Category

«Балаларға өмір сыйла» SMS

Өмірлік маңызы бар жоба

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

Өмірлік маңызы бар жоба Еркін Мейірім Қоғамымен бірлесе 2007 жылы тұсауын кескен «Балаларға өмір сыйла» атты SMS – акциясы бойынша кезекті есептемені назарларыңызға ұсынамыз. Осы жылдар ішінде жобаның арқасында жиналған қаражаттың мыңдаған балалардың өмірін сақтап қалуға және бақытты өмір сүруге көмегі қаншалықты мол екенін көріп отырмыз.

2016 жылдың 14 қазанына дейін, бүкіл Қазақстан бойынша 1435 бала көмек алды. Төленген операцияның жалпы құны 2 137 352 438 теңге. Жалпы 2033 операция жасалынды (кейбір балаларға операция бірнеше рет жасалынды).

Науқанға қатысу өте оңай. СМС хабарлама ретінде 1 санын 8099 қысқа нөміріне жіберсеңіз сіздің мобильді нөміріңіздің теңгерімінен 280 теңге жоба аясында ашылған арнайы шотқа жіберіледі. Бұл қызмет ACTIV, KCELL және BEELINE абонттеріне ашық. Ұялы байланыстың операторлары ешқандай комиссия ұстамайды, қайырымдылық қаражатыңыз толық аударылады.

Сіздерге жазылып кеткен және сауыға бастаған балалармен олардың ата – анасынан шексіз алғысымыз айтамыз. Меірімді адамға өзгенің ауруы да дерт!

SMS өмір сыйлайды

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

SMS өмір сыйлайды«Балаларға өмір сыйла» атты акциясы бойынша кезекті есептемені назарларыңызға ұсынамыз. Естеріңізге сала кетейік, өткізіліп отырған науқанда «Сәби» Қоры 2007 жылдан бастап серіктес болып келеді, сонымен қатар қол ұшын берген жанашырларымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!

Біздің отандастарымыздың қазақстандық балалардыңемделуіне жұмсалатын СМС көмектерінің арқасында, еліміздің әр түкпіріндегі 1359 балаға көмек көрсетілді. Жалпы 1884 операция жасалынды (кейбір сәби науқасқа бірнеше рет операция жасалынуы керек болды). 2015 жылдың 23 қарашасына төленген операцияларды сомасы 11 057 975 АҚШ долларын құрады.

Осы акцияға қатысу үшін ACTIV, KCELL и BEELINE абонентері 9099 қысқа нөміріне СМС ретінде «1» санын жіберу керек. Сол кезде ұялы теңгеріміңізден 280 теңге арнайы шотқа аударылады.

Қосылыңыздар, дәл сіздің көмегіңіз дәл бүгін бір бүлдіршінге аса қажет!

SMS көмекке асығуда

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

SMS көмекке асығуда «Балаларға өмір сыйла» атты SMS – жобасы сенімді және уақытпен тексерілген 8 жыл бойы қазақстанның балаларын шетелге емдеуге қаражат жинау көзі болып саналады. 2015 жылдың 16 сәуіріне осы жобаның аясында ҚР барлық өңірлерінен 1097 балаға көмек көрсетілді, 1569 операция төленді (кейбіреулеріне опреация бірнеше рет жасалынды), ал жиналған қаржының жалпы сомасы 9 589 769 АҚШ долларын құрады.

Мобильді қайырымдылыққа өз үлестеріңізді қосуға барлықтарыңызды шақырамыз! Бұның еш қиындығы жоқ әрі тиімді: ACTIV, KCELL и BEELINE абонентері 1 санын 9099 қысқа нөміріне жіберсе болды, сол кезде сіздің ұялы телефоныңыздан 280 тенге арнайы шотқа аударылады. Ал сот шоттағы қаражат емдеу мекемесінің шотына ары қарай аударылады.

СМС – ем

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

СМС – ем Баланың денсаулығы ата – ананың басты байлығы. Өкінішке орай ауру кішісі болсын үлкені болсын таңдамайды, сондықтанда бізге көптеген өтініштер келіп жатады. Еркін Мейірім Қоғамы «Саби» Қорымен бірлесе тұсауын кескен “Балаға өмір сыйла” атты смс акциясы ісін атқарып жатқанына 7 жыл болды. Көмек алған балалардың саны мыңға жетіп қалғанына қуаныштымыз, бүгінгі күнгі дейін 982 балаға 1367 операция жасалынды.

2014 жылдың тамыздың 25-не дейін, жобаның орындалып жатқан уақыты ішінде жиналған сома 8 403 372 доллар.

Естеріңізге сала кетейік, ACTIV, KCELL и BEELINE әр абоненті мобильді қайырымдылығына катыса алады, тек қана «1» санын немесе жылы сөздеріңізді 9099 санына жіберсеңіз жеткілікті, сол кезде сіздің телефоныңыздың теңгерімінен 280 тенге шығарылып акция аясында арнайы ашылған шотқа көшіріледі.

