SMS өмір сыйлайды«Балаларға өмір сыйла» атты акциясы бойынша кезекті есептемені назарларыңызға ұсынамыз. Естеріңізге сала кетейік, өткізіліп отырған науқанда «Сәби» Қоры 2007 жылдан бастап серіктес болып келеді, сонымен қатар қол ұшын берген жанашырларымызға шексіз алғысымызды білдіреміз!

Біздің отандастарымыздың қазақстандық балалардыңемделуіне жұмсалатын СМС көмектерінің арқасында, еліміздің әр түкпіріндегі 1359 балаға көмек көрсетілді. Жалпы 1884 операция жасалынды (кейбір сәби науқасқа бірнеше рет операция жасалынуы керек болды). 2015 жылдың 23 қарашасына төленген операцияларды сомасы 11 057 975 АҚШ долларын құрады.

Осы акцияға қатысу үшін ACTIV, KCELL и BEELINE абонентері 9099 қысқа нөміріне СМС ретінде «1» санын жіберу керек. Сол кезде ұялы теңгеріміңізден 280 теңге арнайы шотқа аударылады.

Қосылыңыздар, дәл сіздің көмегіңіз дәл бүгін бір бүлдіршінге аса қажет!

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English