Category

Арнаулы көмек

Батырбекке сүйеніш

By | Арнаулы көмек

Батырбекке сүйеніш Бір ай бұрын «Сәби» Қорына Қызылорда қаласының тұрғыны ндирадан ДЦП-мен ауыратын 2 жасар ұлын оңалту үшін керекті жабдықтарды сатып алып беруін өтініп, көмек сұраған болатын. Ұлын аяғынан тұрғызып қажетті емді қабылдау үшін оған бүкіл мемлекеттерді аралауға тура келді. Бірақ арнайы оңалту құралдарының көмегінсіз дәрігерлердің әрекеттері ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін.

Баласының маңдайына жазылған ауруды жеңу үшін күресіп, тырбаны, ұлына қараудың қаншалықты ана үшін қиын екенін түсініп «Сәби» Қоры осы отбасыға қажетті көмектің барлығын жасауға шешім қабылдады. Қайырымдылық үшін қажетті сома QIWI төлем терминалдарына түсіп, жиналған қаржы игі іске жұмсалды. ДЦП мен ауыратын балаларға арналған швейцариялық құрылғы негізінде жасалған, еңкейтілмелі «Камкор» құрылғысы және арнайы түзету орындығы көп кешікпей Қызылордаға жеткізілді.

Біз, бұл құрылғы сәбимен оның жақындарының өмірін жеңілдетіп, олардың жүздерінен әрдайым күлкі кетпейді деп сенеміз.

Игі істің үлкен-кішісі болмайды

By | Арнаулы көмек

 гі істің үлкен-кішісі болмайды Достар, «Сәби» Қорының жеке есепшотына қайырымдылық үшін QIWI төлем терминалдары арқылы аударған қаржыларыңызға рахмет айтудан шаршамаймыз.

Бір қарағанда аз ғана ақша болып көрінгенімен, олардың үлкен іс бастауға зор көмегі тиюде. Бұл жолы Сіздер жолдаған қаражат көмегімен айықпас дерт – склерозбен сырқаттанған 1 топтағы мүгедек жас ұстазға жәрдем жасадық.

Бұлшық еттерін қалыпты жағдайда ұстау үшін және мүгедектер арбасына отыра алуы үшін ол жігітке физикалық жаттығулармен айналысу керек. Біз оған арнайы қуатты жаттықтырушы сатып алып бердік. Ол дерттің жас жігітті моральді түрде күйретпегені бізді қатты қуантты. деби талантқа ие бұл жігіт өзінің өлеңдер мен әңгімелер жинағын шығарып та үлгерген. Жас әдебиетші сүйікті ісімен толыққанды айналысуы үшін біздің Қор ноутбукты да сыйға тарту етті.

Осылайша, достар, Сіздер қайырымдылыққа жұмсаған 200, 500, 1000 теңгенің арқасында бір адамның өмірін жақсы жағына өзгерттіңіздер!
рбір тиынның маңызды екенін естен шығармаңыздар! «Көп түкірсе – көл» немесе «Тиыннан теңге құралады» деген осы…

Біздің Никитаға – 25!

By | Арнаулы көмек

Уақыт деген зымырап өтіп барады. Қорымыздың кішкентай кезінен мүгедек болған, Бала Сал ауруының ауыр дертінен азап шегіп жүрген Никита Базолевпен танысқанына 10 жыл болды. р жыл сайын «Сәби» бозбаланың жанұясына азык-түлік, дәрі-дәрмекпен және үй тұрмысына арналған химиялық заттармен материалдық көмек көрсетеді, жиынтық оларға, бірнеше айға қамтамасыз ету үшін жиналады.



Биыл Никитада мерейтой, оған жиырма бес жас толды. Мерейтой иесіне қонаққа келгенде, Библяны оқып отыр екен. Сондай ауыр дертке шалыққан баланың ішінде таңқаларлық ашық жанды жас баланы көруге болда және анық көзінде үлкен аржайылығы білінеді. 



Никитаның алдынғы мерейтойларын бірге қарсаламыз деп сенеміз және де әр кездесуіміз уміт пен жылылыққа толы болады.

Арианнаның аяқтан тік тұруына асар шақырамыз

By | Арнаулы көмек

Бірнеше күн бұрын «Сәби» Қорының мекен-жайына кішкентай алматылыққа көмек көрсету туралы хабарлама түсті. Хатты зейінмен қарастырған сәтте, біз он жыл бұрын жас Царевтар жанұясында сүйкімді қыздің дүниеuе келгенін білдік, атына заты сай болғандай есімін Арианна деп қойыпты. Бүлдіршін денсаулығы жақсы, ақыл-ойы дамыған және өте белсенді болып өсті. Жаздың бір жарқын күнінде, табиғат аясында ойнап жүрген кезінде 4 жастағы Арианнаны кене шағып алады. Ата-анасы уақытылы емханаға апарғанымен, дәл сол сәтте энцефалит вирусы анықталмай қойған болатын. 



