Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайынбыз!

Алты ай бойы, Білім беру жобасы аясында «Сәби» Қорымен қаржыланған ҰБТ-ге дайындау репетиторлық курстарын, дәлдік және гуманитарлық ғылымдар саласында білімін нығайту мақсатында қамқорлығымыздағы балалар үйлерінің түлектері аса ұқыптылықпен қатысты. Қорытынды нәтижелері, яғни дайындық тестілер көрсеткіштері, бітірушілеріміздің бірнешеуі жоғарғы оқу орындарына ақысыз, мемлекеттік грантымен түсуіне үміттендіріп отыр.

Алайда, маусым айында болатын ҰБТ қорытындысы: жарты жылдық балалар мен ұстаз-жетекшілердің еңбектерінің нәтижесін бағалап, балалар үйлері мен интернаттардың бітірушілерінің әлеуметтік бейімделу үшін репетиторлық орталықпен әрі қарай жұмыс жалғастыру маңызын анықтап беретін болады.

Біз барлық түлектерге Ұлттық Бірыңғай Тестілерді сәтті өткізуіне шын жүректен тілектеспіз!

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English