Monthly Archives

December 2010

Жаңа жылыңызбен!

By | Жаңалықтар

Жаңа жылыңызбен! Қымбатты достар!

«Сәби» Қайырымдылық Қоры сізді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды!

Келе жатқан жыл сіз үшін қайырымды істердің кезеңіне айналып, сізге сәттілік, қуаныш, жеңістер әкеліп, сіздің ең сиқырлы арман-тілектеріңізді орындасын.

Сіздің жаныңызда әрдайым адал достар мен сенімді серіктестер болып, ал сіз бен жақындарыңыздың бойынан жайлылық пен жылылық сезімі қайда жүрсе да кетпесін!

Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт және махаббат тілейміз!

Кішкентай пациенттерге арналған жыңа жылдық сыйлықтар

By | Қордан сыйлықтар

Кішкентай пациенттерге арналған жыңа жылдық сыйлықтар Жақында «Шымбұлақ» балалар туберкулезге қарсы санаториінде ертеңгілік болып өтті, онда мейірімді Аяз Ата екі жүз баланың барлығына сыйлықтар ұсынды.

Бұл шара бірнеше алматылық бойжеткен – «Сәби» қорының үлкен достарының ат салысуының арқасында өткізілді, олар бізге әлеуметтік қорғалмаған отбасыларындағы қатты мұқтаждық көріп отырған балаларды келе жатқан жаңа жылдық мейрамдармен құттықтағысы келетіні туралы айтты.

Біз бір сәт те ойланбастан «Шымбұлақ» санаториінің кішкентай пациенттерін таңдадық. Мұнда емделуден кейін оңалып жатқан балалардың басым көпшілігі көп балалы және толық емес отбасыларынан шыққан, олар үшін кез келген, тіпті шағын сыйлықтың өзі үлкен қуаныш және сирек болып тұратын оқиға.

Бойжеткендер Қорға елеулі соманы тапсырды, ол әр балаға арнап жаңа жылдық қағаз қапшыққа салынған конфеттерді ғана емес, әдемі қыстық бас киімдер мен мойын орағыштардың жиынтықтарын да сатып алу үшін жеткілікті болды.

Енді кішкентай пациенттер аяздан қорықпайтын болды, сол үшін біз қайырымдылық жасаушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз !

«Сәби» қайырымдылық қоры 2010 жыл

By | Жыл есеп берулер

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі: атқарылған жұмысқа талдау жүргізудің, жетістіктерін санау және кемшіліктерін қорытындылау уақыты.
Сол сияқты «Сәби» қоры да жаңа жылдық мейрамдар қарсаңында өзінің жыл бойғы қызметін жеке-жеке қадам бойынша талдауда. Ал атқарылған шаруа аз емес: есептік жылы біз қабылданған және бекітілген тұрақты жобалар бойынша өз жұмысымызды жалғастырып, сондай-ақ жаңа бағдарламаларды әзірлеп және соларды жүзеге асыруға кірістік.

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы ұйымымыздың қызметінде негізгі орындардың бірін алады. 2008 жылы басталып және биылғы жылы қызу түрде жалғасқан ол еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын мүмкіндігі шектеулі мыңдаған адамға емін-еркін қозғалуға мүмкіндік берді.
2010 жылы мамандандырылған 17 «инватакси» автокөлігі сатып алынып жеті қаланың мүгедектер қоғамына берілген болатын. Тағы алты автокөлік қазіргі уақытта Германиядағы жасаушы зауытта қайта жабдықтаудан өтуде және, Алматыға келіп түсуіне қарай олар да үлестірілетін болады. Осылайша, жоба бойынша машиналардың жалпы саны 41 бірлікті құрады, оларды 12 аймақ пайдалана бастаған.