Содан бері Царевтардың өмірлік кезеңі сол қатерлі күнге дейінгі бақытты шақ пен кейінгі арпалыс жылдар болып екіге шағылды. Арасына бір жыл салып барып, дәрігерлер ақтық –энтеровирус этиологиясының салдарынан ми қабынуы (энецефалит) диагнозын қойды. Туған-туысқандардың басына түскен қиыншылық жентек қардай домалап, мерзім өткен сайын ауырлай түсті, бұндай қатер мезгілмен инфекцияны анықталмағанының салдарынан туылып отыр еді. Ал күнде қиналып жүрген кішкентай қыз, кейіннен өздігінен жүре де, сөйлей де алмай, көз жанарынан айырылып барады. 



Алты жыл бойы бұл дертке беріліспей күрескен жанұяның барлық қаражаты таусылып, мүліктері де сатылып бітті. Психологиялық сынақты көтере алмаған жұпқа айырылысуға тура келді. Жалғыз басты ана енді шығындарды өтеуіне шамасы келмей қажып кетті. 



Біздің Қор Арианның тағдырына немқұрайлықпен қарауға мұршасы болмады. Нысаналы жобалар бойынша жұмыс атқарып жүргенмен де, бізде атаулы көмек жасалмайтын болатын, бірақ та «Сәбидің» басшылығы қалпына келтіретін ем-домның бір кезеңіне жететін қаржыны бөлуге шешім қабылдады. 



Біз өз тарапымыздан қайратты анаға рухын түсірмей, барлық күш-жігерін жинап бұл қиыншылықты жеңуге тілек айтамыз. 



Егер де, оқырман арасында кішкентай Арианнаға көмек көрсеткісі келетіндер болса, төменде көрсетілген банктік шоттың нөмірін жазып отырмыз, немесе сайтта көрсетілген байланыс телефондары бойынша біздің жұмыскерлермен хабарласуыңызға болады. 



Теңге арқылы жіберетін болсаңыз:

Бенефициар: Царева Татьяна Владимировна

Бенефициардың СТН: 600318744309

шот нөмірі: KZ786010002004093418 

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 

Б К HSBKKZKX

Банктің СТН: 600400055239

Банктің Б Н: 960941000145



Валютамен жіберетін болсаңыз (USD):

Бенефициар: Царева Татьяна Владимировна

Бенефициардың СТН: 600318744309

Шот-нөмірі: КZ10722R000023340434

Банк аталуы: АО «KASPI BANK»

Б К CASPKZKA

Уақытылы келген көмек

By | Арнаулы көмек

Ұзақ жылдар бойы «Сәби» Қоры Базолевтер жанұясының хал-жағдайымен сұрап біліп жүреді. Біз бірнеше жыл бұрын С. Бегалин атындағы қалалық кітапханада өткізілген салтанатты шарада жас баланы мүгедектерге арналған арбамен әкелген әжені көріп, жақынырақ келіп олармен таныстық.

Сол кезден кейін Никита өсті, бірақ ауыр церебральді сал ауруына шалдыққан бала аяғымен нық тура алмады, барлық салмақты өзіне тартқан әжесі бүгінгі күнде әбден қажып кетті. Екі адамнан тұратын бұл кішкентай ғана жанұя кедейліктін күйін кешіп жүргенмен, үйдің иесі ешкімге өз мұңын айтпай, бар күшін салып күнделікті күйбең-тірлігін жасап, қозғалу мүмкіндігі жоқ жас баланы бағып күтіп отыр. Сырттан еш көмек күтпей жүрген бұл адамдар өз рухтарын түсірмей, мардымсыз болса да өз зейнетақыларын қанағат тұтып жүр.

Осындай қиын жағдайда болған бұл жанұяның ауыр жағдайын сәл жеңілдету ойымен, біз әрқашанда оларға көмек жасауға дайын тұрамыз, көп уақыт сақтауға болатын, жармалар, қант, ұн, кеспе, май,чай және тағы басқа азық-түліктің қорын сатып алып қойдық. Сонымен қатар дәрі-дірмек және басқа да керекті заттарды алуға қажетті сома бөлінді. Осындай шаралар әжесімен немересіне біраз уақыт бойы өткір мұқтаждықды сезбеуге мүмкіндік береді.

