Category

Спорт-денсаулық-жетістікте

Футбол алаңы пайдалануға берілді!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Футбол алаңы пайдалануға берілді! Өзі жайлы біз тамыз айының басында жазған Алматы қ. Жаөсөспірімдер үйінің аумағында салынып жатқан футбол алаңы жұмыс істей бастады. Алғашқы матч ойналды, сөйтіп тәрбиеленушілер «жасанды шөп» кәсіби жабынын бағалап та үлгерген .

Алаңның айналасында орналасқан контурлық прожекторлық жарықтың арқасында балалар енді түнге дейін доп теуіп жүре алады, себебі олардың басым бөлігі тәуліктің жарық кезінде оқып не жұмыс істейді.

Футбол – «жастарлықтардың» басым бөлігінің сүйікті спорт түрі, және жаңа алаң – өзінің бос уақытын салауатты өмір салтымен байланыстырған балалар үшін таптырмас сыйлық.

Алға балалар! «Сәби» қоры Сіздерге спортта жаңа жетістіктер тілейді!

Фотосуреттер

Балалы үй – базар!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Балалы үй - базар! Алматы қаласындағы «Үміт Үйі» мемлекеттік мекемесі – бірегей әлеуметтік орын болып саналады. Осы жерге тұрмысы нашар жанұялардың 0 мен 7 жас аралығындағы балалары орналастырылады, көшпілігін қаржы тапшылығынан, денсаулықтың салдарынан, жасқа және тағы да басқа себептермен баға алмай жалғыз басты аналары акеледі. Осындай аналарға тағы да ойлануға, жұмыс тауып аяғына тік тұруына мүмкіндік беру үшін, сәбилерді уақытша мемлекеттің қамтамасызына қабылдайды, одан кейін олар туғандарымен қайта қосылу үшін тәрбиеленеді. Ұйымның басты мақсаты – жанұяны сақтап қалу, тағын анасына дені сау және жетілген баланы қайтарып, тастанды балалардың санын азайту болып отыр.

«Үміт Үйі» мемлекеттік мекемесі жабық ұйым болғандықтан, жұмыскерлердің мейірімі мен қамқорлығына қарамастан тәрбиеленушілердің көп нәрселерге қолы жетпейді: тек қана өз қабырғаларындағы ойын-сауық және спорт құрылыстарымен ғана айналысуға мәжбүр болып отыр. Сондықтан балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық қажеттімен қамтамасыз ету керек екені анық. 9 жас топқа бөлінгендердің біреуінде әлі күнге шейін балалардың таза ауада шынығуға арналған өз ойын алаңы болмаған.

Бұл мәселені жан-жақты талқылап, «Сәби» Қайырылымдылық Қоры осы топқа алаңды салу жөнінде шешім қабылдады. Көмекке біздің жомарт демеушіміз «АлматыГаз нжиниринг» ЖШС келді, Білім күніне орай балаларға «Ксил» ойын кешенін сыйға тартып, сонымен қатар, барлық тәрбиеленушілерге мекеме ауласындағы спорт алаңын толық жабдықтады.

Дендерін сау болсын, кішкене ғана достарымыз!

Фотосуреттер

Жастар Үйіне арналған футбол алаңы

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Жастар Үйіне арналған футбол алаңы Балалар үйлерінің түлектері кәмелеттік жасқа толған бетімен, Алматы қаласындағы «Жастар үйі» әлеуметтік мекемесінің тәрбиленушілері болып орналастырылады. Ол жерде балалар 23 жасқа дейін жатақхананың принципімен тұрады: өздері азық-түлік сатып алып, тамақ жасап және коммуналды қызметтерін төлейді. Шыны керек, мемлекеттік қамқорлығында өскен бозбалалар мен бойжеткендерге өз бетімен тұрмыс құру талай қиындықтарға әкеп соқтырды, оның ішіне: жұмыс іздеу керек, тамақтануға, оқуға және киімге ақша табу деген сияқтылар. Мекеме жұмыскерлерінің қаншалықты көмек көрсеткеніне қарамастан, жастарға әлеуметтік қоғамға қосылу процессі ауыртпалықтар туғызып, күнделікті өмірдің физикалық қарама-қарсылыққа төзуі оңай емес болып, әсіресе жаңа реалияларға психологиялық бейімделуі қиын болып отыр.

Осындай кезде көмекке спорт келеді. Тек қана ол жастарға сүйеніш болып, болашаққа көзқарасын өзгертіп, екі аяғымен тік тұруға демеу береді. Жастар волейболмен, баскетболмен, күреспен айналысады, бірақ ең сүйікті ойыны – футбол болып табылады, сондықтан болар ер балалардан ғана емес, қыздардан тұратын командаларын құрылып, әр түрлі қалалық жарыстарда қатысып жүр.

