Monthly Archives

September 2010

«ӘЛЕМ» ДАРЫНДЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

By | «Әлем» бағдарламасы

« ЛЕМ» ДАРЫНДЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Келешегінен үміт күттіретін және дарынды жастарға (балалар мен
жасөспірімдерге) олардың зейіндік және шығармашылық дамуы, өмірлік қалыптасуы
мен әлеуметтік тұрғыдан мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында қолдау көрсету

Жобаны ұйымдастыру және орындаушы:
«”Сәби” жекеменшік қайырымдылық қоры» коммерциялық емес ұйымы»

Жобаның мақсаты:
1. Қазақстанның жастар саясатына сәйкес Келешегінен үміт күттіретін және
дарынды жастарға олардың зейіндік және шығармашылық дамуы, өмірлік қалыптасуы
мен әлеуметтік тұрғыдан мүмкіндіктерін жүзеге асыруына арнап экономикалық және
ұйымдастыру жағдайларын тудыру.
2. Жастарды еліміздің мәдени, білім беру, ғылыми, экономикалық процестеріне
тарту.

Жобаны жүзеге асыру мерзімдері:
Жоба тұрақты түрде жұмыс істейді

Мәселені белгілеу:
Күрделі тарихи қоғамдық түрлендірулер жас ұрпақтың өмірінің барлық салаларына
әсерін тигізді. Жастардың дәстүрлі мәселелері мен оларды шешудің жолдары
өзгерді. Жастарға қолдау жасаудың қажеттігі олардың үлкен өмірге жаңадан аяқ
басқан кезде жолында кездесіп отыратын қиындықтармен белгіленген.
леуметтік бағытталған экономикасы бар демократиялық қоғамды жастар мен
тұтастай қоғамға қатысы бар саясатты құру мен жүзеге асыру ісіне тікелей
қатысып отыруы тиіс болатын мәдениетті, жоғары білімді, рухани және кәсіби
тұрғыдан дамыған жастарсыз құру мүмкін емес.
Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатына сәйкес жастар келешекте маңызды
әлеуеттік салмаққа ие болатын халықтың қоғамдық тұрғыдан белсенді топтарының
бірі болып табылады. Мұнысы жастардың мемлекеттік құрылымдағы рөлі мен орнын
жете бағаламауға болмайтындығын негіздейді.

Мәселені шешудің жолдары:
Жастарға олардың материалдық деңгейі не әлеуметтік жағдайына байланыссыз өз
дарыны мен шеберлігін дамытуға, өмір жолын таңдауға, жеке басының табысқа
жетуіне арнап жағдай тудыру қажет.
Бұл жоба келешегінен үміт күттіретін және дарынды жастарға олардың жеке басының
қалыптасуы кезеңінде жан-жақты қаржылай, ұйымдасқан, кеңес берушілік қолдау
көрсетуді меңзейді. Бұл жағдайда жас ұрпақтың лайықты өкілдері еліміздің
мәдени, ғылыми, спорттық, білім алу өміріндегі өз орнын табудың бірегей
мүмкіндігіне ие болады.
Алайда жобамен ұсынылып отырған мүмкіндік – бұл бұдан арғы уақытта өз бетінше
әрекет етуге, шығармашылық және кәсіби бастаманы білдіруге, өсу мен ілгері
жылжуға деген қайсыбір бастапқы меже және ықпал етуші түрткі ғана екендігін
естен шығармаған жөн.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:

1. Бірінші кезең. Дарынды жастарды іздестіру және іріктеу.
Қордың қолдауына ие болуға үміткерлерді келесі үш кезең бойынша іріктеу
көзделуде:
1) нтернет-іріктеу – келіп түскен өтініштерді талдауға негізделумен Қордың
қызметкерлері жүргізеді;
2) Аралық іріктеу – өзіне әрбір номинация бойынша саралап жіктелген түрде
шақыртылған құзырлы және танылған кәсіби шеберлер кіретін іріктеу комиссиясымен
жүргізіледі;
3) Ақырғы іріктеу – алдыңғы іріктеудің нәтижелеріне негізделумен «үздіктің
үздігі» принципі бойынша жүргізіледі, бұл жағдайда үміткерлердің әлеуметтік
осал топтарға жатуы ескеріледі (жетімдер, ата-анасының қамқорлығынан айырылған
балалар, көп балалы не жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар, денсаулығы
бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар).

