Қордың жұмысына жоғары баға беру – «Сәби» қорының ұстанып отырған саясатының дұрыс екендігінің көрсеткіші

Қордың жұмысына жоғары баға беру - «Сәби» қорының ұстанып отырған саясатының дұрыс екендігінің көрсеткіші Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі: атқарылған жұмысқа талдау жүргізудің, жетістіктерін санау және кемшіліктерін қорытындылау уақыты. Сол сияқты «Сәби» қоры да жаңа жылдық мейрамдар қарсаңында өзінің жыл бойғы қызметін жеке-жеке қадам бойынша талдауда. Ал атқарылған шаруа аз емес:

2008 жылы басталып және биылғы жылы қызу түрде жалғасқан «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасының сәтті түрде жүзеге асырылуы еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын мүмкіндігі шектеулі мыңдаған адамға емін-еркін қозғалуға мүмкіндік берді. Балалар әлеуметтік мекемелерінің түлектерін қоғамға ықпалдастыру жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жаңа тармақтармен толықты: балаларға арналған психологиялық тренингілер және дайындау орталығында БҰТ-ға даярлау.

Қор қызметінің медициналық бағыты да қамқорлыққа алынған емдеу мекемелерімен жұмыс жүргізудің бірнеше елеулі кезеңдерімен толыға түсті. Ал Спорттық жоба шеңберінде үш үлкен объект салынды: спорттық объект және екі балалар ойын алаңшасы. Сонымен қатар жаңа жобалар іске қосылды: « лем» – дарынды жастарға қолдау жасау жөніндегі бағдарлама және Қызылорда қаласындағы балалар үйіне арнап жаңа замануи ғимарат салу. Және де елеулі оқиғалар мұнымен шектелмейді.

«Сәби» Қорының сан-салалы қызметіне бізге биылғы жылы ұсынылған наградалар арқылы лайықты баға берілгені қуантады: «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасымен « леуметтік маңызы бар аурулармен күреске қосқан үлесі үшін» номинациясында Алматы қаласы кімдігінің Жыл сайынғы «Асыл Алма» Сыйлығы, Қазақстанның барлық аймақтарында « нватакси» қызметін дамытқаны үшін «Қол жетімді көлік» номинациясында Қазақстан Мүгедектер конфедерациясының Жыл сайынғы қоғамдық «ЖанШуақ» сыйлығы, сондай-ақ, ерекше маңызды және елеулі сыйлық – қоғамның осал топтарын қолдау ісіндегі азаматтық жауапкершілігі үшін Астана әкімінің сыйлығы. Бұл наградалар – ұйымымыздың ұстанып отырған корпоративтік саясаты мен таңдаған жұмыс бағыттарының дұрыс екендігінің белгісі.

Біздің марапаттарымыз

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English