«Сәби» Қорының Спорт жобасы қайтадан Ақтөбеде

Былтырғы жылы Ақтөбе қаласында біздің Қор екі спорт жобасын қолданысқа берді: Ақтөбе облысындағы жастар үйінде көпфункционалды спорт алаңы мен Ақтөбенің №7 арнайы коррекциялық мектебінде балаларға арналған ойын алаңы. Бұл нысандар осы мекемелердің
тәрбиеленушілеріне ғана емес көршілес орналасқан басқа да әлеуметтік
ұйымдарына және де жақын жерде тұрып жатқан басқа да балалар үшін нағыз
сыйлық болды.

Сондықтан Ақтөбе облысындағы есту қабілеті бұзылған арнайы (коррекциялық) мектеп-интернат-колледжінің бастықтарының жолдауы күтпеген жағдай емес. Жолдаухатта олар өздерінің
тәрбиеленушілері ойнау үшін басқа мектептерге жүгірмеу үшін дәл сондай
ойын алаңын салып беруді сұрады.

«Сәби» Қоры бұл өтінішке жоқ дей алмады. Жақында алтыбақанмен, әткеншектермен, екі
жаққа тербелетін әткеншектермен, төбешіктер және өрмелгіштермен
жабдықталған тағы бір ойын алаңы Ақтөбеде пайда болады.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English