Category

Мүгедектерге–лайықты өмір

«Инватакси» – кедергі аз, өміріміз қуанышқа толы

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«Сәби» Қорымен сатып алынып ҚР мүгедектер қоғамдарына тегін табыс етілген 62 арнайы « нватакси» авто көліктері мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың өмірін жеңілдетіп еліміздің 20 қаласының көшелерінде жүруде.

Даринаға арналған арба

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Даринаға арналған арба Осы жылдың қаңтар айында біздің Қорға Семей қаласының тұрғыны Дарина атты мүгедек қызына арнайы қымбат арбаны сатып әперу өтінішімен хабарласты. Өкінішке орай жасөспірім мидың сал ауруына және орталық жүйке жүйесінің туғаннан бері даму ақауына шалдыққан.

Қыз өзі Қытай елінде емдеу курсын өтіп шықты. Тұрақты денсаулығын сақтау үшін оған үнемі массаж, инетерапиясын алып тұру керек және емдеу – денешынықтыру бөлмесінде жаттығу керек. Оған қоса омыртқасынан ауыртпалықты түсіріп арқасынын дұрыс қалпын ұстау үшін арнайы мүгедек арбасы қажет болып тұр.

Қыздың емделуіндегі оңды өзгерістерін ескере отырып «Сәби» Қоры анасының өтінішін қолдауды шешіп Даринаға 3 жылдан көп қызмет ететін (Польшаның) Akces-MED компаниясында жасалған Рейсер Плюс арбасын сатып алды.

«Cкаломобиль» жобасы Павлодар қаласында жұмыс істейді

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Жақында «Сәби» Қорының қызметкері Павлодар қаласына барып қайтты. Сол жерде «мүгедектерге лайықты өмір» жобасының аясында 2011 жылы «Сәбиден» сыйлық ретінде 2 «инватакси» көлігін мен арнайы сатылы көтергіш алған Қордың бенефициары болып саналатын жергілікті мүгедектер қоғамының басшысымен кездесті.

Қоғамның төрайымы Георгий Четвериков мырза берілген сыйлықтардың арқасында 2012 жылы қалада жаңадан арбалы мүгедектерге арналған тегін тасымалдау қызметі іске қосылған туралы айтты. Енді қозғалысы шектеулі адамдарды «инватакси» әлеуметтік қызметі тегін тасымалдап қана қоймай, сондай – ақ баспалдақ аралығын жеңу үшін жүргізушілері көмектеседі. Сөйтіп Павлодар қаласының қозғалысы шектеулі тобындағы халықтың бірігуіне және қалыптасуына барлық жағдайлар жасалыңды.

«Инватакси» ардагерлерімізге

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

« нватакси» ардагерлерімізгеАрбадағы мүгедектерді тасымалдауға арналған тегін әлеуметтік көлік қызметін құру үшін гидрокөтергіштермен жабдықталған Алматы қаласының мүгедектер қоғамына«Сәби» Қоры арнайы Фольксваген көліктерінің бірінші топтамасының кілтін салтанатты түрде тапсырғанына 5 жыл болды: біздің көліктеріміз мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмірін жеңілдетіп Қазақстанның 20 қалаларын аралап жүр.



Осындай жеңісті мамыр күндерінде « нватакси» қызметі тек қана денсаулығы жағынан ғана мүгедектерді тасымалдау үшін жұмсалынып қана қоймай, көліктік қызметін жергілікті бюджеттік қаржыландырудың арқасында еліміздің кейбір қалаларында Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріде поезға дейін апаратын арнайы көлікке таспырыс бере алатыны қуанышты. Олар үшін 9 мамыр күні аса құрметпен мерекелі шараларға шығыс экскурсиялары ұйымдастырылды.



Жылдар өткен сайын ардагерлеріміздің саны азайып барады. Көліктеріміз олардың өмірлеріне кішкене болсада қуаныш әкелетініне бақыттымыз.

Мемлекет «Инватаксиді» қолдады

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«Мүгедектерге лайықты өмір» жобасы“Сәби”
Қорымен
2008 жылы дайындалды. Соның жобасында біздің Қор арбалы
мүгедектерді қауіпсіз және жедел түсіріп-көтеру үшін арнайы гидравликалық
көтергіштермен жабдықталған көліктерді сатып алды. Бұл көліктер Қазақстан
қалаларының мүгедектер қоғамдарына сыйланғаннан кейін мүмкіндіктері шектеулі
адамдарға тегін транспорттық қызмет көрсетуде.

Бүгінгі күнде Volkswagen маркасындағы62 арнайы « нватакси»көліктері
сатып алынып еліміздің 20 қалаларына таратылды.“Сәби”
Қорының
жоба бойынша шығарған шығысы400 миллионтеңгеден
аса соманы құрады. Бірақ сондай қомақты қаражат пен еңбек шығынына қарамастан
тек қана бір жекеменшік Қордың көмегімен қозғалысы шектеулі қазақстандықтардың
талаптарын қанағаттандыру мүмкін емес. «Сәби» өзіне ондай мақсат қойған жоқ.
Осындай орасан зор мәселені шешу мемлекеттің дергейі. Қорымыздың басты мақсаты
барлық қалалардың үкіметіне арнайы транспорттық « нватакси» қызметін үкіметтік
емес ұйымдардың барында ұйымдастыруға болатыны және де олар жұмысын
қиыншылықтары туралы ұзын құлақсыз естіп отырған мақсатты топтағы халыққа
қызмет көрсете табысты атқарып келе алатыны.