2. Екінші кезең. Дарынды балаларға ұйымдық және экономикалық қолдау жасау.
Үш кезеңнен тұратын іріктеудің нәтижелері бойынша лауреаттар Қордың қолдауына
ие болады:
-көрмелерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға, соның ішінде халықаралық
шараларға қатысуын қаржыландыру;
-жоғары оқу орындары мен магистратуралардағы, соның ішінде шетелдегі оқу
мекемелеріндегі оқуының ақысын төлеу;
-әрбір номинация бойынша саралап жіктелген түрде құзырлы және танылған кәсіби
шеберлермен тыңдауларды, көрулерді, әңгімелесулерді ұйымдастыру;
-жетекші кәсіпорындарда, компаниялар мен ұйымдарда, музыкалық ұжымдар мен
қоғамдарда машықтану мүмкіндігін ұсыну.

3. Үшінші кезең. Мүдделі тараптардың электронды өзара әрекеттесуін
қамтамасыз ету.

Жоба лауреаттарының мәліметтері қорын әзірлеу және оны соған мүдделі
промоутерлердің, продюсерлердің, HR – менеджерлердің, жұмыс берушілердің
назарын аудару үшін порталдың беттеріне жайғастыру.

Жобаны қаржыландыру:
Жоба қайырымдылық көрсетушілердің «Сәби» ЖҚҚ КЕҰ-ға салған ерікті жарналарының
есебінен қаржыландырылады.

Жобаның күтілетін нәтижелері:
Қазақстанның дарынды және келешегінен үміт күттіретін жастарының еңбектік және
шығармашылық әлеуетін ашу, олардың сәтті түрде ықпалдасуы және әлеуметтік
тұрғыдан мүмкіндіктерін жүзеге асыру; маңызды стратегиялық ресурс – жас ұрпақты
азаматтық қоғамның белсенді өміріне тарту.

« ЛЕМ» ДАРЫНДЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ 2017
ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРҒА ҚАТЫСТЫ АРАЛЫҚ Н Т ЖЕЛЕРІ:

2010 жыл –
– бірегей дауысы бар Қостанайлық Жасұлан Сыдықов тыңдау нәтижелері мен
Бағдарлама сарапшыларының түйіндері бойынша «Сәби» қорынан Қазақ Ұлттық
Консерваториясында оқу грантына ие болды, сондай-ақ оған әр түрлі концерттер
мен теледидар жазылымдарына қатысу мүмкіндігі ұсынылды; Қор атынан жеке
сабақтар өткізуге арнайы музыкалық қондырғысын сыйға алды; 2011 жылдың
қыркүйегінен бастап ағылшын тілінен және ораторлық өнері бойынша бірнеше ай
бойы дәріс алды.

