«Жасөспірімдер» жобасы – жүз пайызды нәтиже

«Жасөспірімдер» жобасы – жүз пайызды нәтиже
«Сәби» Қайырымдылық Қорының бес жыл бұрын сынамалы ретінде іске қосылған «Жасөспірімдер» жобасы өзінің нәтижелерін жариялауда.

Жетімдерге мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін тұрғын үйге бір себептермен Алматы қаласының балалар үйлерінің түлектері іріктеуден өтпесе де, үйсіз-күйсіз қалмады, өйкені «Сәби» Қорының қолдауымен жеңілдік шарттарға қол жеткізіп өз пәтерлеріне ие болуға
мүмкіндік алды. Жобамыздың шарттары әр тараптан қарағанда өте қолайлы.
Қатысушыларға ең бастысы өздерінің жоғарғы білімі бар екендігі көрсету
және еңбек өтілі бір жылдан кем болмау керек, жұмыс орнынан және тұрып
жатқан әлеуметтік мекемеден жақсы мінездеме де қажет.

Сосын Қор Қазақстанның Тұрғын-үй жинақтама банкі арқылы Алматыдағы пәтердің 50% шамасында бастапқы жарнасын төледі, ал
банктің беген қалған сомасын қатысушылар 5,6% пайызбен төлейді.

Сөйтіп «Жасөспірімдер» жобасының барлық қатысушылары өз пәтерлерін алды. Көбісі пәтерлеріне кіріп қонысын тойлап үлгерді, қалғаны аңсаған пәтерлерінің кілтін күтуде.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English