Monthly Archives

November 2012

«Сәбидің» келешекке жолдамасы

By | «Білім беру» жобасы

«Сәбидің» келешекке жолдамасы «Сәби Қайырымдылық Қоры» коммерциялық емес ұйымының «Білім беру жобасы» бойынша әр жылдың күзінде әдеттегідей ақпараттар жариялаймыз.

Қордың гранттары бойынша 2012-2013 оқу жылында арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ҚР балалар үйлерінің және интернаттардың 33 түлектері тәлім алуда. Алдымыздағы жылдарда оқу мекелемерін бітіріп қолдарына диплом алған балалардың саны 38-ге жетті.

Алматы қаласы және облысының 3 жетімдер үйінің 12 оқушылары 8-айлық репетиторлық орталықта БҰТ-ге дайындайтын курстарға кірісті.

Сонымен қатар, жылдағы өткізетін екі кезеңді кәсіптік бағыттау компьютерлік тестілеу өз жалғасын тапты, бірінші кезең үстіміздегі жылдың қазанында өтті, ал екіншісі келесі жылдың ақпан айында өтеді. Профтестілеу жоғарғы сынып оқушылардың арасында аса қызығушылық танытты, әр кезеңінде жүйелі түрде 70 адамнан кем қатыспайды.

«Сәбидің» грант иеленушілеріне деген шарттары жыл сайын күрделіленіп келеді. Оқу процессі жобаның жетекшісімен қатал бақылауда өтеді. Балалардың оқу үлгерімі мен сабақтан қалмауына ерекше көңіл бөлінеді.

Қамқорымыздағы мекемелердің біздің тәртіпті қабылдап, Қордың жай ғана бәріне «ақша таратпайтынын» түсініп, балаларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, мақсатқа ұмтылуға және ары қарау оң нәтижеге жетуге жақсы бағыт беріп жүр.

«NOMAD’s WAY» ЛЕУМЕТТІК-М ДЕН ШАРА

By | Без рубрики
CHRISTIE’S АУКЦ ОНДЫ ҮЙІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН БОЛҒАН
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АУКЦ ОН Ж НЕ КӨРМЕ

«NOMAD’s WAY»

«Өз рухын қолға алған адам, қалаларды жаулап алған адамнан мықты болады» деп, кезінде Эрнест Хемингуэй айтып кеткен.

Бізде 2012 жылдың қазақстандық қана емес, қазақстандық-американдық басты оқиғасына айналған шараны жар салып, сүйінші сұрауға талпыныс болған еді. йтенмен де, «Сәби» Қайырымдылық Қорының негізін қалаушы және Президенті болып табылатын сел манғалиқызы Тасмағамбетова алдымен нәтижені көріп болғаннан кейін қорытындылар туралы мәлім етеді.

2012 жылдың 13-ші және 17-ші ақпанның аралығында болған Нью-Йорк қаласында Nomad’s way атты әлеуметтік-мәдени шараның басты идеяны салушысы, ұйымдастырушысы және демеушысы болған «Сәби» Қорының бүгінгі күнде үміті ақталып, абыройы іске асырылды.

Nomad s Way – Көшпендінің жолы
2012 жылдың Олимпиадасында еліміздің толағайларының арқасында бүкіләлемдік ғаламторды «Қазақстан» деген ізденіс сөзі толтырып жіберді. Батыс елдерінде бідің елімізді қыр-сырынан білмей, тек алып көлемді, пайдалы қазбаларға толы территория ретінде ғана таниды. Алайда осы айтылған байлықтар мен табиғатымызда басқа бізде мақтануға тұрарлық жайттармен әлемді таңғалдыруға шамамыз бар екені анық. Біздің ел бірегей. Егемендімізді алғанымызға 20 жыл толса да, ата-бабамымыздың өнері ғасырдан ғасырға сақталып қазіргі кезге де жетті. Ұлттық этностың жан-жақтарын шет ел азаматтарын айтпай ақ, әрбір қазақстандық да біле бермейді.

«Сәби» Қоры өз алдына Қазақстанның тарихи құндылықтарын және өзгешелігін бүкіл әлемге паш етуді мақсат қылып қойып, әр түрлі елдер мен ұлттар араласқанын Шығыс пен Батыстың шоғырланған аумағын еліміздің үлгісі ретінде көрсетті.