2011 жыл –
2011 жылдың қаңтар – желтоқсан аралығында « лем» Бағдарламасының іріктеу
комиссиясымен еліміздің 35 елді мекендерінің үміткерлерінен келіп түскен 270-ге
жуық сұраныстар қарастырылды; « лем» Бағдарламасын жастарға үгіттеу мақсатымен
17 елді мекендерге Қор жұмыскерлеріне іс-сапар ұйымдастырылды; 8 балаға
шығармашылық тыңдау жүргізіліп жоғарғы дәрежелі вокал мамандарымен баға
берілді;
– маусым 2011 жыл – әр-түрлі номинацияда таланты бар грант иеленуші үшін 12
үміткер сұрыпталды;
– қаңтар-маусым 2011 жыл – Мемлекеттік тілде ақындар сайысы жарияланып, басты
жүлдеге Ақтөбе облысының тұрғыны Сейітова Бағдагүл қол жеткізді, ол мектеп
бітіргеннен кейін « лем» Бағдарламасы бойынша Грантқа ие болды.
– наурыз- шілде 2011 жыл – « лем» Бағдарламасы аясында Тимур Бекмамбетовтың
«Базелевс» Компаниясымен бірігіп – Қазақстанның түпкір-түпкірінен дарынды
сценаристерді іздеу және сұрыптау бойынша – Сценарийлер байқауы өткізілді;
барлығы 650 хаттың ішінде 132 сұраныстар сұрыпталып, 10 жартылай финалистер
айқындалды; шілде айында болған фестивальдің аясында жеңімпаз анықталды –
Бахтиер Кадыров;
– шілде 2011 жыл – Астана күнінің мерекелік күндерінде «әлемдіктер» – Жасулан
Сыдыков пен Тимур Алдыбергенов қатысты;
– сәуір, қыркүйек 2011 жыл – Семей қаласының тұрғындары Хаметов Ануарға және
Солтанов Бекнурға өздерінің шығармашылықтары үшін Қор атынан ноутбуктар сый
ретінде ұсынылды;
– шілде-тамыз 2011 жыл – Алматы қ. Орталық Көрме Залында 9 жастағы
Петпропавлоск қаласынан келген жас суретші Кузнецов Романға 2-апталық жеке
көрмесі ұйымдастырылды;
– қыркүйек 2011 жыл – Ақтөбе облысының тұрғыны Асанова Шамшырақ және
Петропавловск қаласындағы Лушникова Елена « лем» Бағдарламасы бойынша престижді
оқу орындарында мамандық алуға Гранттарға ие болды;
– қазан 2011 жыл – Алматы қ. Шахматшылар одағына спорттық керек-жарақпен,
қажетті жабдықтар мен жиһазбен қамтыды: шахматтық үстелдер, орындықтар,
фигуралар мен сағаттар сатып алынды; сөйтіп 2011 жылдың қараша айында
балалар-жасөспірімдердің біліктілік турниры өткізілді;
– Жасулан Сыдыков пен Тимур Алдабергенов ҚР Тәуелсіздігіне 20 жылдығына орай 16
желтоқсанда ұйымдастырылған мерекелік концертке қатысты.

2012 жыл –
– ақпан 2012 жыл – Атырау облысынан келіп ҚазҰТУ-нің 1 курс студенті
Тілепбергенов Берік оқу мерзімінде ай сайын Грант-стипендияға қол жеткізді;
– 2012 жылдың 13-17 ақпан аралығында Нью-Йорк қаласын әлеуметтік-мәдени Nomad’s
Way шарасы өткізілді, акция аясында қазақтың байырғы зергерлік бұымдарының
көрмесі және « лем» Дарынды жастарды қолдау Бағдарламасы бенефициар болып
атанған қайырымдылық аукционы өткізілді.
– сәуір 2012 жыл – Мақсатұлы Нұрзат Қызылорда облысынан өзінің жеке музыкалық
дарынын дамыту үшін Yamaha Клавинова электронды пианиноны сыйға алды;
– мамыр 2012 жыл – « лем» Бағдарламасы жайлы ақпаратты видеобейне мемлекеттік
телеарналарға жазылып таратылды.
– наурыз- маусым 2012 жыл – Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» Компаниясымен
бірігіп – Қазақстанның түпкір-түпкірінен дарынды сценаристерді іздеу бойынша –
екінші рет Сценарийлер байқауы өткізілді; Басты жүлдені осы жылы шет елдік
қатысу Ұлыбританиялық Файзал Куреши жеңіп алды;
– қаңтар- маусым 2012 жыл – екінші рет мемлекеттік тілде ақындар сайысы
өткізіліп, бірінші орынды Атырау облысынан Мутиева Ақжарқын иеленді. Бас жүлде
– ноутбук және ҚазҰУ-не оқуға грант;
– маусым 2012 жыл – Шынберген Амантурлин атындағы мүмкіндіктері шектеулі
жастардың арасында халықтық-қолданбалы өнер республикалық сайысының
жүлдегелеріне қаржылай приз бөлінді;
– тамыз 2012 жыл – әр-түрлі номинацияда қабілеттері бар 15 грант бойынша
үміткерлер сұрыпталды:
– қыркүйек 2012 жыл – ақындар сайыстарының қорытындылары бойынша ең үздік
өлеңдер енген шағын топтама шығарылды;
– қазан 2012 жыл – Ташкент қаласында өткен карате-до Шотокан бойынша лем
кубогында балалар командасының қатысуының барлық шығыны өтелді;

– желтоқсан 2012 жыл – Нью-Йорк киноакадемиясында оқуға халықаралық грантты
Медет Шаяхметов ұтып алды.

