Monthly Archives

July 2013

Митио Каку. Күрделі туралы қарапайым тілмен

By | Бағы жанғандар

Митио Каку. Күрделі туралы қарапайым тілмен Митио Каку́ (Калифорния, АҚШ, 1947 жылы 24 қаңтарда дүние келген) — американдық ғалым, теориялық физика саласының маманы. Ғылымның белсенді таратушысы ретінде танылған. Ғылыми-көпшілік кітаптардың авторы.



Осы жылы әйгілі Доктор мамыр айында Астананың Назарбаев Универститетінде дәріс өткізген.



Қазір жазғы демалыстың қызу кезінде сіздерге оның ғылым, техника, космос және болашақ сияқты күрделі заттарды қарапайым әрі тартымды етіп жазылған кітаптарын оқу қызықты болады деп ойладық. нтернетте осы автордың шығармаларына сілтемелер көп. Соның екеуін ұсынамыз:

 
«Болашақтың физикасы», 2012 г. 
http://ezobookslibrary.ru/news/mitio_kaku_…2012-05-20-1072

«Мүмкінсіз физика», 2009 г.
http://ezobookslibrary.ru/news/mitio_kaku_…/2009-10-19-100

Кысқаша автор туралы: 
16 жасында мектепте шахматтың үздігі болды және әке-шешесінің гаражында аянбай ғылыми тәжірибелермен айналысқан. Жасөспірімнің ізденіштеріне көңіл аударған танымал физик Эдвард Теллер кейіннен оны өз қамқорлығына алған.

21 жасында Каку Гарвардты бітіріп Беркли лабораториясында жұмыс істеуді бастады. 25 жасында ғылым дәрежесін алды, ал 26 жасынан бастап Принстон Университетінде дәріс оқыды.

Ширек ғасырдан аса Митио Каку теориялық физика пәнін Нью-Йорктың Сити колледжінде оқытып келеді. Каку Докторы – бірнеше кітаптардың авторы және ондаған басты физикалық журналдарындағы мақалаларының авторы болып табылады. Оның академиялық сөздері ылғи ел аузында жүреді, сондықтан да дәйексөздері ең көп алынатын авторлардың тізімінде ол – 22 орнында тұр. 

Каку тоғыз ғылыми–көпшілік кітаптарды жазды, соның екеуі – «Қиял көрініс» және «Гиперкеңістік» деген шығармалары оқырманның арасында үлкен сұранысқа ие болып бірнеше тілдерге аударылды. Митио Каку радиода және теле бағдарламаларда жиі сұхбат береді, сонымен қатар деректі киноларда да түсіп жүреді.

Каку өзінің ғылыми көзқарастарын көпшілікке таратып, ауқымды ғылыми оқиғаларға және құбылыстарға түсініктеме беріп, соған қоса жай қарапайым сөзбен әлемнің және теориялық физиканың күрделі мәселелерін кең аудиторияға қызық етіп таратқан түсіндіріп бере алған ғалымдардың бірі болып табылады. 

«Инватаксиді» тосудамыз

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

« нватаксиді» тосудамыз«Сәби» Қорымен «Мүгедектерге-лайықты өмір»жоба аясында сатып алынған «инватакси» көліктерінің бір бөлігі Алматыға келіп жеткені туралы асығыспен хабарлаудамыз. Бұл арбада отырған мүгедектердің мұқтажына лайықты етіп қайта жабдықтаудан өткен 10 жаңа Volkswagen автокөлігінің бесеуі жетті.



детте Германияның зауытынан жеткізілген әр топтамасын 6 ай бойы күтуге тура келеді. Бұл тапсырыс сәл жеделірек болып шықты. Қазіргі уақытта көліктер кедендік тазартумен сату алдындағы дайындықтан өтіп жатыр.
 
Қалған 5 көлік тамыздың ортасына қарай күтудеміз. Керекті құжаттарды дайындаудан кейін Талдықорған, Түркістан, Жезқазған, Петропавловск және Алматықалаларының мүгедектер қоғамы сол сәтте қозғалу қиыншылықтары бар адамдарға тегін тасымалдау қызметін іске қосу үшін өз теңгеріміне ақыры екі дана «инватакси» көлігін алады.

Ізгі ниетпен, сіздің «Сәби» Қорыңыз

By | Терминалдар

Ізгі ниетпен, сіздің «Сәби» ҚорыңызЕсеп айыру шотына жанашырлық жердем ретіне түсімдерді күнделікті есептемеге үңіле қарап әлбетте тығыз уақыт кестесімен жүрген танымайтын бір кісінің банк арқылы немесе QIWI төлем терминалы арқылы игі жұмысқа ақша аудару үшін уақытын бөлгені туралы үнемі ойланасың. Шын жүректен жасаған игі жұмысының орнына іштеме күтпеді. Қарапайым алғыс сөздерін де осындай адамға білдіре алмаймыз, өйткені төлемдердің бәрі ақша жіберуші туралы мәліметіcіз өтеді.



