Monthly Archives

May 2011

Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайынбыз!

By | «Білім беру» жобасы

Алты ай бойы, Білім беру жобасы аясында «Сәби» Қорымен қаржыланған ҰБТ-ге дайындау репетиторлық курстарын, дәлдік және гуманитарлық ғылымдар саласында білімін нығайту мақсатында қамқорлығымыздағы балалар үйлерінің түлектері аса ұқыптылықпен қатысты. Қорытынды нәтижелері, яғни дайындық тестілер көрсеткіштері, бітірушілеріміздің бірнешеуі жоғарғы оқу орындарына ақысыз, мемлекеттік грантымен түсуіне үміттендіріп отыр.

Алайда, маусым айында болатын ҰБТ қорытындысы: жарты жылдық балалар мен ұстаз-жетекшілердің еңбектерінің нәтижесін бағалап, балалар үйлері мен интернаттардың бітірушілерінің әлеуметтік бейімделу үшін репетиторлық орталықпен әрі қарай жұмыс жалғастыру маңызын анықтап беретін болады.

Біз барлық түлектерге Ұлттық Бірыңғай Тестілерді сәтті өткізуіне шын жүректен тілектеспіз!

Бекмамбетов байқауының жартылай финалистері жарияланды

By | «Әлем» бағдарламасы

Бекмамбетов байқауының жартылай финалистері жарияланды 25 мамырда, Астаналық «Арсенал 3D» кинотеатрында, ресми әрiптесi «Сәби» қоры болып табылатын, Бекмамбетовтың сценарийлер Байқауының бiрiншi кезеңінiң қорытындылары бойынша баспасөз-конференциясы өттi.

Iрiктеу комиссиясының мүшелерi жартылай финалға өткен сценарий синопсистері авторларын атап өтті. Ендi қатысушылар ұйымдастырушыларға өз сценарийлерінің толық болжамдарын тапсыруы қажет. 2011 жылғы 1 шілдеден 5 шілдеге дейін болатын Тимур Бекмамбетовтің «Astana» экшн-фильмдер фестивалi аясында Байқаудың финалы өтіп, ең үздік жобалар киноаудиторияға көрсетіледі. Қазақстандықтардан басқа, бұл Байқауда басқа елдерден қатысушылар тапсырыс беріп отыр, дегенмен бестiктегi бiр орын бiздiң отандасқа бұйырып отыр.

10 000 АҚШ долдар көлемінде ұтыс және Бекмамбетовтің «Базелевс» продюссерлiк серiктестiгiмен жұмыс істеуге мүмкiндік алатын бір ғана сценарист атанады. Дегенмен, Байқаудың ұйымдастырушылары финалға өтпеген сценаристерге тағы бiр берген мүмкiншiлiгі: олардың жұмыстары Астанадағы фестивалінде әлемге белгiлi режиссерлер, продюсерлер, сонымен бiрге потенциалдық демеушiлер және жебеушiлердің қатысуымен болатын презентацияда байқалуы мүмкін.

Жартылай финалисттердің тiзiмi мен баспасөз-конференциясы туралы толығырақ мәлімет фестивальдің ресми сайтында http://www.astanafestival.kz бiле аласыз.

“Әлемдікдің” теледидардан көрсетілуі (видео)

By | «Әлем» бағдарламасы

Достар!

« лем» бағдарламасының қатысушысы – Жасұлан Сыдықовтың, Астана кімінің Жаңа Жыл ән-би кешінде және 8 наурыз Халықаралық мерекесіне орай концертінде орындаған әндерінің жазбасын біз аса қуанышпен ұсынып отырмыз. Бұл мерекелік шаралар Қазақстанның мемлекеттік телеарналарында көрсетілген болатын. Жас қостанайлықтың өте сирек кездесетін дарынын вокалдық өнердiң мамандары жоғары бағалады. Қазақстандық эстраданың аясында жас жұлдыздың мұндай қарқынды самғауы, «Сәби» Қайырымдылық Қорының « лем» Бағдарламасының қолдауымен болып отыр.

Қамқорлы болу – әркімнің қолында!

By | Терминалдар

Көпшілігіміз ауыр науқасты адамдар, жетім балалар жайлы теледидардан немесе газет беттерінен көрген кезде, шын көңілімізбен көмек көрсетуге дайын боламыз. Бірақ күнделікті өмірдегі уақыт тығыздығына орай, банк немесе редакцияға барып, мұқтаж адамдарға қайырылымдылық көмегін көрсетуге қол тигізбей жатады. Осылай біздің ізгі ниеттеріміз іске асырылмай қалады.
Енді Қазақстанда қол жетімді әлеуметтік қызмет құрылғанына байланысты, еліміздің әр азаматы жетім балаларға, ауыр науқастыларға және мүгедектерге өз септігін тез және тиімді түрде көрсете алады.