 

2013 жыл –
– қаңтар- маусым 2013 жыл – үшінші рет мемлекеттік тілде ақындар сайысы
өткізіліп, бірінші орынды Қызылорда облысынан Байтуғанова Орынай иеленді. Бас
жүлде – ноутбук;
– сәуір 2013 жыл – Нью-Йорк киноакадемиясында оқуға халықаралық грантты Қанат
Бейсекеев ұтып алды;
– қыркүйек 2013 жыл – Үшінші ақындар сайыстарының қорытындылары бойынша ең
үздік өлеңдер енген шағын топтама шығарылды;
– қыркүйек 2013 жыл – Үшінші ақындар сайысының лауреаттарының өлеңдері
Республикалық «Ұлан»газетіне және «Балдырған» журналында жарық көрді;
– 2013-2014 оқу жылына « лем» Бағдарламасының үш қатысушысына Қазақстанның ең
үздік ЖОО-на оқу гранты бөлінді.

 

2014 жыл –

-қаңтар-маусым 2014 жыл – Мемлекеттік тілдегі Төртінші ақындар
конкурсыөтіп, қорытындысы бойынша жеңімпаз – Батыс Қазақстан облысынан
Гилымханов Марлен анықталды, бас жүлде – ноутбук;

-мамыр 2014 жыл – Халықаралық грант иегері Қанат Бейсекеев Нью-Йорк
киноакадемиясының бір жылдық курсын бітіріп келді;

-маусым 2014 жыл – Аблайхан Ахажанов Лос-Анджелес қ. UCLA Калифорния
Университетінің «Электроника» мамандығы бойынша халықаралықгранттың бақытты
иегері атанды;

-тамыз 2014 жыл – жас дарындарды қолдау бағдарламасының «Алем» alemsaby.kz
сайтының жаңартылған нұсқасы іске қосылды;

-қыркүйек 2014 жыл – алдыңғы қатарлы математиктер тобына тегін оқуға іліну
үшін конкурс жарияланып, 10 қатысушы іріктеліп алынды. Олар 5 жыл бойы
тереңдетілген математика курстарында білім алатын болады;

-қыркүйек 2014 жыл – Панихин Артурдың Чехияның Острава қ.өтетін мәнерлеп
сырғанау Жасөспірімдер арасында Гран-прижарыстарына қатысуы қаржыландырылды;

-қыркүйек 2014 жыл – 2014-2015 оқу жылына Қазақстанның ЖОО-да білім алуға
үш адам (Алматы қаласы, Алматы облысы, жамбыл облысы және Батыс-Қазақстан
облысы) білім гранты иегері болды.

 

2015 жыл –

– қаңтар-маусым- Мемлекеттік тілдегі Төртінші ақындар конкурсы өтіп,
қорытындысы бойынша жеңімпаз – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан
ауылынан Жаулыбай Нурбек жеңімпаз болып анықталды, бас жүлде – ноутбук;

– маусым – 7-8 сыныптағы 10 оқушыларға алғыр математиктер курсының бірінші
жылын жылы қорытындыланды;

– маусым – « лем» Бағдарламасы бойынша үш қатысушысы орта және жоғары оқу
орындарын бітірді:

Тлепбергенов Берік – ҚазҰТУ,мамандығы: Металлургия,

Адильбекова Назерке – Жетісу мемлекеттік университеті: Журналистика,

Асанова Шамшырак – Ақтөбе музыкалық колледжі, мамандығы: Домбыра;

-тамыз – Қазақстанның жоғары оқу орындарына үш білім беру гранттары
бөлінді;

-қазан – «Сәби» Қайырымдылық Қоры « лем» Бағдарламасының аясында Бесінші
Халықаралық студенттік және дебютті фильмердің кинофестивалінің демеуші болып
қатысты;

-желтоқсан – Іріктеу тестілерді сәтті тапсырып, нақты ғылыммен өз өмірін
байланыстырғысы келген дарынды тағы үш баламыз «алғыр» математиктер тобына
қосылды;

-желтоқсан – Халықаралық гранттың иегері – Ахажанов Абылайхан
Лос-Анжелестегі Калифорниялық Университеттің(UCLA) магистратурасын
«Микроэлектроника, нанотехнология және олардың биология мен медицинадағы
практикалық қолданылуы» жедел түрде бітіріп PhD бағдарламасына ауысты.