Не деген аянышты. ркімммен бетпе-бет кездесіп басқа адамдардың қиын тағдырының түбірін қайырып ақ жүретігі мен бей-жай еместігі үшін, белсенді өмір жайғасымы мен адал қылығы үшін рахметімізді айтқымыз келеді.

 
Сіздердің арқаларыңызда біздің мейірбандарымыз «Сәби» Қоры ең батыл әрі маңызды жобаларын іске асырады. Біздің Қор – сіздің көмегіңізбен демеуіңіздің керек жерге өтетін көпірі болып саналады.



Ризашылығымызды тек қана виртуалды білдіре алатын болсақта, біздің ұйымызда әр теңге бағалы екені туралы және кезекті қайырымдылық жарнаңызды ала тұра біз сіздерге мыңдаған зор денсаулық, сәттілік, аманадық тілейтінімізге сенімді болыңыздар!

Махатма Ганди. Даналық пен философия

By | Жаңалықтар

Махатма Ганди. Даналық пен философия Махатма Ганди (1869-1948) — Үндістан Ұлттық-азаттық қозғалысының идеологы әрі жетекшілерінің бірі. Оның Сатьяграха зорлыққа қарсы философиясы ұлтық және халықаралық бейбітшіл өзгерістер жақтаушыларына ықпалын тигізді. Ол зорлықтың қандай түрі болмасын қабылдамады. 30 жылдан аса өз философиясын тапжылмай уағыздады, соңында бүкіл әлемге зорлыққа қарсы саясатының тиімді екенін дәлелдеп, 1947 жылы Гандидің жігерінің арқасында Үндістан бейбітшіл жолымен Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алды. 

Жаңа оянған елде діни топтастарының арасында елді аузына қарату хұқығына күшті күрес бұрқ етті.

1947 жыл Гандиге қатты түңілумен өтті. Зорлықтың мәнсіз екенің дәлелдеуін тоқтатпады, бірақта оны ешкім естігісі келмеді. 1948 жылдың қаңтарында ұлтаралық итіс-тартысты тоқтату жан-киғыш әрекеті Махатма Гандиді аштықты жариялауға мәжбүр етті. Ол өз шешімін былай деп түсіндірді: «Өлім маған керемет құтылыс болады. Үндістанның өзін өзі құртып жатқанын көрген бишара куәгері болғанша өлгенім артық».
 

Оның аты Үндістанда әулилердің аттары секілді сый құметіне бөленеді. Ұлттың рухани жетекшісі, Махатма Гандидің өмірі зорлыққа қарсы, елін түршіктіретін діни тартыстарға қарсы күресумен өтті, бірақ өмірінің соңғы жылдарында тартыстардың құрбаны болды. Махатма Ұлы жанды білдіреді. Бұл лауазым Гандидің болмысын бұдан жақсы болмас ашады. Ол қандай каста немесе дін тұтымы болмасын үнділердің үлкен сеніміне ие болды, одан көмек пен кеңес сұрауға мындаған адам келді және де сұраған көмегін алды.

[i][/i]

[i]Альберт Эйнштейн:
«Гандидің ойшыл адамдарға тигізген ағлақтық ықпалы біздің заманда артығымен болуы мүмкін дөрекілі күштен әлдеқайда күшті болып келеді. Тағдырымыздың болашақ ұрпағымызға дұрыс жолды көрсетіп, бізге сондай жарқын замандасымызды сыйлағанына ризашылығымызды білдіреміз. Мүмкін болашақ ұрпағымыз осындай қарапайым адамның күнәхар жерімізді басып жүргеніне сенбейтін шығар».[/i](http://www.gandhi.ru/)





Махатма Ганди

«Басында олар сізді елемейді. Сосын сізді күлкі қылады. Сосын сізбен соғысады. Соңында сіз жеңіске жетесіз».

«Қайратсыздар ешқашан кешірмейді. Кешірім қайрат адамның белгісі». 

«Бақыт деген сенің ойың, сенің сөзің және де сенің іс әрекетің бәрі үйлесімді болуы».

«Толық сеніммен айтылған «Жоқ» тек қана біреуге ұнау үшін немесе одна әрі кетсе жағымсыздықтан құтылу үшін айтылған « ә» деген сөзінен жақсы». 

«Намысқа келсек бұл жерде көбінесе заңның күші жоқ».

«Адам өз ойының өнімі: не ойласа сол болып шығады».