Осындай мақсаттарды орындау бағытында екі кезеңнен тұратын Nomad s Way жобасы ойластырылды: байырғы қазақтың зергерлік бұйымдарын Кристис аукцион үйіндегі көрмеден және Нью-Йорк көпшілік кітапханасының ғимаратында өткізілген қайырымдылық аукционынан тұратын шара ұйымдастырылды. « лемнің кіндігі» аталған Нью-Йоркте осындай идеяларды іске асыру үлкен мүмкіндіктер болғаннан кейін, дәл осы қала таңдалды.

Көшпенділердің зергерлік бұйымдарын манғали Тасмағамбетов кезінде жинақтап, мемлекеттік мұражайға өткізкен болатын, қазіргі күнде олар өз орнын тауып, енді бұл экспонаттар алғашқы рет шет елде шығарылды. Бұл көрме америкалық жұртына нағыз жаңалық болды. Мыңдаған әуесқой және кәсіпқойлардан тұратын көрермендер Орталық Азияның мәдениетін өздері үшін таңғаларлықтай ашты. Батыстың үлгісінде біздің елімізде заңғар ғимараттар мен көне жазулар сақталмаған, бірақ та қолданбалы өнерде ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүріп жоғары жетістіктерге жетіп, бүгінгі күнде байырғы туындылар көздін жауын алады. Қыз-келіншектерге арналған зергерлік бұйымдардың ою-орнегі қиын технологиялармен ойылып, әдемі жасалып киімдерінің әшекелейтін. Зергерлердің жұмыстары жылдар бойы сақталып, көнелігінің арқасында ғана бағаланбай, әр символиканың түрлі мағынасын айқындап өзгеше туынды ретінде саналады.
Антикварлық бұйымдардың шеберлігіне тәнті болған бүкіл әлемге әйгілі Avakian, de Grisogono, Jacob & Co, Chopard, Chatila зергерлік үйлері «Сәби» Қорына арнап қазақтың ұлттық әшейкелеріне ұқсатып ерекше бұйымдар жасады. Қазіргі замандағы әйгілі зергерлік өнердің нағыз шеберлері байырғы заманның нұсқаларын, археологиялық олжаларға, жартасқа салынған суреттердің мәтіні ұлы халықтың тарихи байлығын суреттеп, өздерінің танымал қолының шеберлігін қосты.

Осы айтылған әшекейлер лот ретінде қайырымдылық аукционда сатылымға берілген болатын, бұл оқиғаны шет ел Бұқаралық ақпарат құралдары «таңғаларлық оқиға» және «Қазақстанның басқа көзбен ашылуы» деп әлемге жария салды. Нью-Йорк қаласындағы NYPL ғимаратының фасады еліміздің туының көк және сары түсімен жарықтандырылған болатын және жиналған жұрт бүкіл кеш бойы қазақтың оюларына шын көңілмен тамсанды. Шараның қонақтары болып белгілі бизнесмендер және саясаткерлер, әлемдік деңгейдегі әртістер, жүргізушілер және зайырлы адамдар жиналды. Олардың ішінде Кит Рубинштейн и Майк Зои, горь Крутой и Николай Басков, Мишель Родригез, Сомерс Фаркас және тағы басқа танымал кісілер болды. Концерттік бағдарламада әйгілі Робин Тик, Крейг Дэвид және Рокель Кастро қатысты. Кешті жетекшісі ретінде күллі әлем танитын жұлдыз, Оскар сыйына үш рет номинацияланған атақты актриса Сигурни Уивер басқарып жүрді. Іс-шараны Бірғаным Айтимованың басшылығындағы Нью-Йорктағы БҰҰ-ның аясында Қазақстан Республикасының тұрақты өкімдігінің қоладуымен өтті. Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған мәдени шара еліміздің 20-жылдық мерейтойына орайластырған.

Аукционның қатысушылары өз тарапынан өте жоғары филантроптық белсендік көрсетті. Олар тек зергерлік әшекейлерге ғана қызығушылық көрсетпей, сонымен қатар атағы шет елге шыққан отандық шеберлердің туындаларын сатып алуға ат салысты. Бәссаудаға қосқан жұмыстар ең бастысы ежелгі көшпенді халықтың рухын көрсетіп, өздерінің күрделі техникасымен және әсемдігімен назар аудартты. Аукционның нәтижесінде шамамен 1 млн. АҚШ долларға жуық ақша жиналды. Барлық қаражат «Сәби» Қорының қайырымыдылық жобаларын іске асыруға жіберілді. Олардың ішінде « лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы ерекше орын алғандықтан аукционның негізгі бенефициары ретінде осы жоба ескерілді.