Қайырылымдылық төлемін жүзеге асыру үшін, «QIWI» төлем терминалының алдына тоқтап, интерфейс бетінде «Басқа қызметтерді» таңдап, сонан соң «Қайырылымдық» деген кнопканы басып, таңдаған қор шотына қайырымдылықпен сыйға тартылған ақшаңызды жіберсеңіз болады. Алайда жәрдем үшін берілген ақшаны толығымен мұқтаж адамдарға жеткізіп беретін қай қорға сеніп, тапсыруға болады деген сұрақ туындайды?

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры (www.old.saby.kz) 9 жыл жұмыс барысында бүкіл Қазақстан бойынша 250 000 мұқтаж адамдарға көмек көрсетті, оның ішінде:
210 000 ауыр науқасты үлкендер мен балаларға;
35 000 қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға;
5 000 жетім балаларға.
Жылына – 28 000 адам, күніне – 76 адам сіздің қамқорлығыңызды әрдайым қабылдауда.

р тиын есепте!

Жасөспірімдер жобасы

By | Жасөспірімдер жобасы

 

 

«ЖАСӨСПІРІМДЕР»
ЖОБАСЫ

Жасөспірімдер үйілернің түлектеріне әлеуметтік арнаулы көмек көрсету бойынша
мақсатқа лайықты шараларды жүзеге асыру арқылы олардың әлеуметтік мәртебесін
көтеру

Жобаны ұйымдастырушы және орындаушы:
«Сәби» жекеменшік қайырымдылық қоры» коммерциялық емес ұйым

Жобаның мақсаты:
Жас жеткіншектің әлеуметтенуі барысында мақсатқа лайықты түрде дамуына арнап
жағдай тудыру арқылы Жасөспірімдер үйлері түлектерінің азаматтық қоғамға
ықпалдасу мәселелерін сындарлы шешу.

Жобаны жүзеге асыру мерзімдері:
Тұрақты түрде түрде жұмыс істейтін жоба

Мәселені белгілеу:
Еліміздегі әлеуметтік жетімдіктің өсуі көптеген себептермен туындалуда:
халықтың басым бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, ана мен балаға қолдау
көрсетудің айқын және жан-жақты ойластырылған бағдарламасының жоқтығы, отбасы
мен отбасылық қатынастар құндылығының жоғалуы және т.б.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды оңалту,
тәрбиелеу және олардың білім алу мәселелері Қазақстанда өзге ТМД елдеріндегідей
негізінен дәстүрлі түрде әртүрлі типтегі жетім балаларға арналған мекемелер
жүйесін дамыту арқылы шешілуде.
18-жасқа толған жасөспірімдер Балалар үйінің қабырғасынан сыртқа шықаннан кейін
олардың алдында социумға ықпалдасу мәселесі туындайды. Олардың алдында
түбегейлі өзгерістерге ұшырау, солар өзіне бейімделуге мәжбүр болатын жаңа
әлеуметтік ортаға кірігу мәселесі тұрады. Аталмыш қоғамдық топтың өкілдері
кәсіби тұрғыдан бағыт-бағдар табу, қызметтік және достастық қатынастарын
орнату, өзге жыныспен қатынасуда қиындықтарды бастан кешеді. Олардың басым
бөлігі – балалар әлеуметтік мекемелері түлектерінің 40 %-ы – заң бұзушылардың
қатарына қосылып, не өз өмірін өз-өзіне қол жұмсаумен аяқтайды.
Және бұл Балалар үйінен шыққан балалардың көшеде тұрып қалмайтынының өзінде.
Мысалы, Ресейге қарағанда өзіне бекітілген заңды тұрғын үйі жоқ қазақстандық
жасөспірімдер Балалар үйінің қабырғасынан сыртқа шыққаннан кейін Жасөспірімдер
үйіне жіберіледі, мұнда олар муниципалды жатақхана шартымен 23 жасқа дейін
тұрады. Бұл жасқа дейін жастар білім алып, жұмыс тауып және өз бетінше өмір
сүретіндей шамаға жетеді деп саналады. Алайда, практика көрсетіп отырғандай,
жас кезінен мемлекеттің қамқорлығында болған олардың көп жағдайда әлеуметтік қатынастарды
орнату үшін, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін, дербес шаруашылығын құру
үшін қарапайым дағдылары болмайды.
Осы себепке орай 23 жасқа толған және өздерінің алдында Жасөспірімдер үйіндегі
өз орнын жетімдердің келесі ағымына арнап босату қажеттігі туындап отырған
бозбалалар мен бойжеткендердің басым көпшілігі тұрғын үйдің болмау мәселесіне
тап болып отырады. Олардың баратын жері жоқ, туыстары жоқ, олардың жинаған
ақшасы жоқ, оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер ортақ кезек шарттарына
сәйкес беріледі, кейінгісі қазіргі өмірдің ақиқатына орай ешқашан жетпеуі да
мүмкін.
Жасөспірімдер үйлерінің түлектеріне тұрғын үйге қол жеткізуге көмектесу арқылы
олардың әлеуметтік бейімделуіне арнап қолайлы жағдай тудыру, олардың қоғамға
кірігуіне ықпал ету қазіргі уақытта айрықша өзекті мәселе болып отыр.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

