Игі істің үлкен-кішісі болмайды

 гі істің үлкен-кішісі болмайды Достар, «Сәби» Қорының жеке есепшотына қайырымдылық үшін QIWI төлем терминалдары арқылы аударған қаржыларыңызға рахмет айтудан шаршамаймыз.

Бір қарағанда аз ғана ақша болып көрінгенімен, олардың үлкен іс бастауға зор көмегі тиюде. Бұл жолы Сіздер жолдаған қаражат көмегімен айықпас дерт – склерозбен сырқаттанған 1 топтағы мүгедек жас ұстазға жәрдем жасадық.

Бұлшық еттерін қалыпты жағдайда ұстау үшін және мүгедектер арбасына отыра алуы үшін ол жігітке физикалық жаттығулармен айналысу керек. Біз оған арнайы қуатты жаттықтырушы сатып алып бердік. Ол дерттің жас жігітті моральді түрде күйретпегені бізді қатты қуантты. деби талантқа ие бұл жігіт өзінің өлеңдер мен әңгімелер жинағын шығарып та үлгерген. Жас әдебиетші сүйікті ісімен толыққанды айналысуы үшін біздің Қор ноутбукты да сыйға тарту етті.

Осылайша, достар, Сіздер қайырымдылыққа жұмсаған 200, 500, 1000 теңгенің арқасында бір адамның өмірін жақсы жағына өзгерттіңіздер!
рбір тиынның маңызды екенін естен шығармаңыздар! «Көп түкірсе – көл» немесе «Тиыннан теңге құралады» деген осы…

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English