Еріксіз мүгедектерге арналған арбада отырған көптеген
халықтың өмірін жеңілдеткен Қордың осындай күрделі жұмысы байқаусыз қалған жоқ.
2012 жылы Сәби Қорының Президенті сел Тасмағамбетованың бастауымен оның ҚР
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен кездесу өтті соның арқасында
«Мүгедектерге лайықты өмір» жобасы мемлекеттік деңгейінде қолданды.

Одан соң жыл бойы үдемелі жұмыс басталды. Министрдің
еліміздің барлық аймақтарынан келген мүгедектер бірлескен қоғамдарының
басшыларымен отырыс өтті, ұйымның бірыңғай ережелерін дайындау, қаржыландыру, « нватакси»
әлеуметтік қызметін көрсету жұмыс тобы құрылды. Көптеген кездесулер, мәжілістер
мен отырыстардың нәтижесінде объектілерге және қызметтерге мүгедектердің
мүмкіндігін жақсарту бойынша оған қоса мемлекеттік құрымдардың үкімет емес
секторлармен әрекеттестігін арттыру үшін нақты ұсыныстар ұсынылды.

Атқарылған жұмыстын күткен қорытындысы болып көлік және
коммуникация Министрлігінің2013 жылдың 01 қарашасының №859 бұйрығымен бекітілген автомобиль көлiгiмен
мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидалары болды
(жүктеу
үшін нұсқа
859-erezhe.doc[69.5 Kb] (cкачиваний: 0)). Жуырда құжат
«Казахстанская правда» Республикалық газетінде жарияланды, яғни заңды түрде
күшіне енді.

Сөйтіп «Сәби» Қоры «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы
бойынша көп жыл бойы атқарып келген ісін тоқтатып, мемлекеттің сенімді қолына
тапсырады.

«Инватакси» – қиыншылықсыз өмір

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

« нватакси» - қиыншылықсыз өмірҚыркүйектің 28-і жұлдызында, сенбі күні «Сәби» Кайырымдылық Қорынан жаңа 10 Volkswagen көліктері Қазақстанның 5 қаласының мүгедектер қоғамдарына сыйға тартылды. Қазіргі кезде еліміздің 20 қалаларында, яғни кеңінен қозғалысы шектеулі адамдарға ақысыз « нватакси» қызметі көліктік тасымалдау қызметі атқарылып келеді. Ал енді Қормен сатып алынып барлық аймақтарға тегін тапсырылған арбадағы мүгедектерге арналған гидравликалық көтергіш құрылғыларымен жабдықталған арнайы көліктердің саны 62-ге жетті.



« нватаксидің» арқасында еліміздің әр түкпіріндегі ерекше қажеттіліктері бар мыңдаған адам еркін қозғалысын сезінуде. Енді тек қана өз қалаңыз бойынша қызметтің байланыс нөмірлерін терсеңіз, сол сәтте арбада отырған жолаушыны жұмысқа, оқуға немесе әкімшілікке болсын, салық комитетіне, медициналық мекемеге мен оңалу орталығынада жеткізу үшін көліктің қызметі даян болады. Егер адам бірінші қабаттан жоғары тұратын болса, оған қоса оны « нватакси» көліктерінде жабдықталған арнайы мобильді баспалдақ көтергіштің көмегімен төмен түсіріп береді. Ең бастысы бұның бәрі де еш төлемсіз!



Осындай орасан зор жобаны жүзеге асыру үшін «Сәби» Қорымен 400 000 000 теңгеден аса қаражат жұмсалды.

«Инватаксиді» тосудамыз

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

« нватаксиді» тосудамыз«Сәби» Қорымен «Мүгедектерге-лайықты өмір»жоба аясында сатып алынған «инватакси» көліктерінің бір бөлігі Алматыға келіп жеткені туралы асығыспен хабарлаудамыз. Бұл арбада отырған мүгедектердің мұқтажына лайықты етіп қайта жабдықтаудан өткен 10 жаңа Volkswagen автокөлігінің бесеуі жетті.



детте Германияның зауытынан жеткізілген әр топтамасын 6 ай бойы күтуге тура келеді. Бұл тапсырыс сәл жеделірек болып шықты. Қазіргі уақытта көліктер кедендік тазартумен сату алдындағы дайындықтан өтіп жатыр.
 
Қалған 5 көлік тамыздың ортасына қарай күтудеміз. Керекті құжаттарды дайындаудан кейін Талдықорған, Түркістан, Жезқазған, Петропавловск және Алматықалаларының мүгедектер қоғамы сол сәтте қозғалу қиыншылықтары бар адамдарға тегін тасымалдау қызметін іске қосу үшін өз теңгеріміне ақыры екі дана «инватакси» көлігін алады.