Жобаның сәтті сәтті түрде жүзеге асырылуы биылғы жылы біздің арнайы автокөлігіміздің қатысуымен мүгедектерге арнап туристік сапарларды ұйымдастыру жөніндегі 2-айлық акцияны өткізуге мүмкіндік берді. Оңтүстік астанамызда арнайы қозғалыс бағдарлары әзірленіп, солар бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар «инватаксиге» отырып өздерінің өмірінде мүмкін алғаш рет те болар қаладағы әдемі орындарды, сәулеттік ғимараттар мен қаламыздың көрнекі жерлерін көру мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ, тәжірибемен алмасу мақсатында «Сәби» қоры Қазақстанның Мүгедектер ұйымдары одағы төрағасының Жапонияға сапарын қаржыландырды, мұнда ол жоғары дамыған елдегі қоғамдық бірлестіктердің әлеуметтік саладағы жұмыс істеу принциптерімен танысты.

Білім беру жобасы

«Сәби» қоры үшін ерекше маңызды болып келетін білім беру жобасы биылғы жылы жаңа кезеңдермен толықты: қамқорлыққа алынған балалар әлеуметтік мекемелері түлектерінің сәтті түрде бейімделуі үшін оларға арнап жоғары білікті машықтанушы психологпен тұлғаны психологиялық түзету бойынша 7 айлық тренингілер, сондай-ақ қалалық дайындау орталығында БҰТ-ға жартыжылдық даярлау ұйымдастырылды. Барлығы сабақтармен 70 бала қамтылған.

Сонымен қатар дәстүрге айналған кәсіптік бейімделу бойынша екі кезеңдік компьютерлік тестілеу одан әрі жалғасты. Биылғы жылы тестілеуден 100 тыңдаушы өтті.
Сонымен қатар, жоғары және орта оқу мекемелеріне арналған білім беру гранттарына Қазақстанның 4 аймағы бойынша 8 балалар үйі мен интернатының 36 түлегі ие болды.

Спорттық жоба

Қорымыз өзінің шеңберінде балалар әлеуметтік мекемелерінде спорт және ойын алаңшаларын салып жатқан спорттық жоба биылғы жылы үш объектімен толықты.
Сәбиден «Шымбұлақ» балалар туберкулезге қарсы санаториінің пациенттері үлкен ойын алаңшасын сыйға алды: енді көптеген ай бойы ем алып жатқан балалардың таза ауада сырғанақ теуіп, әткеншекке отырып, турниктер мен шеңберлерде ойнап денсаулығын жақсартуға мүмкіндігі туды.

Тура осындай сыйлық Қаскелең қ. мектеп-интернатының кішкентай тәрбиеленушілеріне ұсынылды, ал осы мекеменің жасы ересектеу балалары футбол, волейбол, баскетбол ойнайтын көп салалы спорт алаңшасына ие болды, ал қыс кезінде арнайы жабынның бетінен мұз айдынын жасап мәнерлеп сырғанаумен айналысып және хоккей ойнауға болады.

Айта кететіні, Біздің қорымыз тек қана құрылыспен айналысумен шектелмейді – бізді спорттық нысандардың алдағы уақыттағы тағдыры, олардың жоба шеңберінде арналуы бойынша пайдаланылуы да алаңдатады. Осы мақсатта салынған алаңшаларда тәрбиеленушілердің спорттың әр түрі бойынша жоғары білікті жаттықтырушылармен сабақтары ұйымдастырылған. зірше екі – Алматыдағы №2 және Облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері кәсіпқойлармен жаттықтыру сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болуда. Бұдан арғы уақытта нәтижесі оң болған жағдайда бұл жұмыс өзге мекемелерде де жалғаспақ.

Медициналық жоба

Қордың медициналық жобасы да қызу жұмысымен ерекшеленді.
«Сәби» қоры Алматы қ. №7 қалалық клиникалық ауруханасының НСО-2 нейро-инсульттік бөлімшесін қамқорлыққа алуын одан әрі жалғастыды. Компьютердік сауаттылық курстарында оқыған 12 медбикеге тағы 7-уі қосылды. Сөйтіп, 19 кіші медицина қызметкері Қордың әрекеттерінің арқасында өзінің біліктілігін көтерді.
Оған қоса, бөлімшеге арнап науқастар үшін сондай қажет болып табылатын дененің ойылуына қарсы матрацтарды жасауға арналған арнайы поролондық материал сатылып алынды.