1. Бірінші кезең

Мәселені белгілеп алу:
Қазіргі уақытта балалар үйлерінің түлектері 1997 жылдың 16 сәуіріндегі ҚР
«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй
алудың жеңілдіктеріне ие болғанымен іс-жүзінде бұл тұрғын үйді сол ала алмаған
күйінде қалып отыр, себебі халықтың өзге әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған аз
қамтылған топтарымен бір кезекте тұр. Соған орай, «Жасөспірім» жобасы шеңберінде
«Сәби» Қайырымдылық Қоры жетім -жастарға жеңілдік шарттарымен өз тұрғын үйін
сатып алудың күрделі мәселесі бойынша жәрдем көрсету мүмкіндігін қарастырып
отыр. Бұл жағдайда мынадай шарт принципиалды болып табылады: бұл «қайырымдылық
жасаушы беріп – қайырымдылық көруші алды» деген үйреншікті сұлба болмай, алушы
соған ұзақ уақыт бойы және қажырлы еңбегімен қол жеткізуі тиіс. Мысалы, тұрғын
үй алуға 23 жасқа толған, жоғары білімі бар және қазіргі уақытта жұмыс істеп
жүрген панасыз жетімдер ғана үміткер бола алады. Мұндай жүйе Жетімдер үйінің
түлегін көптеген жылдар бойы өмірін құруға деген жан-жақты ойластырылған және
жауапты көзқарасын қалыптастыра отырып, бар жігерімен еңбек етуге, ойлауға
мәжбүр етеді.

Шешудің жолдары:
Қайырымдылық Қоры «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен біріккен
түрде жұмыс жүргізу жобасын әзірлеуде, бұл жағдайда ол алушының орнына банктің
арнайы депозитіне алушыға арналған тұрғын үй құнының 50 %-ын салады (жуықтап
алғанда, тұрғын үйдің бастапқы құны 40 000 ш.б. болған жағдайда 20 000 ш.б.).
Содан кейінгі 3 жыл бойы Жасөспірімдер үйінің түлегі сол жарнаны өзінің
ебекақысының есебінен ай сайын толықтырып отырады (100 ш.б. х 12 ай х 3 жыл =
3600 ш.б). мерзімі аяқталғаннан кейін ол тұрғын үйді сатып алу үшін жетпей
отырған соманы (40 000 – 20 000 – 3 600 = 16 400 ш.б.) банкіден жылдық 4,5 %
шартымен қарызға алады, оны ол банкіге сонымен жасасқан келісімшартта
көрсетілген бірнеше жыл ішінде тағы да өз еңбеақысы есебінен пайызымен қоса
қайтарады (ай сайынғы төлем 150 ш.б. болған жағдайда орташа есеппен 10 жыл).
Банкімен толық есеп айырысқаннан кейін алушы Қордың алдында өзіне бастапқы
жарнаны (10 000 ш.б.) төлеу үшін ұсынылған соманың 50 % мөлшеріндегі борышты
пайызсыз 5-6 жыл бойы қайтара бастайды.
Ынтымақтастықтың мұндай әдісі өте сындарлы болып табылады. Ол жастарға
Жасөспірімдер үйінің түлегі өз бетінше жинай алмайтын бастапқы жарнаны, әдетте,
өте ірі соманы алу мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар, содан кейінгі қаржылай
төлемдер өзінің қалыпты болуына орай оның бюджетіне сондай бір елеулі жағымсыз
әсерін тигізе қоймайды. Оған қоса, банкі мен қормен ақырғы есеп айырысуды ол
өзінің меншікті тұрғын үйінде тұрып жатып, отбасын құрып, өзінің әл-ауқатын
арттырып үлгерген күйінде жүзеге асыруы мүмкін, бұл несиегерлермен есеп айырысуды
жылдамдатуы мүмкін.

