Профтестілеу 2012-2013. 1 кезең

Профтестілеу 2012-2013. 1 кезең Жақында кәсіптік бағыттау бойынша тестілеудің бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл шара «Сәби» Қайырымдылық Қорымен Алматы қаласының балалар үйлерінің 9-шы және 11-ші сынып түлектеріне арналып жылына екі рет ұйымдастырылады. Үстіміздегі жылда қатысушылар саны 72-ге жетті.

Мектептің соңғы қоңырауы жақындай түсе болашақта қандай кәсіппен айналысуды талқылап балалар бүгінгі күндерде терең ойға батуда. Олардың көбісі ең бастысы жақсы жалақы төлейтін жұмысты ойлап өз таңдауларын асығыс түрде шешімге келіп, кейіннен оқу барысында жасаған талдауына күдіктеніп, ал дипломды алған сәтте жұмысқан енді орналаса алмай сары уайымға түсуі мүмкін.

Мәскеу қаласындағы Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінде жасалған «Профориентатор» компьютерлік бағдарламасы – өз қабілеті мен психологиясына сай кәсіпті таңдау бойынша көмек және сонымен қатар оқу орындарына түсу барысыныда болатын жағдайларда кеңестер және әр-түрлі ұсыныстар береді. Біздің қамқорымыздағы балалар қазіргі кезде бұны жақсы түсінуде: интеренет-оқу орталығының мамандары да оқушылардың бұрынғы жылдарынан қарағанда осы шара немқұрайлықпен қарамай, барлық ынтасын салып, болашақтағы жолын ашуға барлық жағынан ат салысты.

Біз өз тарапымыздан әр баланың осы қадамнан кейін қабілеттерін дамытып, ары қарай нағыз азамат атануына зор үміт күтеміз.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English