Профтестілеу 2012-2013. 2 кезең

Профтестілеу 2012-2013. 2 кезең Біздің Қорымыздың ұйымдастыруымен жыл сайын 2 рет өткізілетін кәсіптік бағыттау бойынша сынақтаудың екінші кезеңі аяқталды. Тестілеу Алматы қаласында орналасқан жетімдер үйінің 9-шы және 11-ші сыныптарында оқитын тәрбиеленушілеріне жүргізіледі. Ақпан айында өткізілетін кезеңге 70 адам қатысықысы келіп асыға күткен болатын. Солардың ішіндегі балалардың ой-пікірлерімен бөліскіміз келіп отыр.

№ 1 Балалар үйінің түлегі Рахмет Нүркеннің сөздері: «Мен Профориентатор» бағдарламасының сұрақтарына аса зейінмен жауап бердім, екі кезеңнің сұрақтары қайталанбай, керісінше, әр түрлі және қызықты болды, ең бастысы болашақта қандай мамандықты таңдауға дұрыс шешім қабылдауға итермеледі. Профтестілеудің нәтижесі бойынша маған техникалық сала жақынырақ болып шықты, мен бұл қорытындымен 100 пайызға келісемін. Көктемде мектеп бітірген сәтте, алдағы қойылатын мақсатым анықталды: Қалайда болса Алматы энергетика және байланыс институтының «байланысшы» мамандығы бойынша түсуге барша күшімді салатын болам.

Сондай-ақ өз пікірімен Облыстық №1 Балалар үйінен Бекбатырова ндира бөлісті: «Екiншi кезеңде маған логикалық, ғылыми және шығармашылық сұрақтардың көп болғаны ұнады. Тестілеу өткенге қарағанда ұзағырақ болды, сондықтан да сауалнама біраз уақытты керек етті. Менің алған нәтижелерім қонақ үй менеджері мамандығын оқуға кеңес берді, шынымен де бұл шешім өз қалауыма толықтай сәйкес келеді. Енді мен Алматы Мемлекетік Университетке оқуға түссем деп ойлаймын».

Қатысушылардың пікірін тыңдап, шындап көңіл қойып және сауатты ыңғайын тауып, өмiрлiк қалыптасудың ең қиын сұрақтарының бiрлерiне – өз болашақ мамандығын анықтауға қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздік. Өкiнiшке орай, осы өмірде өз-өзін таппай және бұрында жасалған таңдауы мен бос өткізген уақыты туралы өкінген ересек адамды жиi кездестiруге болады.

Сондықтан бұндай жағдайлар болмас үшін, Сәби» Қоры міне төрт жыл бойы компьютерлік тестілеуді Ломоносов атындағы ММУ-дің кәсіптік бағыттау Алматылық филиалында өткізіп, біздің қамқорғымыздағы балаларға өз өміріндегі көздеген мақсатына жетуге барынша ат салысамыз.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English