Репетиторлар балаларға жақсырақ оқуға көмектеседі

Репетиторлар балаларға жақсырақ оқуға көмектеседі Үстіміздегі айдың басынан бері өзінің «Білім беру жобасы» шеңберінде «Сәби» қайырымдылық қоры репетиторлық орталығында балалар үйлеріндегі қамқорлығына алған жоғары сынып оқушыларына арнап олардың негізгі пәндер бойынша ілгері жылжып және БҰТ тапсыру кезіндегі көрсеткіштерін жақсарту үшін 6-айлық сабақтар өткізу бағдарламасын жүзеге асыра бастаған.

Қорымыз балаларға олардың оқу материалымен күшейтілген түрде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және мектепте алып отырған білімін бекіту тұрғысында қолдау көрсетуге шешім қабылдады. Пәндерді тереңдетіп оқу және мамандардың жекедара көмегі оларға келешек мамандығын таңдауды жеңілдетеді. Сонымен қатар, «үздік» оқу көптеген тәрбиеленушілерге «Сәби» қорының орта және жоғары оқу мекемелеріндегі оқу ақысын төлеу тұрғысында қаржылай көмегін одан арғы уақытта да алып отыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, оқу жылы бойы балаларды психологиялық түзету жөніндегі психологпен жұмыс жүргізуді, сол не өзге мамандыққа деген бейімділігін анықтау мақсатында компьютерлік кәсіби тестілеуді ұйымдастыруды, жартыжылдық репетиторлық сабақтарды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарындағы одан арғы уақыттағы оқуының ақысын төлеуді қамтитын балалар әлеуметтік мекемелерінің келешек түлектерімен жұмыс жүргізудің тұтастай топтамасы арқылы біз балаларды әлеуметтік өмірге тарту және кәсіби тұрғыдан қалыптастыру арқылы ересек дербес өмірге жоспарлы түрде даярлаймыз.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English