Никитамен көрісу

Тағдырдың салған ауыр сынақтарымен бетпе-бет кездескен, Никита Базолев пен оның әжесiне «Сәби» Қоры сегіз жыл бойы қол ұшын тигізіп жүр. Сайтымыздың беттерінде біз бұл кісілердің басына түскен ауыртпашылықтары туралы бiрнеше рет айтып өткенбіз.

Шағын ғана Базолевтер тату жанұясымен жыл сайын көріскен кезде, олардың құдыретті рухына шын көңілмен бас иеміз. Никитаға жолыққанда, біз оның серуендеп жүрген жерінен, ал үй иесі – әжесін, күнделік үй тіршілігінің айналысында таптық. Жалғыз немересінің арқауы – деген ұғыну Лидия Александровнаға күш-қуат береді: жасы сексеннен асқан үлкен кісі қан қысымының артуына қарамасатан өзін-өзі белсенді ұстан жүр.

Қамқорлығымыздағы адамдарға, өткен жылдар сияқты біз бірнеше айға жететін дәрі-дәрмек сатып алуға қажетті қаржы сомасын және азық-түлік беріп жібердік. Бұл азын-аулақ көмек Базолевтердің мұқтаждығын уақытша болса да, сездірмеуге мүмкіндік береді.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English