап үрей қондырып дайындалуға жар салады. Өз балаларының әр-түрлі курстарда және ұстаздармен қосымша жан-жақты дәріс алуына ата-аналар алдына жан салмайды. Ондай мейірімді ата-анасы жоқ балалар ше? Олардың қамын кім ойлайды? леуметтік мекемеде жүрген тәрбиеленушіге тестілердің қыр-сырын түсіндіріп оны қалай өту керек екенін кім үйретеді?



«Сәби» Қайырымдылық Қоры өзінің Оқу жобасы бойынша Алматы қаласының БҰТ-ге мектеп бітірушілерін дайындайтын жетекші орталығымен міне қатарынан үшінші жыл бірге ынтымақтасып келе жатыр. Біздің қамқорымыздағы балалар үйлерінің түлектері Қордың есебінен қазан айынан бастап келесі жылдың мамырына дейін аптасына үш рет арнайы дайындық курстарын өтетін болады. 



Өткен кезеңдердің нәтижелері бізді қанағаттандырған болатын: бағдарламаны меңгерген оқушылар тестілеу кезінде жоғары баллдар алып, көбісі мемлекеттік грант бойынша ЖОО-на түсіп кетті. Осы жылы қосымша сабақтарға қатысушылардың саны ұлғайғаны бізді таңғалдырмады, тіптен үлкен қуанышқа бөледі.



БҰТ – әрине, емтихан тапсырушыларға үлкен эмоциялық күйзеліске кенелтеніні анық, бірақ жайымен жоспарлы дайындықты өткізгеннен кейін жауапты мезетте өзіне деген сенімділік күшейіп, келесі жылдары жақсы оқуға кепіл береді.



Біздің бұл ауқымды және ұзақ мерзімді жұмысымыздың көрсеткішін келесі жылдың тек маусым айында білетін боламыз, сол кезде сегіз ай бойы енбектің шынайы бағасы балалардың алған баллдарымен сәйкестікке тіреледі. 

ЖОО-на жол ашық

By | «Білім беру» жобасы

ЖОО-на жол ашық “Сәби” Қайырымдылық Қорының Білім беру жобасының аясында біздің қамқорымыздағы балалар үйінің тәрбиеленушілері өзінің білімін мектеп пәндері бойынша ҰБТ нәтижесін жетілдіретін қалалық репетиторлық орталықта тоғыз ай бойы дайындығы артта қалды.

Бақылаулы тексерулер, сонымен қатар өткен жылғы тәжірибелер, бітірушілердің осы курстарды өткеннен кейін ЖОО-на түсу кезінде мемлекеттік білім беру гранттарын алуға толық сенімді бола алатындығын көрсетті. Білімді жетілдіру және ҰБТ техникасын үйрену бойынша бірнеше ай қажырлы еңбек әлеуметтік бейімділікке алғашқы қадам жасаумен емтихан кезіндегі балалардың қиналысын жеңуге және оны сәтті өтуіне көмектеседі деп сенеміз.

Ендігі, бізге жалпы салған күш-жігеріміздің нәтижесін: республикалық тестілеудегі жоғары баллдарды күту қажет. Болашақ абитуриенттерге жеміс пен сәттілік тілейміз!

Русский

Қазақ тілі

English