«Сәбидің» келешекке жолдамасы

«Сәбидің» келешекке жолдамасы «Сәби Қайырымдылық Қоры» коммерциялық емес ұйымының «Білім беру жобасы» бойынша әр жылдың күзінде әдеттегідей ақпараттар жариялаймыз.

Қордың гранттары бойынша 2012-2013 оқу жылында арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ҚР балалар үйлерінің және интернаттардың 33 түлектері тәлім алуда. Алдымыздағы жылдарда оқу мекелемерін бітіріп қолдарына диплом алған балалардың саны 38-ге жетті.

Алматы қаласы және облысының 3 жетімдер үйінің 12 оқушылары 8-айлық репетиторлық орталықта БҰТ-ге дайындайтын курстарға кірісті.

Сонымен қатар, жылдағы өткізетін екі кезеңді кәсіптік бағыттау компьютерлік тестілеу өз жалғасын тапты, бірінші кезең үстіміздегі жылдың қазанында өтті, ал екіншісі келесі жылдың ақпан айында өтеді. Профтестілеу жоғарғы сынып оқушылардың арасында аса қызығушылық танытты, әр кезеңінде жүйелі түрде 70 адамнан кем қатыспайды.

«Сәбидің» грант иеленушілеріне деген шарттары жыл сайын күрделіленіп келеді. Оқу процессі жобаның жетекшісімен қатал бақылауда өтеді. Балалардың оқу үлгерімі мен сабақтан қалмауына ерекше көңіл бөлінеді.

Қамқорымыздағы мекемелердің біздің тәртіпті қабылдап, Қордың жай ғана бәріне «ақша таратпайтынын» түсініп, балаларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, мақсатқа ұмтылуға және ары қарау оң нәтижеге жетуге жақсы бағыт беріп жүр.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English