Қазақстанның үш қаласы «инватакси» автокөлігін алды

Қазақстанның үш қаласы «инватакси» автокөлігін алды Қазақстанның үш қаласының мүгедектеріне арнап сатып алынған 6 жаңа арнайы жабдықталған автокөлігі оларға еліміздің мемлекеттік мейрамы – Тәуелсіздік күні қарсаңында жасалған сыйға айналды. Енді Көкшетау, Шымкент және Теміртау қалаларында қос-қостан Volkswagen Caddy және Volkswagen Transporter автокөліктері жүріп арбамен жүретін мүгедектерге жылдам, тегін және жайлы қозғалып отыруға көмектесуде.

Бұл оқиға қалалық қоғамдар төрағаларының «Сәби» Қайырымдылық Қорына келуіне себеп болды, мұнда машиналар мен ілеспе құжаттар солардың қолына тапсырылды. Қонақтар Қордың «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы шеңберінде жүргізіп отырған жұмысы жайлы жылы лебіздерін білдірді, оның мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін маңызды екендігін айтты.

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы өз жұмысын 2008 жылдың көктемінде бастаған болатын және «Сәби» үшін ол аса елеулі жобалардың бірі болып табылады. Оның түпкілікті мақсаты – Қазақстанның барлық қалаларында « нватакси» мамандандарылған автопарктерін құру болып табылады.

Шымкент пен Теміртау “Мүгедектер таксиі” қызметінің фотосуреттері

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English