НСО-2 бөлімшесінде инсульттан кейінгі науқастарды реабилитациялау жөніндегі оқу сыныбы құрылатын болады

Біздің Қорымыздың қамқорлығына алынған №7 Қалалық клиникалық аурухананың НСО – 2 бөлімімен жұмыс әрі қарай жалғасуда. Қазіргі кезде инсульттан кейінгі науқастарды реабилитациялау жөніндегі арнайы оқу сыныбы жабдықталуда, мұнда тәжірибелі мамандар пациенттермен, сондай-ақ ауыр өмір жағдайына тап болған солардың туыстарымен сабақ өткізетін болады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, инсультқа ұшыраған адамдар және солардың жанында жүрген жақындары не істерін білмей, есеңгіреп, психологиялық тұрғыдан басылып қалады. Ал уақытында көрсетілген медициналық жәрдем және сауатты түрде ұйымдастырылған реабилитация жағдайында науқастардың қалпына келу болжамы жағымды болып келеді, бұл жағдайда олармен емдеу мекемесінен шығарылғаннан кейінгі үйде жұмыс жүргізудің рөлі орасан зор болып келеді.

Пациенттер мен олардың туыстарын емдеу мекемесінен шығарудың алдында үйрету практикасы қалпына келтіру терапияның негізгі кезеңі ретінде дамыған елдерде бұрыннан қабылданған және жақсы деп танылған. Алматылық ауруханада мұндай оқу сыныбын ашу медициналық қызметтерді ұсынудың жаңа адамгершілік принципін орнатудың маңызды қадамына айналмақ.

Бұл идеяны жүзеге асыру біздің тұрақты серіктесіміз – «Отан» Зейнетақы Қорының арқасында мүмкін болды.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English