Monthly Archives

March 2015

Микеле Феррероның тәтті жетістіктері

By | Бағы жанғандар

Микеле Феррероның тәтті жетістіктері Ол сухбат берген емес, көпшіліктің алдында қара көзілдірігін тастамады және тәттілердің жаңа түрлерін шығару үшін зертханасында көп уақыт өткізді. Қазына – мүлігі 26,5 миллиард доллар болатын ең бай итальяндық Nutella пастасын, Kinder шоколад жұмыртқасын және Raffaello кәмпиттерін ойлап шығарды.Оның білімі католик мектебімен шектелді, байып кетседе MBA дипломын алғысы келмеді және де өмірінің соңына дейін жергілікті диалектісінде сөйледі. Осының бәрі Микеле Ферреро (26.04.1925, Дольяни, талия – 14.02.2015, Монако).

Осы жерден оқыңыз.

Біз ҰБТ-ден қорықпаймыз

By | «Білім беру» жобасы

Біз ҰБТ-ден қорықпаймыз Оқу жылының аяқталуына және де Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің басталуы да жақындап келеді.

«Сәби» Қорының төлеп жатқан дайындық сабақтарына қатысып жүрген біздің қамқорлығымыздағы интернатпен балалар үйлерінің балдары ҰБТ дайындықтың соңғы кезеңіне жетіп қалды. Қазір олар өміріндегі басты емтихандарына ерінбей дайындалуда бір жағынан олар 11 жыл ішіндегі алған өз білімдерін тексеріп сонымен қатар ЖООна қабылдау тестілеу.

рине күнделікті мектеп оқуымен қосымша оқудың қатарлас келгені қиын. Бірақта тұрақты аралық тестілеуде қатысушылардың үлгерімі ай сайын жоғарлап жатқанын көрсетуде және де ҰБТ армандаған ұпайын алу қолынан келетін мақсат.

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

By | Жаңалықтар

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Қазақстандықтар!

«Сәби» Қайырымдылық Қоры сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Жамандықтарды артта қалдырып, ескі реніштерді ұмытып, үлкендердің батасын ала отыра бір-бірімізді құттықтайық. Өйткені осы қасиетті Наурыздың күндерінде айтқан тілектеріміз міндетті түрде орындалады.

Көктемнің күн мен түннің теңелу күні сіздерге жақсылық, бақыт және үйлеріңізге жайлық әкелсін!

Даринаға арналған арба

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Даринаға арналған арба Осы жылдың қаңтар айында біздің Қорға Семей қаласының тұрғыны Дарина атты мүгедек қызына арнайы қымбат арбаны сатып әперу өтінішімен хабарласты. Өкінішке орай жасөспірім мидың сал ауруына және орталық жүйке жүйесінің туғаннан бері даму ақауына шалдыққан.

Қыз өзі Қытай елінде емдеу курсын өтіп шықты. Тұрақты денсаулығын сақтау үшін оған үнемі массаж, инетерапиясын алып тұру керек және емдеу – денешынықтыру бөлмесінде жаттығу керек. Оған қоса омыртқасынан ауыртпалықты түсіріп арқасынын дұрыс қалпын ұстау үшін арнайы мүгедек арбасы қажет болып тұр.

Қыздың емделуіндегі оңды өзгерістерін ескере отырып «Сәби» Қоры анасының өтінішін қолдауды шешіп Даринаға 3 жылдан көп қызмет ететін (Польшаның) Akces-MED компаниясында жасалған Рейсер Плюс арбасын сатып алды.

«Сәби» Қоры. Жобалардың ынтымақтастығы

By | «Әлем» бағдарламасы

«Сәби» Қоры. Жобалардың ынтымақтастығы «Сәби» Қорының дарынды жастарды қолдау « лем» Бағдарламасының аясында 7-8 сынып оқушыларынан есепке құштарлығы бар 10 дарынды балалар сұрыпталып, алғыр математиктерге арналған курстар жарты жыл бойы жүргізіліп келе жатыр. Аталған сабақтар былтырғы 2014 жылғы «Өз ісіңді жаса» байқауының грант иегері – оқу орталығында өткізілуде.

Осындай, бір жағынан әр түрлі жобалардың ынтымақтастығы өте керемет нәтижелер беріп жатыр. Біріншіден « лем» бағдарламасының басты идеялары орындалып жатыр, екіншіден жас кәсіпкерге қолдау көрсетіліп, оның жұмысын алға басуына, яғни 5 жыл бойы тапсырыс беруге кепілдік бар.

Осы жылы «Өз ісіңді жаса» байқауының кейбір грант иегерлерімен биыл да серіктестік құруды жоспарлар отырмыз.

Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!

By | Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!

Қымбатты ана – әжелер, қыздар мен қарындастар, бикештер мен әйелдер!

«Сәби» Қайырымдылық Қоры сіздерді шын жүректен 8 Март мерекесімен құттықтайды!

Тілектерді айта отырып сіздерге осы көктем өлең сөздерін арнаймыз:

Бәйшешек гүлі сіздерге нәзіктік сыйласын!
Көктем нұры жылу әкелсін!
Наурыз лебі үміт сыйлап,
Махаббат пен жақсылықты қоса әкелсін!

Астана қ. балалар ауылы салынбайтын болды

By | Отбасылық түрдегі балалар �

Қазіргі уақытта Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың саны азайып келе жатыр. Бұндай өзгерістер асырап алу заңнамаларын жетілдіргеніне, қамқоршылар мен тәрбиеленушілердің жәрдемақыларын ұлғайтқанына және жалпы халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарғанына байланысты болды.
Балалар және сәбилер үйлерінде тұрып жатқан тәрбиеленушілердің сандары да азайып барады. Бұрында әлеуметтік мекемелер лық толы болған кездер артта қалып, бүгінгі күнде олар тек жартылай ғана толыққан. Көптеген аумақтарда жетімдер үйлерді бір-бірімен қосып қайта құрылымдау мәселесі де талқыланып жатыр.
Осындай статистика астанамызды да айналып өткен жоқ. Астана қаласындағы Білім беру басқармасының ең соңғы деректеріне жүгінсек 250 адамға арналған «Балалар үйі» КММ-де 163 ғана бала тәрбиеленуде, 91 адамдық «Астана қ. SOS балалар ауылы» 67 баламен толыққан.
Сондықтан да, «Сәби» Қорымен жоспарланған Астана қаласындағы 100-140 балаға арналған Балалар ауының құрылысын ары қарай жалғастыру жөнсіз деп табылды.
рине, осы уақытқа дейін жұмсалған қаржыны яғни жер телімін ресімдеу, геологиялық зерттеу, топографиялық түсірілім, мемлекеттік сарапқа 100 % дайындалған жобалау-сметалық құжаттарды жасауға кеткен қаражатты қайтару мүмкін емес. Алайда осы тоқтатудың басты себебі балалардың қазыналық мекемеде емес нағыз жанұяларда тәрбиленетінін біле отыра біз қатты өкінбейміз.
Осы аталған Балалар ауылы құрылысын орындауға бөлінген қаражат енді жаңа жоба – Ақтөбе қаласындағы денсаулығында ахуалы бар балалар үйлерінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақхана салуға жұмсалатын болады.

Русский

Қазақ тілі

English