«Егер әлемнің өзгергенін қаласаң сол өзгеріс боп өзің бол».

«Мұраттың құндылығы соған жақындай бергенде оның алыстауында. Мұратыңа жеткенде, алға қарай дамуың бәсеңдеп кейін қарай қозғаласың».

«Жалғандықты қаншалықты таратса да, ол ақиқатқа айналмайды, ал ақиқатты ешкім көрмесе де, ол жалған болып шықпайды». 

«Бір тәжірибе мың ағуадан қымбат»[/i]

«Ауыр» мәселелердің шешімі табылды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«Ауыр» мәселелердің шешімі табылды Арбада отыратын мүгедек адамға баспалдақпен көтеріліп-түсу көп әуреге түсіреді, егер де жанында лифт, пандус немесе физикалық тұрыпы қарулы көмекшінің болмаған жағдайда.



Көп қабатты үйлерде арбадағы мүгедектерге көтергіш құрылғылардың болу керек деген қазіргі замануи нормативті талаптар бойынша жауапкершілік тағылса да, көбісі 1 қабаттағы қолдануға жарамсыз пандустармен қана шектеледі. 


Іс жүзінде бұндай жағдайда баламалы таңдау ретінде арнайы бейімделгіш көтергіштер ғана бола алады, ол арбада отырғандарды жоғары және төмен қарай қауіпсіз қозғалыспен қамтамасыз етеді. Бірақ бұл «баспалдақкөтергіштердің» кемшілігі оның бағасында – шамамен біреуі 8000 доллар тұрады, әрине бұны мүмкіндіктері шектеулі көпшілік адамдардың қалтасы көтермейді.
 
Осы мәселені шешу мақсатымен «Сәби» Қайырымдылық Қоры шынжырлы және дөңгелекті көтергіштер құрылғыларды сатып алып оларды жұмыс істеп жатқан « нватакси» қызметіне тегін тапсырады. Арнайы көліктің жүргізушілері, тасымалдау сұранымдарын орындау үстінде олардың көмегімен арбаларда отырған мүгедектерді бейімсіз баспалдақпен жоғары қарай көтеріп және төмен қарай түсіреді. 



Қазіргі кезде « нватаксиде» бұндай құрылымдар Қазақстанның 15 қаласындасәтті қолданып келеді. Жоғарыда айтылған қызметтің кеңейтілуіне байланысты, қосымша 4 көтергіш Петропавл, Талдықорған, Түркістан және Жезқазған қалаларына сатып алынды.

30-20-10!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

30-20-10! «Cәби» Қоры №8 Балалар Үйінде спорттық алаңының құрылысы аяқталғанын мәлімдегеніне бір ай толмай, тап сондай сыйлықты осы шығыс өңіріндегі қаладағы нашар еститін балаларға арналған №4 Мектеп–интернатының тәрбиеленушілері алды.



Спорт пен денсаулық біртұтас – бұл талассыз ақиқат, сол үшін де денсаулығы нашар балалардың жаттығулардан бас тартпай керісінше спорттық ойын түрлерінен айтарлықтай табыстарының бар болғаны аса қуантады. Біздің байқағанымыз жас семейліктердің басты сүйікті спорты болып – футбол табылады. нтернаттың аумағында бірнеше балалар әлеуметтік мекемелерінің командалары арасында жарыстар өткізіліп тұрады. Өз шеберлігін көрсету үшін қаланың әр түкпірінен жас ойыншылар келеді.



Бұрында тіпті тақыр жерде бұрқыраған щаңды басына көтеріп ойнау, жас спортшыларды еш қорқытпады, енді оларда– арнайы жасанды төсенішпен, 4-метрлі қоршаумен, , сонымен қатар кешкі мезгілдеде жаттығуға ерік беретін прожекторлы жарығымен жабдықталған заманауи кәсіби спорт алаңы бар.



Бірақ қуанышқа бөлінгендердің арасында тек қана футболистер емес: баскетбол мен волейболдың әуесқойлары тыс қалған жоқ – алаңның көп функционалды болып келеді – қақпаны алып тастап тіреулерді қойып торды тартса жаңа ойын алаңына айналады.



Бұл ғимарат – «мерейтойлы», «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасының аясында біздің Қормен салынған 30-шы болып келеді, №4 интернаты «Сәбиден» сыйлық ретінде спорттық нысанын алған 20-шы балалар мекемесі, Ал Семей қаласы біздің жобамыздың жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның 10- қаласы болып келеді. Ал осыдан кейін сан сиқырына сенбеуге болмас.



Құрылысқа дейін және кейін фотосуреттер.[/i]

Русский

Қазақ тілі

English