Аса маңызды шараға НСО-2 негізінде Алматыда және тұтастай Қазақстан бойынша жалғыз инсульттік науқастарды оқытуға арналған сыныпты жабдықтау мен жарақтандыру ісі айналды, оның дау тудырмайтын маңыздылығына қаламыздың денсаулық сақтау департаментінің басшылары, сондай-ақ ТМД елдеріндегі әріптестеріміз баға берді.

Қордың медициналық бағыттағы қызметінің тағы бір нысанына Алматы облысындағы Қарақастек ауылының Нәрестелер үйі айналды, оның кішкентай тәрбиеленушілеріне арнап физиокабинетті жабдықтауға арналған терапевтикалық жабдық сатылып алынды.

Арнаулы көмек ұйымымыздың негізгі ісі болып табылмаса да, жыл сайын біз өздерінде көмек қолын беруден бас тарту мүмкін болмайтын шұғыл жағдайларға кез болып отырамыз. Биыл сондай қиын жағдайға біздің елімізде емделмейтін «миастенияның генералданған формасы» деген өте сирек аурумен ауыратын алматылық Ольга деген қыз тап болды. «Сәби» жәрдем көрсетіп пациенттің Мәскеудегі операциясы мен содан кейінгі оңалуының ақысын төлеп берді.

Біздің дарынды жастарымыз – Дарынды жастарға қолдау көрсетуге арналған « лем» бағдарламасы

«Біздің дарынды жастарымыз» жобасы биылғы жылы сапасы тұрғысынан елеулі өзгерістерге ұшырады. Біз өздеріне тиісті көмек көрсетілген жағдайда аса жағымды перспективалары бар және дарынына сәйкес салаларда нағыз биіктіктерге қол жеткізе алатын жас дарынды балалардың елеусіз қалу мәселесіне аса көңіл қоюмен қарадық. Соны түсіне отырып біз жауапты миссияны – шын мәнінде қолдауды қажет ететін балаларға демеу беру миссиясын мойнымызға жүктедік. Осы мақсатта біз

Осы мақсатта біз « лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасын әзірледік, соның шеңберінде кез келген бала не жасөспірім өзі жайлы ақпаратты арнайы құрылған www.alemsaby.kz интернет-порталында жайғастыра алады.. рбір сұрату қабылданып және мұқият қаралады. Үміткердің қабілеттері мен шеберліктеріне өз саласының үздік мамандары баға береді. Шебер мамандардың түйіні шын мәнінде дарынды жастарды анықтауға мүмкіндік береді, олар үшін біз солардың ең жақсы қасиеттерін дамытып және келешекке дұрыс жол сілтеу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаудамыз. Себебі бүгінде жас ұрпақты қолдауға кәсіби күштерімізді жұмсау – біздің ортақ ертеңімізге елеулі үлес қосуға мүмкіндіктердің бірі емес пе!

Жоба небәрі 3 ай ғана жұмыс істеп отырғанына қарамастан, алғашқы нәтижелеріміз де жоқ емес: Қазақстанның қиыр солтүстігінен біз бірегей дауысқа ие өте дарынды жас жігіт Жасұланды тауып алдық, және оның Алматыға келуін ұйымдастырдық. Тыңдау нәтижелері мен Бағдарлама сарапшыларының қорытындылары бойынша жас жігіт «Сәби» қорының Қазақ Ұлттық консерваториясында оқу грантына ие болды. Алайда барлығы мұнымен шектелмейді: Жаңа жылдың қарсаңында Жасұлан Астана кімінің Балына қатысатын болады, мұнда ол астанамыздың үлкен сахнасында өзінің дарынын бүкіл елімізге паш етеді.

Дарынды қазақстандықтарды іздестіру ісінде ілгері жылжумен «Сәби» қоры Қазақ тіліндегі балалар өлеңінің әдеби байқауын жариялады, оның басты наградасына жеңімпаздың ең үздік туындыларының жинағын ірі тиражбен басып шығару ісі айналмақ.

Құрылыстық қызмет

леуметтік маңызы бар нысандарды салу және қайта жөндеу жұмысы Нүсіпбаев ат. Қазақ мектеп-интернатының асхана кешенін жөндеумен жалғасты, мұның тамақтануға және тар форматтағы мерекелік шараларды өткізуге арналған көркем суретпен безендірілген залы Кішкентай Ханзаданың еліне айналды.

