Спорт жобасы жалғасуда 2007 жылы, «Жанұя» Алматы мамандандырылған кешенiнiң тәрбиеленушiлерiне сыйға футбол және волейбол алаңдарын тұрғызудан бастау алған «Сәби» Қорының спорт жобасы, оңтүстiк астанасының шектерiнен асып кетіп – жыл сайын, Қазақстанның әр-түрлі аймағында, кемінде екi-үш әлеуметтiк бала мекемелерiне спорттық нысандарын салып жатыр. Осы жылы – Петропавл мен Өскемен қалаларына кезек келді.

Петропавл қаласындағы, 240 бала үнемі оқитын, № 2 түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері жазғы демалыс қарсаңына орай, жоғарғы дәрежелі, 4 алтыбақаны және 12 орынды үстелдері бар, бір үлкен ойын кешенінен тұратын, балаларға арналған 150 шаршы метр ойын алаңын сыйға алып отыр. Арнайы резеңке жамылғысы, ойындар мен дене шынықтыру кезінде балалардың құлап жарақаттануынан сақтайды. Осы уақытқа дейін, интернат аумағындағы тозған ғимараттар, қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмей көптеген проблемаларға соқтырған. «Сәби» қорымен берілген конструкциялар, барынша нық орнатылып, тек қана функционалды ғана болмай, Қазақстан аумағында сертификатталып, барлық стандарттар мен санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес келедi.

Өскемен қаласының «Үміт» балалар үйінде, бүгінгі күнде спорт алаңын салу жұмыстары жүргізіліп, шiлде айында бiтiруге жоспарланып отыр, ол жайлы бiздiң сайт беттерінде кешiрек әңгiмелейтін боламыз. Бұл алаң біздің денсаулықты нығайту және кiшкентай азаматтарымыздың дене құрылысының өсiп-жетiлуiне себеп туғызатын, «Спорт-денсаулық-мақсат» жобамыздың 19-шы нысаны болып отыр.

Фотосуреттер

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English