Монтессори – Аяз атадан сыйлық

Монтессори - Аяз атадан сыйлық Жаңа жыл, ең алдымен балалардың мерекесі болып табылады. Кішкентай бүлдіршіндер Аяз атаға хат жазып, армандарымен бөлісіп, шын көңілімен ғажайыпты күту үстінде болады. Көп хаттарда олар, әрине ойыншықтар сұрайды.

Біз бірде-екілі баланың емес, бір қаланың тілегін орындауға бел будық. Өскемен қаласының кішкентай тұрғындарына жай ғана ойыншықтар емес, Монтессори жүйесі бойынша оқу-ойын жабдықтарын сыйға тарттық. Оның жинағына кіретін материалдар үлкендердің күнделікті қолданатын тұрғындық, интерьерлік, табиғаттық және техниканың кішірейтілген формалары болып табылады.

Біздің қамқорымыздағы «Берегиня» жанұяны қолдау орталығы» ҚҰ аясында «Сәби» Қоры 3 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды ерте дамыту сыныпын ашты. Өйткені дәл осы кезеңде қыз бала мен ұл баланың қарым-қатынасы орнатыла бастайды, ең бастысы осындай алтын уақытты жіберіп алмау керек.

Ойынмен танымдық процесс тез әрі қарқынды өтеді. Ашық түсті, көркем, экологиялық таза үйреткіш ойыншықтар оқу орталығының кішкентай тәрбиеленушілеріне бүкіл әлеммен танысуға мүмкіндік береді.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English