«Әлемдіктердің» картотекасына назар аударыңыздар!

« лемдіктердің» картотекасына назар аударыңыздар!Екі жыл бұрын« лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасынбастаған сәтте бізwww.alemsaby.kzсайтында «әлемдіктердің» жеке мәліметтерін көрсететінкартотеканыда қосқан болатынбыз. Бұл жерде ең үздік деген қатысушылардың түйіндемелерін табуға болады.

« лем» базасықабілетті жастар мен олардың жетістіктеріне қызығушылық танытқан потенциалды жұмыс берушілер, продюссерлер және инвесторлармен ақпарат алмасу және қарым-қатынасты оңалтатын интерактивті кеңістік болып табылады. Портал 5 бөлімнен тұрады:«Үлкен сахна», «Бейнені түсіру», «Жас мамандар», «Талапты ақылдар» және «Дене шынықтыру», осылардың ішінде өтініш берушілердің жеке парақтарында өздерінің дарындарын, икемдіктерін, тәжірибелерін және де басқа да мәліметтерін жариялауға мүмкіндігі бар.
 
Біздің мекен-жайға келіп түскен барлық өтінімдердің арасынан тек 10 % жуық түйіндемелер « лем» Бағдарламасының сарапшыларынан оң пікір алып сайтта орналастырылады. Кейбір жағдайларда “Сәби” Қорының грантына ілінбеген үміткерлердің анкеталары да тізімге қосылуы мүмкін, бірақ та олардың қабілеттері біздің ойымызша жоғары бағалануы тиіс болғандықтан көпшілік назарына ұсынып отырмыз.



Осындай электронды картотека екі жақтың коммуникативті байланысын дұрыстауға көп септігін тигізеді деп үміттенеміз.
Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English