Қамқорлыққа алынған отбасына бару

Көп жылдардан бері «Сәби» қорының қызметкерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған Никита Базолев пен оның әжесіне барып тұрады.

Бозбала туылған сәтінен бері мүгедектер орындығына таңылған – ол БЦС-ның ауыр формасына шалдыққан, ал кемпір Никитаның әкесінің қайтыс болуынан кейін оның жалғыз ғана жақын адамы болып қалған және, өзінің егде жасы мен көптеген аурумен ауыратындығына қарамастан немересіне кез келген күтушіден артық қарап келеді.

Жыл сайын Қорымыз осы отбасына көмек көрсетіп отырады, себебі екеуінің зейнетақысы аса қажетті заттардың өзін сатып алуға әрең-әрең жетеді.

Шағын қолма-қол ақшалай сомамен қоса, біз азық-түлік жиынтығын: жармаларды, қант, май, көкөністер, жемістер мен өзге азық-түліктерді әкеп бердік

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English