Үлкен кісінің көзіне келген шынайы жасын білдіртпей сүрткенін байқағанда, біз үшін ол мың алғыс сөзден артық көрінді.

Шығармашылыққа бөгет жок

By | Арнаулы көмек

Шығармашылыққа бөгет жок Маусымның 15-ші жұлдызында, қасиетті жұма күні «Эльдани» Қайырылымдылық Қорының ұйымдастыруымен болған Шыңберген Амантурлин атындағы мүмкіндіктері шектеулі жастар арасында қолданбалы халық өнері бойынша Республикалық сайысының қорытындысы белгілі болды.

Қазылар алқасының назарына саз балшықтан, киізден, қағаздан, теріден және моншақтардан жасалған ұсақ-түйектер, «батик» техникасымен салынған суреттер, кестелер және тағы да басқа көптеген бұйымдар көрсетілді. Жұмыстарды орындаған конкурстанттардың дарындылығы мен ынтасы көрермендерді тәнті қылды.

Былтырғы жылдың тамыз айынан бастап үстіміздегі маусымға дейін, яғни тоғыз ай бойы қалалық мерекелердің көрмелері мен жәрмеңкелерінде алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтары «ерекше» ұл-қыздарымыздың қолынан шыққан шығармаларын көріп олардың бірегей мүмкіндіктеріне куә болды. Ал ұнаған бұйымдарға баға беру үшін www.eldany.kz сайтында әр адамның дауыстары ескерілді.

Жеңімпаздар Rixos қонақүйінің қабырғасында салтанатты түрде марапатталды. «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты біздің Қордың жобасы бойынша серіктестік болып табылатын «Эльданидің» осындай бір тамаша кешін біз назарсыз өте кете алмадық. «Сәби» Қорының Президентінің жарлығымен 140 000 қаржылай сыйақы құрылған болатын, бұл сома барлық лауреаттардың арасында тепе-теңдікпен таратылды.

Бұл жыл сайын өткізіліп жүрген сайыс дәстүрге айналып, мүмкіндіктері шектеулі жастарға өз дарындарын ашуға және сонымен қатар потенциалды сатып алушылар мен инвесторларға жол ашатын болатын.

Никитамен көрісу

By | Арнаулы көмек

Тағдырдың салған ауыр сынақтарымен бетпе-бет кездескен, Никита Базолев пен оның әжесiне «Сәби» Қоры сегіз жыл бойы қол ұшын тигізіп жүр. Сайтымыздың беттерінде біз бұл кісілердің басына түскен ауыртпашылықтары туралы бiрнеше рет айтып өткенбіз.

Шағын ғана Базолевтер тату жанұясымен жыл сайын көріскен кезде, олардың құдыретті рухына шын көңілмен бас иеміз. Никитаға жолыққанда, біз оның серуендеп жүрген жерінен, ал үй иесі – әжесін, күнделік үй тіршілігінің айналысында таптық. Жалғыз немересінің арқауы – деген ұғыну Лидия Александровнаға күш-қуат береді: жасы сексеннен асқан үлкен кісі қан қысымының артуына қарамасатан өзін-өзі белсенді ұстан жүр.

Қамқорлығымыздағы адамдарға, өткен жылдар сияқты біз бірнеше айға жететін дәрі-дәрмек сатып алуға қажетті қаржы сомасын және азық-түлік беріп жібердік. Бұл азын-аулақ көмек Базолевтердің мұқтаждығын уақытша болса да, сездірмеуге мүмкіндік береді.

Қамқорлыққа алынған отбасына бару

By | Арнаулы көмек

Көп жылдардан бері «Сәби» қорының қызметкерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған Никита Базолев пен оның әжесіне барып тұрады.

Бозбала туылған сәтінен бері мүгедектер орындығына таңылған – ол БЦС-ның ауыр формасына шалдыққан, ал кемпір Никитаның әкесінің қайтыс болуынан кейін оның жалғыз ғана жақын адамы болып қалған және, өзінің егде жасы мен көптеген аурумен ауыратындығына қарамастан немересіне кез келген күтушіден артық қарап келеді.

Жыл сайын Қорымыз осы отбасына көмек көрсетіп отырады, себебі екеуінің зейнетақысы аса қажетті заттардың өзін сатып алуға әрең-әрең жетеді.

Шағын қолма-қол ақшалай сомамен қоса, біз азық-түлік жиынтығын: жармаларды, қант, май, көкөністер, жемістер мен өзге азық-түліктерді әкеп бердік

Русский

Қазақ тілі

English