2. Екінші кезең

Мәселені белгілеп алу:
Жасөспірімдер үйлері түлектерінің арасында 23-жасқа қараған шағында ауылға
қажет мамандыққа ие болған адамдар көп. Үлкен қалада ешқандай қолдауы жоқ адам
жас маман жұмыспен, тұрғын үймен, әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіледі
деген шартпен Қазақстанның шалғай ауылдарына тұрақты түрде тұруға кету
ықтималдығын ескерумен.

Шешудің жолдары:
Қор селолар мен ауыл кімдіктерімен бірлескен түрде негізінен ҚР 2008 жылдың 24
желтоқсанындағы «ҚР Ауылдық елдімекендердің әлеуметтік сала мамандарына
әлеуметтік қолдау көрсету және ынталандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық
актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына бағытталумен
Жасөспірімдер үйлерінен шыққан мамандарды тарту және жұмысқа орналастыру,
олардың селода бейімделуіне арнап қажетті жағдайлар тудыру сұлбаларын
әзірлеуде.
Сонымен қатар Жасөспірімдер үйінің басшылығы Балалар үйі түлектерінің одан арғы
уақытта ауылда жұмысқа тұру процесін жеңілдету үшін олардың ауыл шаруашылығында
өзекті болып табылатын мамандықтар алуын насихаттайды.

3. Үшінші кезең

Мәселені белгілеп алу:
Жақын көрші – Ресейдің тәжірибесіне сүйене отырып әлеуметтік мекеме түлектерін
ірі, соның ішінде қала құрушы кәсіпорындарға орналастырудың жағымды нәтижесін
атап кету қажет. Бұл жағдайда жастар үлкен ұжымның қолдауына ие болады, былайша
айтқанда, «полктың балаларына» айналады. Аға жолдастарының қамқорлығы кәсіби
өзара қатынастармен ғана шектеліп қалмайды, ол жұмыстан тыс жағдайларға да
тарайды. Мұнысы жетімдерге назардан тыс қалған аласталған тұлға ретінде емес,
өз-өзін қоғамның толық қанды мүшесі етіп сезінуге мүмкіндік береді.
Соған қоса, кәсіпорынның өз қызметкерлеріне тұрғын үй беру мүмкіндігі аса
маңызды мағынаға ие. Жатақханадан бастап, шын көңілімен адал еңбек еткен
жағдайда меншікті пәтеріне қол жеткізуге дейін.
Оның үстіне, тәжірибе көрсетіп отырғандай, Жасөспірімдер үйі түлектерінің
арасында жоғары зейіндік қасиеттерімен қатар керемет ұйымдастырушылық
қабілетіне ие дарынды балалар да жоқ емес.

Шешудің жолдары:
Қор өзінің міндеті ретінде Жасөспірімдер үйлерінің келешегінен үміт күттіретін
түлектеріне қолдау көрсетуді көздеп отыр. Ол үшін ірі кәсіпорындар мен
компаниялардың басшылары мен HR-менеджерлерімен жас жетім-мамандарды жұмысқа
орналастыру мәселесі бойынша байланыс орнату қажет.

Жобаны қаржыландыру:
Жоба «Сәби» ЖҚҚ КЕҰ-ның қайырымдылық көрсетушілерінің ерікті жарналарының
есебінен қаржыландырылады.

Жобаның күтілетін нәтижелері:
Түлектердің қызығушылығын дамытуға арнап, оларды артынша жұмысқа орналастырумен
кәсіби даярлануына арнап жағдай тудыру, және сол арқылы жастардың осы санатының
әлеуметтену және қоғамға ықпалдасу мәселесін шешу.