« лем» Бағдарламасы еліміздің алшақ аудандарында тұратын дарынды да қабілетті балаларды қолдап, олардың интеллектуалды және шығармашылық табыстарын дамыту үшін экономикалық және ұйымдастырушылық алғышарттарын жасау үшін бағытталған. Ол жастар мен балғындардың қай жерде болса да қол ұшын тигізіп дарынын ары қарай арттыруға көмек береді.

Өйткені нағыз талант, өркениетті елден алшақ екенмін деп өзінің қабілетін көміп тастамау керек. Біздің бағдарламамыздың аясында әр жеткіншек еліміздің кез келген бұрышынан Қордың мекен-жайына немесе арнайы жасалған ғаламтор-ресурсына www.alemsaby.kz өз түйіндемесін жібере алады. р өтініш аса зейінмен қарастырылады. Үміткерлің мүмкіндіктерін мәдени, өнер, ғылым, техника, спорт және тағы басқа әр түрлі саладағы сарапшылармен сынайы. Жоғары деңгейдегі профессионалдардың пікірі болашағынан зор үміт күттіретін таланттарды таңдап кейіннен оларға жан-жақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бірегей қабілеті барларға «Сәби» Қоры арнайы оқу орындарында гранттар бөледі, конкурстарға, сайыстарға, олимпиадаларға және көрмелерге қатысуға, сонымен қатар компаниялар мен кәсіпорындарда машықтану өткізуге мүмкіндік береді.

Nomad’s Way шарасын өткізгеннен кейін Қорға 500-ден астам өтінімдер келіп түсті. Күрделі іріктеу жұмысынан кейін 27 адам грантқа қол жеткізді. Жұмыс әлі жалғасуда, әлі талантты да батыл үіткерлер саны ұлғая түсуде. Олар өзінің жұлдызды сәтін күтуде, ал біл болсақ сол кезге жеткізуге бар септігімізді тигіземіз. Жас мемлекетіміздің болшағаны деген көзқарасымыз тек жақсылыққа жорып, нағыз азаматтарды тәрбиелеуге жан-жақты ат салысатын боламыз.

Тарих

«Сәби» Қоры қайырымдылық аукциондарын өткізу практикасын 2008 жылдан бастады. Сол жылдың қазан айында Лондон қаласында әйгілі бәссауда өткізетін Christie’s үйінің қолдауымен қазақстандық шеберлердің туындыларының көрмесі мен аукционы өткен болатын. Бұл оқиға Қор үшін ғана маңызын тигізіп қана қоймай, бүкіл Қазақстанға да өз септігін тигізді, өйткені көрермендерді еліміздің салт-дәстүрлерімен таныстырдық. Шараның қонақтары лоттарға аса қызығушылық танытып 1 000 000 АҚШ доллар шамасында қаражат жиналды.

Барлық қаражат мүгедектер арбасымен мінетін арнайы гидравликалық көтергіштермен жабдықталған көліктерді сатып алуға жұмсалып, Қазақстанның қалаларындағы мүгедектер қоғамдарының аясында ақысыз көліктік « нватакси» қызметін ұйымдастыру үшін сый ретінде тартылды. «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты жоба қазіргі уақытқа дейін өз жұмысын сәтті жалғастыруда. Бүгінгі күнде еліміздің 16 қалаларына 52 автокөлік тапсырылды, енді сол аймақтарда « нватакси» күнделікті жұмысын атқаруда.

2012 жылдың ақпанында Нью-Йоркте өткен қайырымдылық аукцион «Сәби» тарихында екінші рет өткізіліп отыр. Ол Қордың шет елмен жоспарлы да епті жұмыс істеу саясатын нығайта түсті. Шараның сәтті өткені біздің алда қойған мақсатымыздға нық сенімді арттырып ары қарай бағытымызды жалғастыруға түрткі болды.

. Тасмағамбетовтың «Орталық-Азия зергер шеберлерінің бұйымдары»
атты кітабының ақапараттары қолданылды, DIDAR, Алматы, 1997

Фотосуреттер мында

«Әлемдіктердің» картотекасына назар аударыңыздар!