Сондай-ақ, «Жанұя» мамандандырылған кешеніндегі балалар бақшасы мен асхана кешенін жөндеу мақсатында қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға арнап ақшалай қаражат бөлінген болатын.

Алайда, сөзсіз түрде, биылғы жылдың ең елеулі оқиғасына Қызылорда қаласындағы Балалар үйіне арнап замануи ғимарат салу туралы шешім айналды. Қазіргі уақытта аталмыш мекеменің 60 жетім-нәрестесі апаттық күйдегі қаңқа-қамыстық ғимаратта тұрып жатыр. Климатының ауырлығы, Арал теңізінің экологиялық апат аймағы, ауыз судың тұрақты түрде тапшылығы және, соның салдарынан жергілікті халықтың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығының төмен деңгейі Қорымызды осы аймаққа ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етуде. Қазіргі кезде құрылыстың үлгілік жобасы әзірленіп қойған, ендігі кезекте – жұмыстық жоба мен сметалық құжаттар тұр. Құрылыстың басталуы келесі жылдың наурыз айына жоспарлануда.

«Балаларға өмір сыйла» SMS – жобасы

Биылғы жылы “Сәби” Қайырымдылық Қоры өзінің осыдан төрт жыл бұрын бастаған бұрын-соңды болмаған “Балаларға өмір сыйла” SMS-акциясы бойынша “Мейірімділік Ерікті Қоғамы” қорымен, сондай-ақ Beeline, K-Mobile және K-Cell компанияларымен әріптестігін одан әрі жалғастыратын болады. Осы уақыт ішінде SMS – хабарламалар арқылы біздің отандастарымыз 1 500 000 АҚШ долларынан артық қаржы аударып және елімізде емделмейтін аурулармен ауыратын жуықтап алғанда 300 қазақстандық бала шетел клиникаларына барып емделу мүмкіндігіне ие болды.

Қайырымды істер

Негізгі жұмыстан басқа, бекітілген жобалар шеңберінде сондай бір ауқымды болмаса да, маңыздылығы бойынша кем түспейтін және қажетті игі істер жүргізілді.
«Сәби» Алматы облысының Қызылағаш ауылының табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарын да елеусіз қалдырмады. Біз су басудан зардап шеккендерге арнап ашылған Қорға ақшалай жарна салып қана қоймай, сонымен қатар барлық қазақстандықтарға жәрдем беру туралы шақыртуды жедел түрде жазып және сол роликті республикалық арналар бойынша көрсеттік.

Өзіне қорымыздың көп жылдан бері қамқорлық көрсетіп келе жатқан БЦС себебіне орай мүгедектікке ие Никита да назардан тыс қалып отырған жоқ. деттегідей, әжесі екеуіне бірнеше айдың азық-түлік қоры мен қажетті шығындарға арнап аздаған ақшалай сома берілді.

Қарақастектегі Нәрестелер үйі Қордан АҚШ-та жасалған өнеркәсіптік кір жуғыш машина мен өнеркәсіптік ет тартқышты алды. Сондай-ақ «Сәби»-дің достары мекеменің есебіне кішкентайларға жиһаз сатып алуға арнап 800 000 теңге көлемінде ақшалай сома аударды.

Бегалин ат. Балалар мемлекеттік кітапханасына біз таралымы 600 дананы құрайтын «Мен және кітап – объективте» тақырыбына арналған бүкіл Қазақстан бойынша жас оқырмандардың фотоеңбектерінің жинағын жариялауға көмектестік. Сондай-ақ, кітапханаға келетін алматылық балаларға арнап ұлттық костюмдер түрінде сыйлық жасалды, ол костюмдер театр қойылымдары үшін таптырмайтын зат.

Алматыдағы № 2 балалар үйі сыйға ойылып безендірілген павильон-күркені алды, мұнда балалар көңілді жазғы кештерін бірге өткізе алатын болады.
Ризашылдық күніне қарсы № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Қор көптеген сыйлықтар тапсырды: балалар мен қыздарға арналған спорттық киім, сөмкелер, портфельдер, ойыншықтар.

