Monthly Archives

December 2016

Келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

By | Жаңалықтар

Келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын! «Сәби» Қайырымдылық Қоры барша қазақстандықтарды келе жатқан жаңа жыл меркесі мен құттықтайды!

Жаңа жыл деген көп күткен тілектердің орындалатынына үміттенетін, сондай-ақ осындай күнде жарқын және бақытты болашақтың басын бастайтын еркеше мейрам. Сіздерді шын жүректен келер жылда алдарыңа қойған мақсаттарыңызға үлкен сеніммен жетіп, өздеріңіздің ерекше екендігіңізді және шексіз мүмкіншілігіңіздің бар екендігін дәлелдей жаңа жылға қадамдарыңызды басыңыз. Жыңы жыл шуақты әрі жақсы хабарларға толы болсын.

2017 жыл сіздерге бақыт, табыс, отбасыңызға амандық әкелсін және жаңа жетістіктермен шындардан көрінулеріңізге тілектеспіз!

Балалар үйінің тәрбиеленушілерінен жаңа жылдық сыйлық.

By | Жаңалықтар

Балалар  үйінің тәрбиеленушілерінен жаңа жылдық сыйлық. 4 жыл бұрын Қызылорда қаласында «Сәби» Қайырымдылық қорының қолдауымен 60 орындық қалалық балалар үйі салынып пайдалануға берілген болатын. Жас тәрбиеленушілер нысанға қоныстанғаннан соң, нысан мамандандырылған мекеме мәртебесін иемденеді, ал бұл дегеніміз балалар әлеуметтік көмекпен қатар, қажетті емдеу шараларында ала алады. Мұндай өзгерістердің нәтиежесі көп күттірмей өз жемісін бере бастады – балалар тезірек дамып, ауыру деңгейі азайды.

Қалалық балалар үйінің ашылуынан кейінгі көп жылдардан соң, тәрбиеленушілер «Сәби» Қайырымдылық Қорына алғыстың белгісі ретінде әсерлі сыйлық жасады. гі істер атқарып, көмекке қол ұшын созып жатқан адамдардың белгісін, қатысын білдіретін кішкентай қолдардың саусақ іздерінен жасалған жүректің суреті. Ол балаларға өз жүректерін жарқын болашаққа ашып, жанындағыларға сеніммен қарауға көмектеседі.

Біз шын жүректен, қазіргі балалардың үлкен еңбекпен жасалған еңбегі болашақта лайықты жауабын алатынына сенеміз!

“Сәби” қорының Президенті “Құрмет” орденімен марапатталды

By | Жаңалықтар

"Сәби" қорының Президенті "Құрмет" орденімен марапатталдыЖуырда “Сәби” қайырымдылық қорының Президенті Асель Тасмағамбетова өзінің белсенді қоғамдық қызметі және қайырымдылық істері үшін “Құрмет” орденімен марапатталды. Мұндай құрметті Мемлекеттік марапатты оған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек табыстады.

14 жылдан астам уақыттан бері ол жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік қорғалмаған жанұялардағы талантты балаларға, денсаулығында кінәрат бар балалар мен физикалық тұрғыдан мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, жас кәсіпкерлерді қолдап келеді.

“Сәби” қорының қызметкерлері, бенефициарлары және серіктестері Асель манғалиқызын лайықты Мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, оған қайырымды істер жолында мол қуат пен жарқын сенім тілейді!

Ақтөбеде жаңа әлеуметтік объект ашылды

By | Ақтөбе қ. балалар үйлерінің

Ақтөбеде жаңа әлеуметтік объект ашылды Кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 25 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласында «Сәби» Қайырымдылық Қорының қолдауымен салынған жаңа объект – «Мейірім» жастарды бейімдеу ортылығының (Балалар үйінің түлектеріне аралған әлеуметтік жатақхана) ашылу салтанаты өтті.

Жиынға Ақтөбе қаласының және облысының басшылары, «Сәби» Қорының серіктес құрылтайшысы, меценат Кеңес Ракишев пен кешеннің болашақ тұрңындары қатысты.