By | «Әлем» бағдарламасы

« лемдіктердің» картотекасына назар аударыңыздар!Екі жыл бұрын« лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасынбастаған сәтте бізwww.alemsaby.kzсайтында «әлемдіктердің» жеке мәліметтерін көрсететінкартотеканыда қосқан болатынбыз. Бұл жерде ең үздік деген қатысушылардың түйіндемелерін табуға болады.

« лем» базасықабілетті жастар мен олардың жетістіктеріне қызығушылық танытқан потенциалды жұмыс берушілер, продюссерлер және инвесторлармен ақпарат алмасу және қарым-қатынасты оңалтатын интерактивті кеңістік болып табылады. Портал 5 бөлімнен тұрады:«Үлкен сахна», «Бейнені түсіру», «Жас мамандар», «Талапты ақылдар» және «Дене шынықтыру», осылардың ішінде өтініш берушілердің жеке парақтарында өздерінің дарындарын, икемдіктерін, тәжірибелерін және де басқа да мәліметтерін жариялауға мүмкіндігі бар.
 
Біздің мекен-жайға келіп түскен барлық өтінімдердің арасынан тек 10 % жуық түйіндемелер « лем» Бағдарламасының сарапшыларынан оң пікір алып сайтта орналастырылады. Кейбір жағдайларда “Сәби” Қорының грантына ілінбеген үміткерлердің анкеталары да тізімге қосылуы мүмкін, бірақ та олардың қабілеттері біздің ойымызша жоғары бағалануы тиіс болғандықтан көпшілік назарына ұсынып отырмыз.



Осындай электронды картотека екі жақтың коммуникативті байланысын дұрыстауға көп септігін тигізеді деп үміттенеміз.

Ата-ананың бақыты – бала-шағаның денсаулығы

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

Ата-ананың бақыты – бала-шағаның денсаулығыКүнделікті күйбең-тіршіліктің артында жүрген көпшілік дүйсенбі күні жұмыс аптасын бастамай жатып, жұма күннің кеш батқанын байқамай қалады. Өмір-өзен демекші, оның ағынына ілесеміз деп, біз айналамызда болып жатқан қарапайым болса да, кәдімгі таңғажайып жайттарды көзден таса қылып жатамыз. 


Осындай бір, қарқынды күндердің бірінде, лық толы автобустың ішінде екпінді жасқа келген әйел адамның алдында кішкентай сүйкімді қыз отырды. Оның тәтті тілі мен жарқын күлкісі көліктің ішін нұрландырып жіберіп және әр жолаушы сондай ақылды да тапқыр баланы көріп ішкі дүниелері босап кетті. Қыздың жүзі таныс болғандай болды.  рине, бұндай күлімсіреген ажарды ұмытуға болмасқа! Есімі де еске түсті – Ділнәз, атына заты сай. Осыдан бірнеше күн бұрын «Сәби» Қайырымдылық Қорының «Балаларға өмір сыйла» атты шара бойынша серіктестігі болып табылатын Мейірбандық Ерікті Қоғамының сайтында (www.detdom.kz) ол туралы, оның әке-шешесі жайында және олардың жанұяларында жалғыз перзентінің ауыр науқаспен күрескені жайлы жазылған болатын. Ең бастысы филантроптардан жиналған қаражаттар шоғырланған арнайы шоттан бөлінген ақшаға бірнеше опреация жасалып, аурудан мүлдем айығып кеткені айтылды. Қазіргі таңда Ділнәз өзін жақсы сезініп, ата-анасының нғыз мақтанышына айналды, барлық қайғы-қасірет мәңгі артта қалып қорнышты түстен оянғандай секілді болды. 
 
Бес жыл бұрын «Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті  сел Тасмағамбетовамен Мейірбандық Ерікті Қоғамының директоры Аружан Саин СМС арқылы қайырымдылық қаражатты жинайтын қомақты жобаны іске асырған кезде көз алдарына дәл осындай көріністі елестеді: дені сау балалардың ортасында бақытты ата-аналар. 



Бүгінгі күнде қымбатты достар, сіздердің аударылған ақшаларыңыздың арқасында 436 опреацияның ақысы төленіп, барлығы 375 балаларға көмек көрсетілді. Жалпы жиналған сома 2 568 842 АҚШ долларын құрады. Осылай сәл ғана кідіріп, айналамыздағы ортаны ойлап, аз-маз жәрдем жасасақ, таңғажайып жағдайлар күнделікті өмірде көбейе түседі. 



