БҰТ-ке дайындық өз мәресіне жетіп қалды

БҰТ-ке дайындық өз мәресіне жетіп қалды Біздің қамқорымыздағы жетімдер үйлерінің соңғы сыныпта оқып жүрген тәрбиеленушілері бірыңғай ұлттық тестілеуге 8 айлық дайынды курсын Алматы қаласындарғы оқу орталығында осыдан жарты жыл бұрын бастаған болатын. Балаларды оқытудың барлық шығынын «Сәби» Қайырымдылық Қоры өз мойнына алды.

Шыны керек, жаттығу бағдарламасы оларға оңайға түспеді – бірнеше адам жұмыс мөлшерінің көбейгенін көтере алмай тастап кетіп жатты, бүгінгі күнде 12 қатысушылардан тек тоғызы қалды.

Алайда, қалған оқушылар бар ынтасын салып сабақтарға дайындалып, келе жатқан БҰТ-ке әірленуде. Ай сайын өткізіліп тұратын аралық тестілеудің қорытындыларын жүгінетін болсақ, қазіргі таңда балалардың үлгерімі едәуір тәуірлеп қалған. Сонымен, әр қайсысы ЖОО-ның бюджеттік бөліміне түсуге мүмкіндіктерін арттыруда.

Біз өз тарапымыздан, үміт артып отырған жастардың өту баллдарын жинап армандаған мамандықтарын бір қадам жақын болуына шын жүректен тілектеспіз!

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English