Дарындылар үшін «Әлем» Бағдарламасы ашық

Дарындылар үшін « лем» Бағдарламасы ашық « лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасының жаңа қатысушысы – Рудный қаласының тұрғыны Азамат Мәлішов «әнші әлемдіктердің» қатарын толтырды.



Екі жыл бұрын Азамат Қостанай мемлекеттік университетін бітіре сала, айналадағылар үшін тосын, бірақ өзі үшін аяулы және тағдыршешті таңдау жасады: ол Алматыдағы Консерваторияға вокалды бөлімге түсуге, сосын кейіннен әнші болуға шешім қабылдады. Алдымен даярлау курстарын өтіп жүрген кезде оның талпынысы одан ары нығая түсе, кіріс емтиханда 85 ұпай жинаған кезде бюджеттік бөлімге ілініп кетуіне сенім арта бастады. Алайда 2011 жылы күшіне енген оқу туралы заң бойынша жоғары білімі бар студенттерге мемлекеттік гранттын бөлінбейді деген шарттары арманға қол жеткізуге үмітін үзе жаздады. Мәлішовтер жанұясының қаржылай жағдайы 4000 АҚШ доллар шамасында оқу ақысын төлеуге мұрша бермеді.

 
Дана халық айтады ғой: «Алдыңда бір есік жабылса, әрқашанда екіншісі жол ашады». Ең бастысы – сол керекті есікті табу қажет. Қайтпас қайсар бозбала дәл солай істеді, осындай қиын жағдайда бола тура ол «Сәби» Қайырымдылық Қорына көмек сұрап келді. « лем» Бағдарламасының сарапшысы, әйгілі музыкант, композитор және продюссер Ринат Гайсин жас жігітті алдымен тыңдап алып, оның қабілетін бағалап, оны қолдау көрсетуге тұрарлық жас дарын ретінде ұсынды. 



Барлық күйзеліс пен стресті күйдегі жағдай артта қалдырып, Азамат бүгінгі күнде Құрмағазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваторияда «Сәби» Қорының гранты арқылы тәлім алуда, енді ол өмірде таңғажайып жағдайлардың болуына кәміл сеніп болашақта өзін атақты әнші ретінде елестетуде.
Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English