Даринаға арналған арба Осы жылдың қаңтар айында біздің Қорға Семей қаласының тұрғыны Дарина атты мүгедек қызына арнайы қымбат арбаны сатып әперу өтінішімен хабарласты. Өкінішке орай жасөспірім мидың сал ауруына және орталық жүйке жүйесінің туғаннан бері даму ақауына шалдыққан.

Қыз өзі Қытай елінде емдеу курсын өтіп шықты. Тұрақты денсаулығын сақтау үшін оған үнемі массаж, инетерапиясын алып тұру керек және емдеу – денешынықтыру бөлмесінде жаттығу керек. Оған қоса омыртқасынан ауыртпалықты түсіріп арқасынын дұрыс қалпын ұстау үшін арнайы мүгедек арбасы қажет болып тұр.

Қыздың емделуіндегі оңды өзгерістерін ескере отырып «Сәби» Қоры анасының өтінішін қолдауды шешіп Даринаға 3 жылдан көп қызмет ететін (Польшаның) Akces-MED компаниясында жасалған Рейсер Плюс арбасын сатып алды.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English