280 теңгеде балалардың өмірін құтқарады!

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

280 теңгеде балалардың өмірін құтқарады! Қайырымдылық ұйымдарының күшімен Қазақстанда жанды топтағы тұрғындарға әлеуметтік және медициналық көмектің жақсарту аясында көптеген жобалар іскен асырылды.

Осылай, «Сәби» Қайырымдылық Қоры «Еркін Мейірімдік Қоғамымен» бірлесіп, 2007 жылы басын бастаған «Балаларға өмір сыйла» атты СМС-акциясының арқасында күрделі операциялар мен балалардың шығынды көп керек ететін шетелдік емдеулеріне табысы аз жанұялардың бүлдіршіндерін емдеуге мүмкіндік туды.

Баланың өмірін аман сақтап қалу үшін әркімнің өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін СМС хат жіберуі, осы жобаның қайырымдылық көмек беретін басты жолы болып саналады. ACTIV, KCELL и BEELINE абоненттері «1» санын немесе ізгі тілегін 9099 қысқа санына жіберсе 280 теңгенің шамасында қаражат телефонның теңгерімінен шығарылып акцияның аясында ашылған арнайы шотқа жіберіледі.

Сөйтіп, бұл қиындықты шешу үшін бүкіл қоғам қатысуда және оның әр өкілі қоғамға жауапты әрі пайдалы бола алады.

7 жыл ішінде жоба еліміздің барлық аймақтарына тарады. Көптеген адамдардың және ұйымдардың арқасында 2014 жылдың сәуір айына 842 балаға төленген операцияның жалпы сомасы 6 489 493 АҚШ долларын құрады.

Достар қосылыңдар, сіздердің 280 теңгеңіз балалардың өмірін аман сақтап қалады!

Дарияға тамған тамшымен

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

2007 жылы «Еркін Мейірім
Қоғамы»
Қорымен «Сәби»
Қорының бірлесіп тұсауын кестірген кезекті «Сәбиге өмір сыйла» атты СМС-акциясы
бойынша есептемені сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. сіздердің смс
хабарламаңыз арқылы 2013 жылдың 29 қарашасына жиналған сома 5,178,474 долларды
құрады.

Акцияның барлық
қатысушыларына шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Сіздердің арқаларыңызда
еліміздің әр түкпірінен 677 дей балаларға шетелде керекті медициналық көмек
көрсетілді.

Жоба аясында ашылған арнайы шотқа 280 теңге
көлеміндегі қаражатты жіберу үшін, өз Beeline или Kcell ұялы телефонынан 9099 қысқа нөміріне 1 санын жіберсе болғаны!

р смс тағы бір сәбидің өмірін аман сақтап
қалуға мүмкіндік береді.

«Балаларға өмір сыйла» шарасы бойынша есеп

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

«Балаларға өмір сыйла» шарасы бойынша есеп
Біздің “Сәби” Қорымен және Мейірбандық Ерікті Қоғамымен бірлесе бастаған «Балаларға өмір сыйла» атты шарамыз бойынша кезекті есебімізді жариялап отырмыз. Бұл жобаның аясында Kcell және Beeline абоненттері 9099 қысқа нөміріне «1» санын SMS-хабарламасы ретінде 280 теңге мөлшерінде соманы арнайы банктегі шотқа жөнелте арқылы, 6 жыл бойы ауыр науқасты қазақстандық балаларды емдеу үшін шет елге жіберіліп жатыр.

Көптеген абзал жанды адамадардың белсендігінің арқасында, бүгінгі күнде елімздің әр-түрлі аймағындағы 406 бүлдіршінге көмек көрсетілді. 497 операцияға ақша төленді (кейбір балаларға бірнеше операция жасауға тура келді). Шараның жұмыс істеген уақытының аралығында жиналған қаржының барлық сомасы 2.990.365 АҚШ долларын құрады. (2013 жылдың маусымына)

Балаларға өмір сыйла!

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

Балаларға өмір сыйла! Қазақстан аумағында емделуге келмейтін ауыр сырқаттан, азап шегіп жүрген Қазақстан балаларының шетелде емделуіне қаражат жинау жалғасуда.

«ДОМ» Қорымен «Саби» Қорының «Балаларға өмір сыйла» бірлескен акциясы 2007 жылы басталып, мерзімсіз болып саналады.

Сол уақытттан бастап SMS-байланыс арқылы 2 642 616 АҚШ доллар жиналды, 376 балаға көмек көрсетілді.

Жыл сайын денсаулық сақтау аумағындағы жағдай елімізде жақсарып келеді. Қазіргі кезде Мемлекеттік квота беру жедел және ашық. Бұрында, шетел емханаларына жүгінуге мәжбүр еткен көптеген сырқаттар, қазір елімізде сәтті емделеді.