 

2016 жыл –


қаңтар-маусым- Мемлекеттік тілдегі Алтыншы ақындар конкурсы өтіп, қорытындысы
бойынша жеңімпаз – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылынан БӨКЕБАЙ
Дина жеңімпаз болып анықталды, бас жүлде – ноутбук;

– мамыр 2016
– 10 жастағы спорты – БОР СОВА Марияға Санкт-Петербург қаласында өтетін
«Шығыс-Батыс 2016 жарыс өнерінің Олимпиадасы» атты жарысқа қатысу үшін
сапарының шығының төленді;

– маусым
2016 – 7-8 сыныптағы 13 оқушыларға алғыр математиктер курсының екінші жылын
жылы қорытындыланды, жаздық каникулдарда оқуы ұзартылды;

– маусым
2016 – « лем» бағдарламасы бойынша 10 қатысушы жоғарғы және орта оқу орындарын
тамамдады ШАЯХМЕТОВ Медет, МУТ ЕВА Акжарқын, БІЛ Жұлдыз, БАҒЫТОВА Айкөркем,
ТЕМІРХАНОВ Мерей, ҚҰЛЫМОВА Ақкенже, МАЛЫШОВ Азамат, МУКАТАЕВА Алтыншаш,
ТЕМІРҒАЛ Карлыға, РАЗЗАКОВ Махмут;

– маусым
2016 – Назарбаев интеллектуалды мектептің 5 түлектеріне: КАШАГАНОВА Мадинаға,
БЕРЛ КУЛОВА Аруайға, БУЛАТОВ Жандосқа, ЖЕКСЕНБЕКОВА Дианаға және СЕМЕНОВ
Алексейге зраиль мемлекетіндегі Герцлия қаласындағы Халықаралық орталықтың
компьютер мектебінің бакалавр дәрежесінде информатика бойынша грант ұтып алды;

– қазан 2016
– БЕКТУРОВА Маликаның Санкт-Петербургте өтетін IV Л.Ауэр атындағы
скрипкашылардың Халықаралық байқауынабаратын жол шығыны өтелді.

 

Жоба 6 жылдан бері жұмыс жасайды, Қазақстанның 50 ден астам қалалары мен
ауылдары қамтылды, 800 сұраныс қаралды, 31 грант бөлінді, оның ішінде 8 шет
елдерге оқу гранттары, 18 адам оқып тәлім алды (арасында 1 адамға 2 рет грант
бөлінді), қазіргі таңда 12 студент білім алуда. Барлығы 113 адам Қордың
қолдауына ие болды.

 

«Сәби» қоры «Әлем» – дарынды балаларды қолдау жөніндегі бұрын-соңды болмаған бағдарламаны іске қосуда!

By | Жаңалықтар

 title=
” лем” бағдарламасының мақсаты – дарынды балаларға, жасөспірімдерге, бозбалалар мен бойжеткендерге қолдау көрсету, олар біздің ойымызша Қазақстанда өте көп. Өкінішке орай, балалардың барлығының бірдей өзінің ең жақсы қасиеттері мен шеберліктерін байқатып, олардың соған нағыз баға беріп және дарынын әрі қарай қалай дамытып, қай жерде қолданып отыру керек екендігі жайлы кеңес бере алатын адамдарға көрсетуге мүмкіндігі бола бермейді. Осыны түсіне отырып біз өзімізге жауапты міндетті – осындай қолдауды қажет ететін балаларға соны көрсету міндетін қабылдадық.

нтернет және біз таңдап алған ұлтаралық қатынасу тіліміз бізге еліміздің әрбір жас азаматына мынадай үндеу тастауға мүмкіндік береді:

– Өтінеміз, өзіңіз жайлы білдіріңіз!
– Өз дарыныңыз жайлы бізге әңгімелеп беріңіз!
– Бізге өз мүмкіндіктеріңізді көрсетіңіз!