«Ауыр» мәселелердің шешімі табылды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«Ауыр» мәселелердің шешімі табылды Арбада отыратын мүгедек адамға баспалдақпен көтеріліп-түсу көп әуреге түсіреді, егер де жанында лифт, пандус немесе физикалық тұрыпы қарулы көмекшінің болмаған жағдайда.



Көп қабатты үйлерде арбадағы мүгедектерге көтергіш құрылғылардың болу керек деген қазіргі замануи нормативті талаптар бойынша жауапкершілік тағылса да, көбісі 1 қабаттағы қолдануға жарамсыз пандустармен қана шектеледі. 


Іс жүзінде бұндай жағдайда баламалы таңдау ретінде арнайы бейімделгіш көтергіштер ғана бола алады, ол арбада отырғандарды жоғары және төмен қарай қауіпсіз қозғалыспен қамтамасыз етеді. Бірақ бұл «баспалдақкөтергіштердің» кемшілігі оның бағасында – шамамен біреуі 8000 доллар тұрады, әрине бұны мүмкіндіктері шектеулі көпшілік адамдардың қалтасы көтермейді.
 
Осы мәселені шешу мақсатымен «Сәби» Қайырымдылық Қоры шынжырлы және дөңгелекті көтергіштер құрылғыларды сатып алып оларды жұмыс істеп жатқан « нватакси» қызметіне тегін тапсырады. Арнайы көліктің жүргізушілері, тасымалдау сұранымдарын орындау үстінде олардың көмегімен арбаларда отырған мүгедектерді бейімсіз баспалдақпен жоғары қарай көтеріп және төмен қарай түсіреді. 



Қазіргі кезде « нватаксиде» бұндай құрылымдар Қазақстанның 15 қаласындасәтті қолданып келеді. Жоғарыда айтылған қызметтің кеңейтілуіне байланысты, қосымша 4 көтергіш Петропавл, Талдықорған, Түркістан және Жезқазған қалаларына сатып алынды.

Бостандық – қозғалыста! (видео)

By | Мүгедектерге–лайықты өмір
Тiрек-қимыл аппаратының бұзулары бар мүгедектерге, тегін көлік қызметін көрсететін« нватакси» қызметі ҚР 20 қаласында жұмыс істеп жатыр. Осы мақсатпен арнайы автокөлік «Сәби» Қорымен, Volkswagen 62 көлік мөлшерінде сатып алынып, мүгедек қоғамына сыйға берілді. 5 жыл ішінде «Мүгедектерге – лайықты өмiр» жобасының аумағында 300 000 тасымалдау қызметі атқарылды! Жыл сайын бұл сан ұлғайып келеді, және де көптеген адамдар қоғамның белсенді өміріне ерекше қажеттілігімен қосылады.
 
Қимылдау мүмкіндігі, Өмір сүруге мүмкіндік береді!
 

«Инватакси» автопаркінде енді 62 машина бар

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

« нватакси» автопаркінде енді 62 машина бар Үстіміздегі жылда «Мүгедектер – лайықты өмір» аттыжобаға 5 жыл толды. Өздігінен қимылдау мұршасынан айрылған 1 және 2 топтағы мүгедектерге арналған ақысыз көліктік қызмет көрсету жүйесі бүгінгі күнде қоғамға аса пайдасын тигізіп жүр. « нватаксимен» қолдануға құқылы азаматтардың тізімі қалалық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту бөлімінде бекітіледі. Қоғамдық бірлестіктің негізінде құрылған арнайы көліктер паркіндегі диспетчерлік қызмет жолаушыларды тасу үшін алдын ала тіркеп отырады. Қозғалу мүмкіндіктер шектеілу адамдар оқуға, жұмысқа, медициналық мекемелерге баруға, мәдени және спорт шараларына қатысуға мүмкіндік алды. 



Бүгінгі күнде «инватаксидің» кеңінен таралғанынан көз жеткізу үшін кез келген іздеу ғаламтор бетінде осы сөзді жазған сәттен ақ аталған жобаны іске асыру жайлы, көліктік қызметтің жұмысы туралы және қолданушылардың тағдырларымен бөліскен көптеген мақалаларға тап боласыз. Айта келсек, 2012 жылы еліміздің барлық аумағында 100 000 астам мекен-жай бойынша тасымалдау жұмыстары атқарылды.
 
Үстіміздегі жылда бұл көрсеткіш 20 пайызға өсетін болады, өйткені «Сәби» Қайырымдылық Қоры қосымша Volkswagen маркасының 10 арнайы машинасын сатып алды. Енді бұл көліктер 6 айдың ішінде Германияда жасалып және мүгедектерге ыңғайлы етіп құрастылырып, содан кейін Алматыға жеткізілетін болады. Жаз айларында су жаңа автокөліктер келген сәтте Қазақстанның бірнеше аумақтарындағы мүгедектер қоғамдарына сыйға тартылатын болады. 



Қорытындылай келе, «Мүгедектер – лайықты өмір» жобасының аясында арбадағы мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған сатып алынған автөліктер саны барлығы 62 данаға жетті, Қазақстанның 20 қаласын қамтыды.

Русский

Қазақ тілі

English