Бірақ та, шетел дәрігерлердің жедел көмегіне мұқтаж болып отырған, балалар саны әлі де аз емес. Және де сол сәбилерге көмегін көрсеткісі келетіндер аз еместігі жүректі қуантады.

Шынайы алғысымызды барлық құштар адамдарға бiлдiре отырып, ұялы телефондарыңыз арқылы 9099 қысқа нөміріне 1 санын SMS арқылы жіберсеңіз, сіз «Балаларға өмір сыйла» акциясының арнаулы шотына 280 тенге аударылатынын естеріңе саламыз.

Ата-ананың бақыты – бала-шағаның денсаулығы

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

Ата-ананың бақыты – бала-шағаның денсаулығыКүнделікті күйбең-тіршіліктің артында жүрген көпшілік дүйсенбі күні жұмыс аптасын бастамай жатып, жұма күннің кеш батқанын байқамай қалады. Өмір-өзен демекші, оның ағынына ілесеміз деп, біз айналамызда болып жатқан қарапайым болса да, кәдімгі таңғажайып жайттарды көзден таса қылып жатамыз. 


Осындай бір, қарқынды күндердің бірінде, лық толы автобустың ішінде екпінді жасқа келген әйел адамның алдында кішкентай сүйкімді қыз отырды. Оның тәтті тілі мен жарқын күлкісі көліктің ішін нұрландырып жіберіп және әр жолаушы сондай ақылды да тапқыр баланы көріп ішкі дүниелері босап кетті. Қыздың жүзі таныс болғандай болды.  рине, бұндай күлімсіреген ажарды ұмытуға болмасқа! Есімі де еске түсті – Ділнәз, атына заты сай. Осыдан бірнеше күн бұрын «Сәби» Қайырымдылық Қорының «Балаларға өмір сыйла» атты шара бойынша серіктестігі болып табылатын Мейірбандық Ерікті Қоғамының сайтында (www.detdom.kz) ол туралы, оның әке-шешесі жайында және олардың жанұяларында жалғыз перзентінің ауыр науқаспен күрескені жайлы жазылған болатын. Ең бастысы филантроптардан жиналған қаражаттар шоғырланған арнайы шоттан бөлінген ақшаға бірнеше опреация жасалып, аурудан мүлдем айығып кеткені айтылды. Қазіргі таңда Ділнәз өзін жақсы сезініп, ата-анасының нғыз мақтанышына айналды, барлық қайғы-қасірет мәңгі артта қалып қорнышты түстен оянғандай секілді болды. 
 
Бес жыл бұрын «Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті  сел Тасмағамбетовамен Мейірбандық Ерікті Қоғамының директоры Аружан Саин СМС арқылы қайырымдылық қаражатты жинайтын қомақты жобаны іске асырған кезде көз алдарына дәл осындай көріністі елестеді: дені сау балалардың ортасында бақытты ата-аналар. 



Бүгінгі күнде қымбатты достар, сіздердің аударылған ақшаларыңыздың арқасында 436 опреацияның ақысы төленіп, барлығы 375 балаларға көмек көрсетілді. Жалпы жиналған сома 2 568 842 АҚШ долларын құрады. Осылай сәл ғана кідіріп, айналамыздағы ортаны ойлап, аз-маз жәрдем жасасақ, таңғажайып жағдайлар күнделікті өмірде көбейе түседі. 



Осындай жарқын күндерді ұлғайту үшін әрбір адам ACTIV, KCELL және BEELINE абоненттері 9099 қысқа нөміріне «1» санын немесе өз тілегін және 280 теңге мөлшерінде соманы жөнелте алады. Бұл қаражат телефонның есеп шотынан бейтаныс бір адамның сүйкімді перзентін оңалып кетуіне жұмсалады.

Әр баланың денсаулығы мықты болсын

By | «Балаларға өмір сыйла» SMS

 р баланың денсаулығы мықты болсын «Сәби» Қоры еліміздің кішкентай тұрғындарын Халықаралық балаларды қорғау күні – мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

1 маусым демалыс күні ретінде саналмағанмен, Қазақстанда ол кеңінен таралып, жаппай серуендер жүргізіліп және қайырылымдылық акциялар өткізіледі.

Біздің “Сәби” Қорымен және Мейірбандық Ерікті Қоғамымен бірлесе бастаған «Балаларға өмір сыйла» атты SMS-жобамыз 5 жылдан астам елімізде операция жасауға келмейтін ауыр науқасты балаларға көмек жасап келе жатыр. Бүгінгі күнде, айтылған акция аясында мыңдаған абзал жанды адамдардың демеуінің арқасында арнайы банктегі шотқа 2,29 млн. доллар түсті, осы ақша шет елде жасалатын төрт жүзге жуық операцияға төленіп, Қазақстанның барлық аумақтарынан келген 357 бүлдіршінге көмек көрсетілді.

Русский

Қазақ тілі

English