Осындай жарқын күндерді ұлғайту үшін әрбір адам ACTIV, KCELL және BEELINE абоненттері 9099 қысқа нөміріне «1» санын немесе өз тілегін және 280 теңге мөлшерінде соманы жөнелте алады. Бұл қаражат телефонның есеп шотынан бейтаныс бір адамның сүйкімді перзентін оңалып кетуіне жұмсалады.

Дарындылар үшін «Әлем» Бағдарламасы ашық

By | «Әлем» бағдарламасы

Дарындылар үшін « лем» Бағдарламасы ашық « лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасының жаңа қатысушысы – Рудный қаласының тұрғыны Азамат Мәлішов «әнші әлемдіктердің» қатарын толтырды.



Екі жыл бұрын Азамат Қостанай мемлекеттік университетін бітіре сала, айналадағылар үшін тосын, бірақ өзі үшін аяулы және тағдыршешті таңдау жасады: ол Алматыдағы Консерваторияға вокалды бөлімге түсуге, сосын кейіннен әнші болуға шешім қабылдады. Алдымен даярлау курстарын өтіп жүрген кезде оның талпынысы одан ары нығая түсе, кіріс емтиханда 85 ұпай жинаған кезде бюджеттік бөлімге ілініп кетуіне сенім арта бастады. Алайда 2011 жылы күшіне енген оқу туралы заң бойынша жоғары білімі бар студенттерге мемлекеттік гранттын бөлінбейді деген шарттары арманға қол жеткізуге үмітін үзе жаздады. Мәлішовтер жанұясының қаржылай жағдайы 4000 АҚШ доллар шамасында оқу ақысын төлеуге мұрша бермеді.

 
Дана халық айтады ғой: «Алдыңда бір есік жабылса, әрқашанда екіншісі жол ашады». Ең бастысы – сол керекті есікті табу қажет. Қайтпас қайсар бозбала дәл солай істеді, осындай қиын жағдайда бола тура ол «Сәби» Қайырымдылық Қорына көмек сұрап келді. « лем» Бағдарламасының сарапшысы, әйгілі музыкант, композитор және продюссер Ринат Гайсин жас жігітті алдымен тыңдап алып, оның қабілетін бағалап, оны қолдау көрсетуге тұрарлық жас дарын ретінде ұсынды. 



Барлық күйзеліс пен стресті күйдегі жағдай артта қалдырып, Азамат бүгінгі күнде Құрмағазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваторияда «Сәби» Қорының гранты арқылы тәлім алуда, енді ол өмірде таңғажайып жағдайлардың болуына кәміл сеніп болашақта өзін атақты әнші ретінде елестетуде.

Профтестілеу 2012-2013. 1 кезең

By | «Білім беру» жобасы

Профтестілеу 2012-2013. 1 кезең Жақында кәсіптік бағыттау бойынша тестілеудің бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл шара «Сәби» Қайырымдылық Қорымен Алматы қаласының балалар үйлерінің 9-шы және 11-ші сынып түлектеріне арналып жылына екі рет ұйымдастырылады. Үстіміздегі жылда қатысушылар саны 72-ге жетті.

Мектептің соңғы қоңырауы жақындай түсе болашақта қандай кәсіппен айналысуды талқылап балалар бүгінгі күндерде терең ойға батуда. Олардың көбісі ең бастысы жақсы жалақы төлейтін жұмысты ойлап өз таңдауларын асығыс түрде шешімге келіп, кейіннен оқу барысында жасаған талдауына күдіктеніп, ал дипломды алған сәтте жұмысқан енді орналаса алмай сары уайымға түсуі мүмкін.

Мәскеу қаласындағы Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінде жасалған «Профориентатор» компьютерлік бағдарламасы – өз қабілеті мен психологиясына сай кәсіпті таңдау бойынша көмек және сонымен қатар оқу орындарына түсу барысыныда болатын жағдайларда кеңестер және әр-түрлі ұсыныстар береді. Біздің қамқорымыздағы балалар қазіргі кезде бұны жақсы түсінуде: интеренет-оқу орталығының мамандары да оқушылардың бұрынғы жылдарынан қарағанда осы шара немқұрайлықпен қарамай, барлық ынтасын салып, болашақтағы жолын ашуға барлық жағынан ат салысты.

Біз өз тарапымыздан әр баланың осы қадамнан кейін қабілеттерін дамытып, ары қарай нағыз азамат атануына зор үміт күтеміз.

Русский

Қазақ тілі

English