Сәбилер аман болсын

Сәбилер аман болсын Күйінішті факт-: тұрғылықты халыққа білікті көмек көрсету үшін өмірлік маңызы бар медициналық қондырғыларды қажет ететін емдеу мекемелері бізде әлі де бар.

Солардың қатарында жыл сайын облыстың жеті ауданынан 200 мыңдай науқас қабылдайтын №02 Ақмола облыстық ауруханасы да бар.
Бұл мекеме шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, перзентханадағы жаңа туылған нәрестелер мен балаларға жәрдем көрсетеді. Алайда, жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінбей, аурухананың материалды-техникалық жабдықтары толықтырылмай отыр.

«Саби» Қоры аурухана басшылығының өтінішін жерге қалдырмады. Қажетті келіссөздер мен кеңес берулерден кейін, біздің жетекшілігімізбен 3D/4D мүмкіндігі және түрлі-түсті доплер әсері бар МС-7 Mindray премиум класстық диагностиканың ультрадыбыстық стационарлық жүйесі сонымен қатар науқасқа өкпесіндегі ауаны жаңарту процесінде ұсынылатын газдың жылынуы мен ылғалдануына арналған 2 тыныс алу қоспаларын ылғалдандырғыш алынды.

Аталмыш қондырғылар алдағы екі айда мекеменің перзентхана бөліміне орнатылады деп күтілуде.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English