«Ауыр» мәселелердің шешімі табылды

«Ауыр» мәселелердің шешімі табылды Арбада отыратын мүгедек адамға баспалдақпен көтеріліп-түсу көп әуреге түсіреді, егер де жанында лифт, пандус немесе физикалық тұрыпы қарулы көмекшінің болмаған жағдайда.



Көп қабатты үйлерде арбадағы мүгедектерге көтергіш құрылғылардың болу керек деген қазіргі замануи нормативті талаптар бойынша жауапкершілік тағылса да, көбісі 1 қабаттағы қолдануға жарамсыз пандустармен қана шектеледі. 


Іс жүзінде бұндай жағдайда баламалы таңдау ретінде арнайы бейімделгіш көтергіштер ғана бола алады, ол арбада отырғандарды жоғары және төмен қарай қауіпсіз қозғалыспен қамтамасыз етеді. Бірақ бұл «баспалдақкөтергіштердің» кемшілігі оның бағасында – шамамен біреуі 8000 доллар тұрады, әрине бұны мүмкіндіктері шектеулі көпшілік адамдардың қалтасы көтермейді.
 
Осы мәселені шешу мақсатымен «Сәби» Қайырымдылық Қоры шынжырлы және дөңгелекті көтергіштер құрылғыларды сатып алып оларды жұмыс істеп жатқан « нватакси» қызметіне тегін тапсырады. Арнайы көліктің жүргізушілері, тасымалдау сұранымдарын орындау үстінде олардың көмегімен арбаларда отырған мүгедектерді бейімсіз баспалдақпен жоғары қарай көтеріп және төмен қарай түсіреді. 



Қазіргі кезде « нватаксиде» бұндай құрылымдар Қазақстанның 15 қаласындасәтті қолданып келеді. Жоғарыда айтылған қызметтің кеңейтілуіне байланысты, қосымша 4 көтергіш Петропавл, Талдықорған, Түркістан және Жезқазған қалаларына сатып алынды.
Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English