30-20-10! «Cәби» Қоры №8 Балалар Үйінде спорттық алаңының құрылысы аяқталғанын мәлімдегеніне бір ай толмай, тап сондай сыйлықты осы шығыс өңіріндегі қаладағы нашар еститін балаларға арналған №4 Мектеп–интернатының тәрбиеленушілері алды.



Спорт пен денсаулық біртұтас – бұл талассыз ақиқат, сол үшін де денсаулығы нашар балалардың жаттығулардан бас тартпай керісінше спорттық ойын түрлерінен айтарлықтай табыстарының бар болғаны аса қуантады. Біздің байқағанымыз жас семейліктердің басты сүйікті спорты болып – футбол табылады. нтернаттың аумағында бірнеше балалар әлеуметтік мекемелерінің командалары арасында жарыстар өткізіліп тұрады. Өз шеберлігін көрсету үшін қаланың әр түкпірінен жас ойыншылар келеді.



Бұрында тіпті тақыр жерде бұрқыраған щаңды басына көтеріп ойнау, жас спортшыларды еш қорқытпады, енді оларда– арнайы жасанды төсенішпен, 4-метрлі қоршаумен, , сонымен қатар кешкі мезгілдеде жаттығуға ерік беретін прожекторлы жарығымен жабдықталған заманауи кәсіби спорт алаңы бар.



Бірақ қуанышқа бөлінгендердің арасында тек қана футболистер емес: баскетбол мен волейболдың әуесқойлары тыс қалған жоқ – алаңның көп функционалды болып келеді – қақпаны алып тастап тіреулерді қойып торды тартса жаңа ойын алаңына айналады.



Бұл ғимарат – «мерейтойлы», «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасының аясында біздің Қормен салынған 30-шы болып келеді, №4 интернаты «Сәбиден» сыйлық ретінде спорттық нысанын алған 20-шы балалар мекемесі, Ал Семей қаласы біздің жобамыздың жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның 10- қаласы болып келеді. Ал осыдан кейін сан сиқырына сенбеуге болмас.



Құрылысқа дейін және кейін фотосуреттер.[/i]

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English