Monthly Archives

July 2016

«Сәби» Қорының Спорт жобасы қайтадан Ақтөбеде

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Былтырғы жылы Ақтөбе қаласында біздің Қор екі спорт жобасын қолданысқа берді: Ақтөбе облысындағы жастар үйінде көпфункционалды спорт алаңы мен Ақтөбенің №7 арнайы коррекциялық мектебінде балаларға арналған ойын алаңы. Бұл нысандар осы мекемелердің
тәрбиеленушілеріне ғана емес көршілес орналасқан басқа да әлеуметтік
ұйымдарына және де жақын жерде тұрып жатқан басқа да балалар үшін нағыз
сыйлық болды.

Сондықтан Ақтөбе облысындағы есту қабілеті бұзылған арнайы (коррекциялық) мектеп-интернат-колледжінің бастықтарының жолдауы күтпеген жағдай емес. Жолдаухатта олар өздерінің
тәрбиеленушілері ойнау үшін басқа мектептерге жүгірмеу үшін дәл сондай
ойын алаңын салып беруді сұрады.

«Сәби» Қоры бұл өтінішке жоқ дей алмады. Жақында алтыбақанмен, әткеншектермен, екі
жаққа тербелетін әткеншектермен, төбешіктер және өрмелгіштермен
жабдықталған тағы бір ойын алаңы Ақтөбеде пайда болады.

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. Кезеңдер

By | Алматы қ. 1200 орынға арналға

Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. КезеңдерАлматы қаласының Наурызбай ауданының Ақжар ауылындағы 1200 орынды орта мектептің құрылыс жұмыстары жалғасуда.

1,
6, 7, 8, 9 блокта жабын тақтасына арматура салынып нығайтылып жатыр
және +9,8 м. +12,4 м. белгісінде қалып тұрғызылып жатыр. 2, 3 блоктағы
беларқаларға +3,2 м. белгісінде бетон құйылып жатыр. Ал 4, 5 блокта
сыртқы қабырғалары қаланып әрлеу жұмыстары басталды. 10 блокта бетон құю
жұмыстары 0 циклінде жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар жылу
жүйесі, су құбырын жүргізу жұмыстары, ауа тазартқыш және жер астындағы
құбырлар жүйесін жүргізу жұмыстары да басталды.

Құрылыс барысын мына жерден көруге болады.

«Жасөспірімдер» жобасы – жүз пайызды нәтиже

By | Жасөспірімдер жобасы

«Жасөспірімдер» жобасы – жүз пайызды нәтиже
«Сәби» Қайырымдылық Қорының бес жыл бұрын сынамалы ретінде іске қосылған «Жасөспірімдер» жобасы өзінің нәтижелерін жариялауда.

Жетімдерге мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін тұрғын үйге бір себептермен Алматы қаласының балалар үйлерінің түлектері іріктеуден өтпесе де, үйсіз-күйсіз қалмады, өйкені «Сәби» Қорының қолдауымен жеңілдік шарттарға қол жеткізіп өз пәтерлеріне ие болуға
мүмкіндік алды. Жобамыздың шарттары әр тараптан қарағанда өте қолайлы.
Қатысушыларға ең бастысы өздерінің жоғарғы білімі бар екендігі көрсету
және еңбек өтілі бір жылдан кем болмау керек, жұмыс орнынан және тұрып
жатқан әлеуметтік мекемеден жақсы мінездеме де қажет.

Сосын Қор Қазақстанның Тұрғын-үй жинақтама банкі арқылы Алматыдағы пәтердің 50% шамасында бастапқы жарнасын төледі, ал
банктің беген қалған сомасын қатысушылар 5,6% пайызбен төлейді.

Сөйтіп «Жасөспірімдер» жобасының барлық қатысушылары өз пәтерлерін алды. Көбісі пәтерлеріне кіріп қонысын тойлап үлгерді, қалғаны аңсаған пәтерлерінің кілтін күтуде.

«Сәби» Қорының Президенті «САУАП» медалімен марапатталды

By | Жаңалықтар

«Сәби» Қорының Президенті «САУАП» медалімен марапатталды
2016 жылдың мамыр айындар «АСАР» Оңтүстік-Қазақстан мүгедектер
қоғамының бірлестігімен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қомақты көмек пен
қолдау көрсеткен қайырымдылық қорларына, дәрігерлерге, әкімдерге,
депутаттарға, мекеме басшыларына жеке адамдарға марапаттау үшін «САУАП» медалі тағайындалды.

«Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті Тасмағамбетова сел манғалиқызы ерекше мұқтаж адамдардың өмір-салтын жақсартуға ат салысқаны үшін
аталған медальдің бірінші лауреаты болып, № 000001 наградалық куәлікке
ие болды.

Анықтама үшін: «Сәби» Қоры өзінің «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты жобасының аясында 62 Volkswagen таңбасының « нватакси» арнайы
автокөліктерін сатып алып, Қазақстанның 20 қаласында орналасқан
мүгедектер қоғамдарына таратқан, соның ішінде АСАР» Оңтүстік-Қазақстан
мүгедектер қоғамына 2 автомашина сыйға берген.

Сәбилер аман болсын

By | Медициналық жоба

Сәбилер аман болсын Күйінішті факт-: тұрғылықты халыққа білікті көмек көрсету үшін өмірлік маңызы бар медициналық қондырғыларды қажет ететін емдеу мекемелері бізде әлі де бар.

Солардың қатарында жыл сайын облыстың жеті ауданынан 200 мыңдай науқас қабылдайтын №02 Ақмола облыстық ауруханасы да бар.
Бұл мекеме шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, перзентханадағы жаңа туылған нәрестелер мен балаларға жәрдем көрсетеді. Алайда, жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінбей, аурухананың материалды-техникалық жабдықтары толықтырылмай отыр.

«Саби» Қоры аурухана басшылығының өтінішін жерге қалдырмады. Қажетті келіссөздер мен кеңес берулерден кейін, біздің жетекшілігімізбен 3D/4D мүмкіндігі және түрлі-түсті доплер әсері бар МС-7 Mindray премиум класстық диагностиканың ультрадыбыстық стационарлық жүйесі сонымен қатар науқасқа өкпесіндегі ауаны жаңарту процесінде ұсынылатын газдың жылынуы мен ылғалдануына арналған 2 тыныс алу қоспаларын ылғалдандырғыш алынды.

Аталмыш қондырғылар алдағы екі айда мекеменің перзентхана бөліміне орнатылады деп күтілуде.

Русский

Қазақ тілі

English