«Шымбұлақ» балалар туберкулезге қарсы санаториінің кішкентай пациенттері Жаңа жылға сыйлықтар алды: дәстүрлі қағаз қапшыққа салынған конфеттер және қыстық аксессуарлардың керемет жиынтықтары (бас киімдер, мойын орағыштар, қолғаптар).

Біздің наградалар

«Сәби» Қорының сан-салалы қызметіне бізге биылғы жылы ұсынылған наградалар арқылы лайықты баға берілгені қуантады: «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасымен « леуметтік маңызы бар аурулармен күреске қосқан үлесі үшін» номинациясында Алматы қаласы кімдігінің Жыл сайынғы «Асыл Алма» Сыйлығы, Қазақстанның барлық аймақтарында « нватакси» қызметін дамытқаны үшін «Қол жетімді көлік» номинациясында Қазақстан Мүгедектер конфедерациясының Жыл сайынғы қоғамдық «ЖанШуақ» сыйлығы, сондай-ақ, ерекше маңызды және елеулі сыйлық – қоғамның осал топтарын қолдау ісіндегі азаматтық жауапкершілігі үшін Астана әкімінің сыйлығы. Бұл наградалар – ұйымымыздың ұстанып отырған корпоративтік саясаты мен таңдаған жұмыс бағыттарының дұрыс екендігінің белгісі.

Осылайша, «Сәби» Қорының қайырымдылық көрсетушілерден демеушілік көмек ретінде алған қаражаттар Қордың концепциясы мен Жарғысына сәйкес түгелдей арналуы бойынша жұмсалды. Оқиғалар жайлы толық ақпаратты www.old.saby.kz сайтынан оқуға болады, ол биылғы жылы алғаш рет сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде «сөйлей бастады».

Қордың жұмысына жоғары баға беру – «Сәби» қорының ұстанып отырған саясатының дұрыс екендігінің көрсеткіші

By | Біздің марапаттарымыз

Қордың жұмысына жоғары баға беру - «Сәби» қорының ұстанып отырған саясатының дұрыс екендігінің көрсеткіші Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі: атқарылған жұмысқа талдау жүргізудің, жетістіктерін санау және кемшіліктерін қорытындылау уақыты. Сол сияқты «Сәби» қоры да жаңа жылдық мейрамдар қарсаңында өзінің жыл бойғы қызметін жеке-жеке қадам бойынша талдауда. Ал атқарылған шаруа аз емес:

2008 жылы басталып және биылғы жылы қызу түрде жалғасқан «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасының сәтті түрде жүзеге асырылуы еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын мүмкіндігі шектеулі мыңдаған адамға емін-еркін қозғалуға мүмкіндік берді. Балалар әлеуметтік мекемелерінің түлектерін қоғамға ықпалдастыру жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жаңа тармақтармен толықты: балаларға арналған психологиялық тренингілер және дайындау орталығында БҰТ-ға даярлау.

Қор қызметінің медициналық бағыты да қамқорлыққа алынған емдеу мекемелерімен жұмыс жүргізудің бірнеше елеулі кезеңдерімен толыға түсті. Ал Спорттық жоба шеңберінде үш үлкен объект салынды: спорттық объект және екі балалар ойын алаңшасы. Сонымен қатар жаңа жобалар іске қосылды: « лем» – дарынды жастарға қолдау жасау жөніндегі бағдарлама және Қызылорда қаласындағы балалар үйіне арнап жаңа замануи ғимарат салу. Және де елеулі оқиғалар мұнымен шектелмейді.

«Сәби» Қорының сан-салалы қызметіне бізге биылғы жылы ұсынылған наградалар арқылы лайықты баға берілгені қуантады: «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасымен « леуметтік маңызы бар аурулармен күреске қосқан үлесі үшін» номинациясында Алматы қаласы кімдігінің Жыл сайынғы «Асыл Алма» Сыйлығы, Қазақстанның барлық аймақтарында « нватакси» қызметін дамытқаны үшін «Қол жетімді көлік» номинациясында Қазақстан Мүгедектер конфедерациясының Жыл сайынғы қоғамдық «ЖанШуақ» сыйлығы, сондай-ақ, ерекше маңызды және елеулі сыйлық – қоғамның осал топтарын қолдау ісіндегі азаматтық жауапкершілігі үшін Астана әкімінің сыйлығы. Бұл наградалар – ұйымымыздың ұстанып отырған корпоративтік саясаты мен таңдаған жұмыс бағыттарының дұрыс екендігінің белгісі.