рбір сұрату қабылданып және мұқият қаралатын болады. Сіздің қабілетіңіз бен шеберлігіңізге өз саласының ең үздік мамандары баға береді. Жоғары кәсіпқой шеберлердің түйіні бізге нағыз дарынды адамдарды табуға мүмкіндік береді, солар үшін біз олардың ең жақсы қасиеттерін дамытып және келешекке дұрыс бағдар беру үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Бүгінде жас ұрпақты қолдауға арнап кәсіби күш-жігерімізді жұмсау – бұл біздің ортақ болашағымызға елеулі үлес қосу мүмкіндіктерінің бірі!

Толық ақпаратты Қорымыздың « лем» бағдарламасын толық ауқымды жүзеге асыру мақсатында арнайы түрде әзірлеген жаңа, жас, жастар порталы alemsaby.kz беттерінен оқыңыз.

Мамандар балаларға кәсіп таңдауға жәрдемдеседі

By | «Білім беру» жобасы

Мамандар балаларға кәсіп таңдауға жәрдемдеседі
Оқу жылының басы «Сәби» Білім қоры беру жобасының жалғасын және соның нәтижесіндегі қамқорлыққа алынған балалар үйлерінің болашақ түлектерінің кәсіби бейімделу бойынша жыл сайынғы тестілеуін білдіреді.

Ломоносов ат. Мәскеу Мемлекеттік Университетінің кәсіби бейімдеу бөлімшесінің Алматы филиалы негізінде жасөспірімдер компьютерлік тестілеуден өтеді. Өз жауаптарының нәтижелері бойынша балалар қай мамандықтың келешекте өздері үшін пайдалы әрі қызықты болатынын анықтай алады.

Орталықта мектеп оқушылары мен абитуриенттермен сабақ өткізу кезінде арнайы әзірленген бағдарлама қолданылады. Диагностика барысында алынған нәтижелер дегеніміз – диаграммалар, графиктер және тестінің барлық көрсеткіштері бойынша толық мәтіндік түсіндірмелер.

«Сәби» қоры үстіміздегі оқу жылына кәсіби бейімдеудің екі кезеңін жоспарлап отыр: жуырда мамандар балаларға кәсіп таңдаудың жалпы бағдарын таңдауға жәрдемдессе, келер жылдың ақпан айында кәсіби сыныпты, жоғары не арнаулы оқу орнын таңдауға көмектеседі.

Сонымен, 2011 жылдың көктеміне қарай балалар өздеріне қай мамандықтардың және қай институттар мен колледждердің лайықты екенін біле алады, әлемдегі кәсіптердің алуан түрлері туралы мағлұмат алып, өздерін, яғни өздерінің жеке психологиялық қасиеттерін тани алатын болады.

Қызылорда қ. Сәбилер үйінің жаңа замануи ғимаратын салу бойынша әзірлену жұмыстары басталады

By | Сәбилер үйі, Қызылорда қ.

«Сәби» қайырымдылық қоры туылғанынан бастап 6 жасқа дейінгі 60 балдырған тұратын Қызылорда қаласында Cәбилер үйінің жаңа замануи ғимаратын салу бойынша әзірлену жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.

Арал өңірінің ауыр климаттық жағдайлары, экологиялық апат аймағы, ауыз судың ұдайы тапшылығы және, соның зардабы ретінде, – жергілікті халықтың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығының төмен деңгейі Қорымызды аталмыш аймаққа ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етеді.

Облыс орталығының Байсеиітова, 84 көшесінің бойында орналасқан Сәбилер үйі – қаладағы техникалық тұрғыдан қауіпті әлеуметтік мекемелердің бірі. 1956 жылы салынған бұл апаттық күйдегі қаңқа-қамыстан салынған ғимарат моральдік және физикалық тұрғыдан тозған. Сазбалшықпен қапталған қабырғаларын мекеменің қызметкерлері әктеп әбігер болып жатады, дегенмен бұл оларды үнемі түрдегі су тамшылау мен жартылай опырылудан құтқармайды. Ондаған рет сырланған терезе жақтаушалары жарылып кеткен және қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықтан қорғамайды. Орталықтандырылған жылу беру жүйесі жоқ – жылу жартылай құлаған қазандықтан тот басқан шіріген құбырлар арқылы келеді. Міне осындай қолайсыз жағдайларда мүлде кішкентай балалар онсыз да тауқыметке толы өз өмірін ата-анасы мен жақын адамдарының қолдауынсыз бастап жатады.

