“Сәби” қорының Президенті “Құрмет” орденімен марапатталды

"Сәби" қорының Президенті "Құрмет" орденімен марапатталдыЖуырда “Сәби” қайырымдылық қорының Президенті Асель Тасмағамбетова өзінің белсенді қоғамдық қызметі және қайырымдылық істері үшін “Құрмет” орденімен марапатталды. Мұндай құрметті Мемлекеттік марапатты оған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек табыстады.

14 жылдан астам уақыттан бері ол жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік қорғалмаған жанұялардағы талантты балаларға, денсаулығында кінәрат бар балалар мен физикалық тұрғыдан мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, жас кәсіпкерлерді қолдап келеді.

“Сәби” қорының қызметкерлері, бенефициарлары және серіктестері Асель манғалиқызын лайықты Мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, оған қайырымды істер жолында мол қуат пен жарқын сенім тілейді!

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English