СМС – ем Баланың денсаулығы ата – ананың басты байлығы. Өкінішке орай ауру кішісі болсын үлкені болсын таңдамайды, сондықтанда бізге көптеген өтініштер келіп жатады. Еркін Мейірім Қоғамы «Саби» Қорымен бірлесе тұсауын кескен “Балаға өмір сыйла” атты смс акциясы ісін атқарып жатқанына 7 жыл болды. Көмек алған балалардың саны мыңға жетіп қалғанына қуаныштымыз, бүгінгі күнгі дейін 982 балаға 1367 операция жасалынды.

2014 жылдың тамыздың 25-не дейін, жобаның орындалып жатқан уақыты ішінде жиналған сома 8 403 372 доллар.

Естеріңізге сала кетейік, ACTIV, KCELL и BEELINE әр абоненті мобильді қайырымдылығына катыса алады, тек қана «1» санын немесе жылы сөздеріңізді 9099 санына жіберсеңіз жеткілікті, сол кезде сіздің телефоныңыздың теңгерімінен 280 тенге шығарылып акция аясында арнайы ашылған шотқа көшіріледі.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English