Біздің марапаттарымыз

Қазақстанның үш қаласы «инватакси» автокөлігін алды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Қазақстанның үш қаласы «инватакси» автокөлігін алды Қазақстанның үш қаласының мүгедектеріне арнап сатып алынған 6 жаңа арнайы жабдықталған автокөлігі оларға еліміздің мемлекеттік мейрамы – Тәуелсіздік күні қарсаңында жасалған сыйға айналды. Енді Көкшетау, Шымкент және Теміртау қалаларында қос-қостан Volkswagen Caddy және Volkswagen Transporter автокөліктері жүріп арбамен жүретін мүгедектерге жылдам, тегін және жайлы қозғалып отыруға көмектесуде.

Бұл оқиға қалалық қоғамдар төрағаларының «Сәби» Қайырымдылық Қорына келуіне себеп болды, мұнда машиналар мен ілеспе құжаттар солардың қолына тапсырылды. Қонақтар Қордың «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы шеңберінде жүргізіп отырған жұмысы жайлы жылы лебіздерін білдірді, оның мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін маңызды екендігін айтты.

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы өз жұмысын 2008 жылдың көктемінде бастаған болатын және «Сәби» үшін ол аса елеулі жобалардың бірі болып табылады. Оның түпкілікті мақсаты – Қазақстанның барлық қалаларында « нватакси» мамандандарылған автопарктерін құру болып табылады.

Шымкент пен Теміртау “Мүгедектер таксиі” қызметінің фотосуреттері

Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қымбатты достар!
Сіздерді Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Сол сәттен бастап еліміздің тарихының жаңа межесі басталды.

Осы бір жарқын мереке өміріңізге жақсылық және бақыт әкелсін! Сіздерге шын жүректен табыстар мен жаңа жетістіктер, алға қойған мақсаттарыңызға жетуді, денсаулық, тыныштық және ырыс-береке тілейміз!

«Сәби» Қайырымдылық Қоры.

Репетиторлар балаларға жақсырақ оқуға көмектеседі

By | Жаңалықтар

Репетиторлар балаларға жақсырақ оқуға көмектеседі Үстіміздегі айдың басынан бері өзінің «Білім беру жобасы» шеңберінде «Сәби» қайырымдылық қоры репетиторлық орталығында балалар үйлеріндегі қамқорлығына алған жоғары сынып оқушыларына арнап олардың негізгі пәндер бойынша ілгері жылжып және БҰТ тапсыру кезіндегі көрсеткіштерін жақсарту үшін 6-айлық сабақтар өткізу бағдарламасын жүзеге асыра бастаған.

Қорымыз балаларға олардың оқу материалымен күшейтілген түрде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және мектепте алып отырған білімін бекіту тұрғысында қолдау көрсетуге шешім қабылдады. Пәндерді тереңдетіп оқу және мамандардың жекедара көмегі оларға келешек мамандығын таңдауды жеңілдетеді. Сонымен қатар, «үздік» оқу көптеген тәрбиеленушілерге «Сәби» қорының орта және жоғары оқу мекемелеріндегі оқу ақысын төлеу тұрғысында қаржылай көмегін одан арғы уақытта да алып отыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, оқу жылы бойы балаларды психологиялық түзету жөніндегі психологпен жұмыс жүргізуді, сол не өзге мамандыққа деген бейімділігін анықтау мақсатында компьютерлік кәсіби тестілеуді ұйымдастыруды, жартыжылдық репетиторлық сабақтарды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарындағы одан арғы уақыттағы оқуының ақысын төлеуді қамтитын балалар әлеуметтік мекемелерінің келешек түлектерімен жұмыс жүргізудің тұтастай топтамасы арқылы біз балаларды әлеуметтік өмірге тарту және кәсіби тұрғыдан қалыптастыру арқылы ересек дербес өмірге жоспарлы түрде даярлаймыз.

Русский

Қазақ тілі

English