Қазіргі таңда ғимарат құрылысы аяқталған. Тәрбиеленушілердің оқу-тәжірибелік процессін жақсарту үшін жағдайлар жасалған. Осы орайда жобада тігін цехы, аяқ киім жөндеу шеберханас, гүл дүкені, сұлулық салоны, директордың қабылдау бөлмесі, кеңселер, бухгалтерия, акт залы және емдік жаттығуға арналған зал да қарастырылған. Сондай-ақ, бірбөлмелі 16 пәтері бар тұрғын корпусы салынды. Оның бірінші қабаты мүгедектер арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.

Келер жылы көктемде құрылыстың екінші этапын аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғындары түгелдей кешенге орналастыру, ғимарат маңын көгалдандыру және спорт алаңқайларын орнату да осы мерзімде жасалмақ.

Тәуелсіздік құтты болсын, қазақстандықтар!

By | Жаңалықтар

Тәуелсіздік құтты болсын, қазақстандықтар! Өткен 25 жылдың ішінде Қазақстан қиын күндерді бастан кешті: әлемге ұлы даланың рухты ұлты екенін дәлелдеп, табандылығын көрсете білді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – қазақстандықтардың билікке және көшбасшымызға деген сенімінің өскен кезеңі. Отанға деген сүйіспеншілік артып, дәл осындай көпұлтты зайырлы мемлекетте өсіп-өніп, ұрпақ тәрбиеледі.

Қазіргі таңда қазақстандықтар бейбіт мемлекетте өмір сүріп, халықтың жақсы өмір сүруі үшін жыл сайын жаңа жетістіктерге қол жеткізген елде тұратынын мақтаныш қылып айта алады.
Міне, биыл еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтіп,барлығымыз бірге жарқын келешегімізге қадам басамыз.

«Сәби» Қайырымдылық қоры барлық отандастарды осы маңызды мерекесімен құттықтай отырып, Қазақстанның барша тұрғындарына болашағының гүлденуін, келешегіне нық қадам басар сенімінің артуын тілейді!

Жас математиктердің қызықты өмірі

By | «Әлем» бағдарламасы

Жас математиктердің қызықты өмірі 2016 – 2017 оқу жылы “Сәби” Қайырымдылық Қорының қамқорлығындағылар үшін маңызды әрі нәтижелі өтуде. Олар « лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы аясында талантты жас математиктер курсына қатынасып жүр. Бұл курстар қатысушылардың оқу үлгеріміне оң нәтижесін беруде. Оның дәлелі ретінде балалардың алгебра және геометрия пәндері бойынша алғашқы тоқсанды жақсы бағамен аяқтағанын айта аламыз.

Математикаға баулитын бұл курс балалардың қабілетін арттырып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуіне септігін тигізеді. Осы уақытқа дейін 5 адам айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Акежан және Даулет Алибаев есімді ағайындылар Алматы қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебіне оқуға түсіп, олимпиадалық құрамда алдыңғы орындарға ие болды. Курстың келесі оқушысы Даутали Аяжан да Назарбаев интеллектуалды мектебіне физика-математика бағыты бойынша оқуға түсті. Жас математик Темирлан Толепбек Алматы қаласындағы #134 физика-математика бағытындағы гимназияға оқуға түсіп, биылғы жылғы республикалық Жәутіков олимпиадасының финалына жолдама алды.
Курс оқушылары түрлі деңгейдегі сайыстарда да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Мысалы, Максим Гура есімді оқушы РФМШ робототеxникадан өткен Республикалық олимпиадада олимпиада құрамасының құрамында 50 қатысушы команда арасынан 9 – орын иеленді. Олимпиадаға алғаш қатысып отырған Максимның командасы үшін бұл – үлкен жеңіс.

Сонымен қатар дайындық орталығы қамқорлығымыздағы балалар үшін ағылшын тілінен, физикадан, xимиядан тегін сабақтар жүргізеді, оқу барысында жеткен жетістіктерді дәріптеу мақсатында түрлі мәдени шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Оқушылар үшін нағыз нұсқаушы бола білген оқытушылардың мұндай жанкешті жұмысы сабаққа қатысудың 100 % – дық көрсеткішін көрсетуге және керемет нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Русский

Қазақ тілі

English