Балаларға өмір сыйла! Қазақстан аумағында емделуге келмейтін ауыр сырқаттан, азап шегіп жүрген Қазақстан балаларының шетелде емделуіне қаражат жинау жалғасуда.

«ДОМ» Қорымен «Саби» Қорының «Балаларға өмір сыйла» бірлескен акциясы 2007 жылы басталып, мерзімсіз болып саналады.

Сол уақытттан бастап SMS-байланыс арқылы 2 642 616 АҚШ доллар жиналды, 376 балаға көмек көрсетілді.

Жыл сайын денсаулық сақтау аумағындағы жағдай елімізде жақсарып келеді. Қазіргі кезде Мемлекеттік квота беру жедел және ашық. Бұрында, шетел емханаларына жүгінуге мәжбүр еткен көптеген сырқаттар, қазір елімізде сәтті емделеді.

Бірақ та, шетел дәрігерлердің жедел көмегіне мұқтаж болып отырған, балалар саны әлі де аз емес. Және де сол сәбилерге көмегін көрсеткісі келетіндер аз еместігі жүректі қуантады.

Шынайы алғысымызды барлық құштар адамдарға бiлдiре отырып, ұялы телефондарыңыз арқылы 9099 қысқа нөміріне 1 санын SMS арқылы жіберсеңіз, сіз «Балаларға өмір сыйла» акциясының арнаулы шотына 280 тенге аударылатынын естеріңе саламыз.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English