«ЖАСӨСПІРІМДЕР» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ 2016 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРҒА ҚАТЫСТЫ АРАЛЫҚ
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

– шілде 2011 жыл (жобаның алғашқы қадамдары) – тұрғын үй-құрылыс жинақтары
туралы жетімдер үйлерінің алты түлектерімен, «Сәби» Қайырымдылық Қорымен және
Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісімен үштараптық келісімшарттар жасалды. Қор
қатысушылардың атынан бірінші жарна ақша салды, қалған сомасын түлектер банкке
ай сайын салып отыр;
– шілде 2012 жыл – тұрғын үй-құрылыс жинақтары туралы жетімдер үйлерінің екі
түлектерімен, «Сәби» Қайырымдылық Қорымен және Тұрғын үй-құрылыс жинақ
банкісімен үштараптық келісімшарттар жасалды. Қор қатысушылардың атынан бірінші
жарна ақша салды, қалған сомасын түлектер банкке ай сайын салатын болады;
– тамыз 2013 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының екі қатысушылары «Қазақстанның
тұрғын-үй құрылыс-жинақтау банк» АҚ-ның тұрғын үйді сатып алушылар мен жалдаушылардың
Пулына қатысу арқылы Алматы қаласында пәтер алуға мүмкіндікке ие болды.

– желтоқсан
2014 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының үш қатысушысы сатып алушылар мен
жалдаушылар Пулына қатысу әдісімен Алматы қ. өз баспанасына ие болды.

-сәуір
2015 жыл – тұрғын үй-құрылыс жинақтары туралы жетімдер үйлерініңбір
түлегімен«Сәби» Қайырымдылық Қорымен және Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкісімен
үштараптық келісімшарттар жасалды. Қор қатысушылардың атынан бірінші жарна ақша
салды, қалған сомасын түлектер банкке ай сайын салатын болады.

тамыз 2015 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының екі қатысушысы сатып алушылар мен
жалдаушылар Пулына қатысу әдісімен Алматы қ. өз баспанасына ие болды.

– қазан 2015 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының тағы бір қатысушысы Алматы қаласының Жетісу ауданында екі бөлмелі пәтерді сатып алды;

– желтоқсан 2015 жыл – «Жасөспірімдер» жобасының екі қатысушылары «Қазақстанның
тұрғын-үй құрылыс-жинақтау банк» АҚ-ның тұрғын үйді сатып алушылар мен жалдаушылардың
Пулына қатысу арқылы Алматы қаласында пәтер алуға мүмкіндікке ие болды.

– мамыр 2016 жыл – «Жасөспірімдер»
жобасының бір қатысушы «Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс-жинақтау банк» АҚ-ның
тұрғын үйді сатып алушылар мен жалдаушылардың Пулына қатысу арқылы Алматы
қаласында пәтер алуға мүмкіндікке ие болды.

 

Елеулі кезеңдер:
Жоба 5 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр, қатысушылардың барлық саны – 9, оның ішінде армандаған шаршы метрлерге Алматы қаласының жетімдер үйінің 9 түлегі қол жеткізді.  

Спорт жобасы жалғасуда

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Спорт жобасы жалғасуда 2007 жылы, «Жанұя» Алматы мамандандырылған кешенiнiң тәрбиеленушiлерiне сыйға футбол және волейбол алаңдарын тұрғызудан бастау алған «Сәби» Қорының спорт жобасы, оңтүстiк астанасының шектерiнен асып кетіп – жыл сайын, Қазақстанның әр-түрлі аймағында, кемінде екi-үш әлеуметтiк бала мекемелерiне спорттық нысандарын салып жатыр. Осы жылы – Петропавл мен Өскемен қалаларына кезек келді.

Петропавл қаласындағы, 240 бала үнемі оқитын, № 2 түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері жазғы демалыс қарсаңына орай, жоғарғы дәрежелі, 4 алтыбақаны және 12 орынды үстелдері бар, бір үлкен ойын кешенінен тұратын, балаларға арналған 150 шаршы метр ойын алаңын сыйға алып отыр. Арнайы резеңке жамылғысы, ойындар мен дене шынықтыру кезінде балалардың құлап жарақаттануынан сақтайды. Осы уақытқа дейін, интернат аумағындағы тозған ғимараттар, қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмей көптеген проблемаларға соқтырған. «Сәби» қорымен берілген конструкциялар, барынша нық орнатылып, тек қана функционалды ғана болмай, Қазақстан аумағында сертификатталып, барлық стандарттар мен санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес келедi.

Өскемен қаласының «Үміт» балалар үйінде, бүгінгі күнде спорт алаңын салу жұмыстары жүргізіліп, шiлде айында бiтiруге жоспарланып отыр, ол жайлы бiздiң сайт беттерінде кешiрек әңгiмелейтін боламыз. Бұл алаң біздің денсаулықты нығайту және кiшкентай азаматтарымыздың дене құрылысының өсiп-жетiлуiне себеп туғызатын, «Спорт-денсаулық-мақсат» жобамыздың 19-шы нысаны болып отыр.

Фотосуреттер

Русский

Қазақ тілі

English