Осы мекемені инспекциялауды ұйымдастырумен «Сәби» қайырымдылық қоры ғимаратты құлатып соның орнына замануи құрылыстың техникалық және санитарлық талаптарына сәйкес келетін, өзінде болуы тиіс барлық үй-жайлары: жайлы жатын бөлмелері, кең ойнайтын бөлмелері, санитарлық тораптармен жабдықталған жарық тамақтану бөлмелері, дәрігерлік және оқыту бөлмелері бар жаңа ғимарат салу қажет деген қорытындыға келді. Ғимараттың айналасын да жайластырған маңызды, себебі балдырғандардың дені сау болып өсуі үшін олармен таза ауада серуендеудің маңызы зор.

Біз Қорымыздың достары мен серіктестерін, сондай-ақ қайырымдылық көрсетушілердің барлығын қайырымдылық пен мейірімділік танытып құрылысты жүзеге асыру үшін қолдан келер көмегін жасауға шақырамыз !

Құрметпен, Сіздің «Сәби»

НСО-2 бөлімшесінде инсульттан кейінгі науқастарды реабилитациялау жөніндегі оқу сыныбы құрылатын болады

By | Медициналық жоба

Біздің Қорымыздың қамқорлығына алынған №7 Қалалық клиникалық аурухананың НСО – 2 бөлімімен жұмыс әрі қарай жалғасуда. Қазіргі кезде инсульттан кейінгі науқастарды реабилитациялау жөніндегі арнайы оқу сыныбы жабдықталуда, мұнда тәжірибелі мамандар пациенттермен, сондай-ақ ауыр өмір жағдайына тап болған солардың туыстарымен сабақ өткізетін болады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, инсультқа ұшыраған адамдар және солардың жанында жүрген жақындары не істерін білмей, есеңгіреп, психологиялық тұрғыдан басылып қалады. Ал уақытында көрсетілген медициналық жәрдем және сауатты түрде ұйымдастырылған реабилитация жағдайында науқастардың қалпына келу болжамы жағымды болып келеді, бұл жағдайда олармен емдеу мекемесінен шығарылғаннан кейінгі үйде жұмыс жүргізудің рөлі орасан зор болып келеді.

Пациенттер мен олардың туыстарын емдеу мекемесінен шығарудың алдында үйрету практикасы қалпына келтіру терапияның негізгі кезеңі ретінде дамыған елдерде бұрыннан қабылданған және жақсы деп танылған. Алматылық ауруханада мұндай оқу сыныбын ашу медициналық қызметтерді ұсынудың жаңа адамгершілік принципін орнатудың маңызды қадамына айналмақ.

Бұл идеяны жүзеге асыру біздің тұрақты серіктесіміз – «Отан» Зейнетақы Қорының арқасында мүмкін болды.

«Сәби» қорының сайты үш тілде «сөйлей бастады»

By | Жаңалықтар

«Сәби» қорының сайты үш тілде «сөйлей бастады»
Достар! Біз сіздерге «Сәби» қоры сайтының ендігі уақытта қазақ және орыс тілдерінде шығып отыратыны жайлы қуанышпен хабарлаймыз.

Бұл – old.saby.kz порталына енумен біздің жұмысымызға қызығушылығын білдіріп отырған адамдарға арналған аздаған болса да, маңызды қадам.

Ендігі уақытта еліміздің шалғай аудандарындағы, сондай-ақ алыс және жақын шет елдердегі қонақтарымыз тілдік тоқсауылсыз Қорымызда орын алып жатқан барлық оқиғалар: жаңа жобалар, жаңа ойлар, пайдалы шаралар жайлы хабардар болып отыра алады.

Сайтымыздың қонағы болыңыз, біз Сізді көруге әрдайым қуаныштымыз!

Тараз қаласының әкімі

By | Алғыс хаттары
«Сәби» жеменшік
қайырымдылық қорының Президенті
. .Тасмағамбетоваға








Құрметті сел манғалиқызы!







