Астана қ. балалар ауылы салынбайтын болды

Қазіргі уақытта Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың саны азайып келе жатыр. Бұндай өзгерістер асырап алу заңнамаларын жетілдіргеніне, қамқоршылар мен тәрбиеленушілердің жәрдемақыларын ұлғайтқанына және жалпы халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарғанына байланысты болды.
Балалар және сәбилер үйлерінде тұрып жатқан тәрбиеленушілердің сандары да азайып барады. Бұрында әлеуметтік мекемелер лық толы болған кездер артта қалып, бүгінгі күнде олар тек жартылай ғана толыққан. Көптеген аумақтарда жетімдер үйлерді бір-бірімен қосып қайта құрылымдау мәселесі де талқыланып жатыр.
Осындай статистика астанамызды да айналып өткен жоқ. Астана қаласындағы Білім беру басқармасының ең соңғы деректеріне жүгінсек 250 адамға арналған «Балалар үйі» КММ-де 163 ғана бала тәрбиеленуде, 91 адамдық «Астана қ. SOS балалар ауылы» 67 баламен толыққан.
Сондықтан да, «Сәби» Қорымен жоспарланған Астана қаласындағы 100-140 балаға арналған Балалар ауының құрылысын ары қарай жалғастыру жөнсіз деп табылды.
рине, осы уақытқа дейін жұмсалған қаржыны яғни жер телімін ресімдеу, геологиялық зерттеу, топографиялық түсірілім, мемлекеттік сарапқа 100 % дайындалған жобалау-сметалық құжаттарды жасауға кеткен қаражатты қайтару мүмкін емес. Алайда осы тоқтатудың басты себебі балалардың қазыналық мекемеде емес нағыз жанұяларда тәрбиленетінін біле отыра біз қатты өкінбейміз.
Осы аталған Балалар ауылы құрылысын орындауға бөлінген қаражат енді жаңа жоба – Ақтөбе қаласындағы денсаулығында ахуалы бар балалар үйлерінің түлектеріне арналған әлеуметтік жатақхана салуға жұмсалатын болады.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English