«Инватакси» автопаркінде енді 62 машина бар

« нватакси» автопаркінде енді 62 машина бар Үстіміздегі жылда «Мүгедектер – лайықты өмір» аттыжобаға 5 жыл толды. Өздігінен қимылдау мұршасынан айрылған 1 және 2 топтағы мүгедектерге арналған ақысыз көліктік қызмет көрсету жүйесі бүгінгі күнде қоғамға аса пайдасын тигізіп жүр. « нватаксимен» қолдануға құқылы азаматтардың тізімі қалалық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту бөлімінде бекітіледі. Қоғамдық бірлестіктің негізінде құрылған арнайы көліктер паркіндегі диспетчерлік қызмет жолаушыларды тасу үшін алдын ала тіркеп отырады. Қозғалу мүмкіндіктер шектеілу адамдар оқуға, жұмысқа, медициналық мекемелерге баруға, мәдени және спорт шараларына қатысуға мүмкіндік алды. 



Бүгінгі күнде «инватаксидің» кеңінен таралғанынан көз жеткізу үшін кез келген іздеу ғаламтор бетінде осы сөзді жазған сәттен ақ аталған жобаны іске асыру жайлы, көліктік қызметтің жұмысы туралы және қолданушылардың тағдырларымен бөліскен көптеген мақалаларға тап боласыз. Айта келсек, 2012 жылы еліміздің барлық аумағында 100 000 астам мекен-жай бойынша тасымалдау жұмыстары атқарылды.
 
Үстіміздегі жылда бұл көрсеткіш 20 пайызға өсетін болады, өйткені «Сәби» Қайырымдылық Қоры қосымша Volkswagen маркасының 10 арнайы машинасын сатып алды. Енді бұл көліктер 6 айдың ішінде Германияда жасалып және мүгедектерге ыңғайлы етіп құрастылырып, содан кейін Алматыға жеткізілетін болады. Жаз айларында су жаңа автокөліктер келген сәтте Қазақстанның бірнеше аумақтарындағы мүгедектер қоғамдарына сыйға тартылатын болады. 



Қорытындылай келе, «Мүгедектер – лайықты өмір» жобасының аясында арбадағы мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған сатып алынған автөліктер саны барлығы 62 данаға жетті, Қазақстанның 20 қаласын қамтыды.
Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English