Мамандар балаларға кәсіп таңдауға жәрдемдеседі

Мамандар балаларға кәсіп таңдауға жәрдемдеседі
Оқу жылының басы «Сәби» Білім қоры беру жобасының жалғасын және соның нәтижесіндегі қамқорлыққа алынған балалар үйлерінің болашақ түлектерінің кәсіби бейімделу бойынша жыл сайынғы тестілеуін білдіреді.

Ломоносов ат. Мәскеу Мемлекеттік Университетінің кәсіби бейімдеу бөлімшесінің Алматы филиалы негізінде жасөспірімдер компьютерлік тестілеуден өтеді. Өз жауаптарының нәтижелері бойынша балалар қай мамандықтың келешекте өздері үшін пайдалы әрі қызықты болатынын анықтай алады.

Орталықта мектеп оқушылары мен абитуриенттермен сабақ өткізу кезінде арнайы әзірленген бағдарлама қолданылады. Диагностика барысында алынған нәтижелер дегеніміз – диаграммалар, графиктер және тестінің барлық көрсеткіштері бойынша толық мәтіндік түсіндірмелер.

«Сәби» қоры үстіміздегі оқу жылына кәсіби бейімдеудің екі кезеңін жоспарлап отыр: жуырда мамандар балаларға кәсіп таңдаудың жалпы бағдарын таңдауға жәрдемдессе, келер жылдың ақпан айында кәсіби сыныпты, жоғары не арнаулы оқу орнын таңдауға көмектеседі.

Сонымен, 2011 жылдың көктеміне қарай балалар өздеріне қай мамандықтардың және қай институттар мен колледждердің лайықты екенін біле алады, әлемдегі кәсіптердің алуан түрлері туралы мағлұмат алып, өздерін, яғни өздерінің жеке психологиялық қасиеттерін тани алатын болады.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English