Ақтөбеде жаңа әлеуметтік объект ашылды

Ақтөбеде жаңа әлеуметтік объект ашылды Кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 25 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласында «Сәби» Қайырымдылық Қорының қолдауымен салынған жаңа объект – «Мейірім» жастарды бейімдеу ортылығының (Балалар үйінің түлектеріне аралған әлеуметтік жатақхана) ашылу салтанаты өтті.

Жиынға Ақтөбе қаласының және облысының басшылары, «Сәби» Қорының серіктес құрылтайшысы, меценат Кеңес Ракишев пен кешеннің болашақ тұрңындары қатысты.

Қазіргі таңда ғимарат құрылысы аяқталған. Тәрбиеленушілердің оқу-тәжірибелік процессін жақсарту үшін жағдайлар жасалған. Осы орайда жобада тігін цехы, аяқ киім жөндеу шеберханас, гүл дүкені, сұлулық салоны, директордың қабылдау бөлмесі, кеңселер, бухгалтерия, акт залы және емдік жаттығуға арналған зал да қарастырылған. Сондай-ақ, бірбөлмелі 16 пәтері бар тұрғын корпусы салынды. Оның бірінші қабаты мүгедектер арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.

Келер жылы көктемде құрылыстың екінші этапын аяқтау жоспарланып отыр. Тұрғындары түгелдей кешенге орналастыру, ғимарат маңын көгалдандыру және спорт алаңқайларын орнату да осы мерзімде жасалмақ.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English