Тараз қаласының әкімдігі «Сәби» қоры мен жеке Сізге қозғалуы қиын адамдарды тасымалдауға арнап ұсынған «Мүгедектер таксиі» үшін өз ризашылығы мен алғысын білдіреді.

Біздің егеменді мемлекетімізде мүгедектердің қоғамға кірігуі мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды реабилитациялау мен жандандыру мәселелеріне селқос қарамайтын адамдардың бар екендігі қуантады.



Сізге шығармашылық табыстар, барлық батыл жобаларыңыздың іске асуын тілейміз және бұдан арғы уақытта да тығыз әріптестік жасап отыратынымызға сенімдіміз.










Құрметпен,
Тараз қаласының ?кімі Е. Астаев

«Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ

By | Алғыс хаттары
«Сәби» Жекеменшік
Қайырымдылық қоры»
коммерциялық емес ұйымның
Президенті
сел манғалиқызы Тасмағамбетоваға
Құрметті сел манғалиқызы!

«Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ Сізге арнайы автокөлікті ұсынғаныңыз үшін, «Мүгедектер таксиі» жобасына қолдау көрсеткеніңіз үшін, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жүріп-тұруына жағдай жасағаныңыз үшін алғысын білдіреді. Ендігі уақытта Астана қаласының мүгедек тұрғындарының қаланың кез келген нүктесіне тегін мүгедектер таксиімен жетуіне мүмкіндік туындайды.

Сізге шын жүректен зор денсаулық, бейбіт өмір, қажымас қайрат, бақыт және жақсылықтар тілейміз.

Сәттілік пен Табыс әрдайым Сіздің тұрақты серіктеріңізге айналсын!

Құрметпен,
«Қазақстан мүгедектер
конфедерациясы» РҚБ
Президенті Ж. Омарбекова

«АРД » мүгедек балалардың ата-анасы қауымдастығы

By | Алғыс хаттары
«Сәби»
Балалар Қайырымдылық қорының
Президенті
Тасмағамбетова сел манғалиқызына

АЛҒЫС ХАТ

Сізге Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі адамдардың емін-еркін жүріп-тұру мәселесіне қосқан үлкен үлесіңіз үшін зор ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз.

Сіздің қаламызға сыйлаған мүгедектер таксиі көптеген балалар мен жастардың күнделікті «АРД » мүгедек балаларды шығармашылық және дене шынықтырумен дамытудың реабилитациялау орталығына келіп тұруына мүмкіндік берді.

Сізге және Сіздің қызметкерлеріңізге сәттілік пен өсіп-өркендеуін тілейміз!

10.02.2010 ж.

Құрметпен,
Төраға Ахтанова А.Т.

Алматы қалалық денсаулық сақтау Департаменті

By | Алғыс хаттары
Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 20А-үй
«Сәби» қайырыдылық қорының
Президенті . . Тасмағамбетоваға

22.08.2007 ж. шығ.№16

Құрметті сел манғалиқызы!

Алматы қаласының Денсаулық сақтау департаменті мен педиатрлар жұртшылығы Сізге неонатолог-реаниматологтарға Екатеринбург қаласындағы мамандандырылған семинарда тегін оқу мүмкіндігін ұсынғаныңыз үшін шын жүрегінен алғысын білдіреді.

лемнің жетекші ғалымдары қатысатын білім беру бағдарламасы бойынша оқу мамандарымыздың кәсіби деңгейін арттырып, Алматы қ. босану мекемелерінде жаңа технологияларды ендіріп, жаңа туылған науқас нәрестелерді күту сапасын жақсартып, яғни балаларымыздың бұдан арғы өмірінің болжамын жақсартуға мүмкіндік береді.

Семинарға қатысушылардың тізімін, төлқұжаттарының көшірмелері мен толтырылған сауалнамаларын ұсынамыз. Семинарға қатысушылардың тізіміне босану мекемелері мен жаңа туылған нәрестелерді стационарда күтудің екінші кезеңінің мамандары енгізілген.

Құрметпен, Алматы қ.
Денсаулық сақтау департаментінің
Директоры З. Аманжолова

Русский

Қазақ тілі

English