Бірақ олар бір мәселеге тіреліп қалды – футбол алаңының жоқтығынан, спортсмендеріміз ашық алаңда ойнап, шаң жұтып жүгіруге тура келді. р-түрлі балалар үйлеріне көмек көрсетіп жүретін демеушілер, ер жеткен жетімдердің проблемаларын елемегендей болып, ешқандай қолдау көрсетпейді.

Бұл жайды жан-жақты ескере отырып, «Сәби» Қоры өзінің «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасын іске асыратын бағдарламасына Жастар Үйін қосты, сонымен қатар бұл мекемеге алдынғы жылдар бірнеше рет басқа да көмек көрсетілген болатын. Енді міне, 800 шаршы метрлік, жарақаттанудан сақтайтын арнайы «жасанды шөппен» төселген және контурлы прожекторлармен жарықтандырылған мини-футбол ойнайтын алаң салуға шешім қабылданды. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргілізіп жатыр, жастардың көптен күткен сыйлығы 1-ші қыркүйекке дайын болуға жобаланып отыр.

Фоторесурстер

Сілтемелер:
” звестия Казахстан”

Ойын және спорт алаңы

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Ойын және спорт алаңы Алматы қаласындағы «Данашым» физико-математикалық мектебінің оқушылары, жазғы демалыстарынан келген бетте керемет сыйлыққа кенелетін болады, өйткені бүгінгі күнде оқу орнының аумағында «Саби» Қорының күшімен жаңа ойын алаңының құрылысы басталды.

Жапырақтары жайылған ағаштардың көлеңкесінде, алтыбақандар мен бастауыш сыныптар оқушыларына арналған ойын кешендерімен бірге, белтемірлері, тенис столы, өрмелеушілері, сатысы, баскетбол шеңбері бар әр-түрлі спорттық қондырғылар, балалардың шымырлығын және күшін дамытатын болады.

«Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасының аясында тұрғызылатын бұл нысан, енді балаларға дене шынықтыру сабағын қызықты өткізіп, бос уақыттарында спортпен шұғылдандырып қана қоймай, сонымен қатар олардың денсаулықтарына орасан зор пайда тигізеді.

Фоторесурстер

«Үміткерлерімізге» арналған спорт алаңы

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

«Үміткерлерімізге» арналған спорт алаңы «Сәби» Қорының «Спорт-денсаулық-жетістіктер» жобасы еліміздің әр түрлі аймақтарында жалғасын табуда. Үстіміздегі жыл да жобадан тыс қалған жоқ. Алдымен Петропавл қаласындағы балалар ойын кешені № 2 мектеп-интернатының кішкентай тәрбиеленушін қуантты.

Енді міне, Өскемен қаласында орналасқан «Үміт» Балалар үйінің оқушыларына арналған көп функционалды спорт алаңы құрылысы бітіп те қалды. Үйлесімді нысандарды тұрғызу бойынша Қормен бекітілген үлгілік шарттарға сай, 450 шаршы метрлік алаң 4 метр қорғаныс торымен қоршаланған, баскетбол шеңберлері, шағын футбол қақпалары, және алаңды басқа спорт түрлеріне, тез және оңай, қайта жабдықтауға мүмкіндік беретін ауыспалы тор салатын волейбол бағанасы орнатылды. Сонымен қатар, алаңның арнайы резиналық төсемі, жазғы кезде құлағанда жарақаттанудан сақтап, ал қыста мәнерлеп сырғанау мен хоккей ойнағанга мұз айдынын құюға ынғайланған. Тағы айтып кететін жайт – нысанды периметрмен жарықтандыратын күшті прожекторлар, балаларға күн батқанда да спортпен әрі қарай шұғылдануға мүмкіндік береді.

Көптен күткен жазғы дем алыс келіп те қалды және балаларға жасаған бұл сыйлық орнымен болып отыр.

Фотосуреттер

Спорт жобасы жалғасуда

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Спорт жобасы жалғасуда 2007 жылы, «Жанұя» Алматы мамандандырылған кешенiнiң тәрбиеленушiлерiне сыйға футбол және волейбол алаңдарын тұрғызудан бастау алған «Сәби» Қорының спорт жобасы, оңтүстiк астанасының шектерiнен асып кетіп – жыл сайын, Қазақстанның әр-түрлі аймағында, кемінде екi-үш әлеуметтiк бала мекемелерiне спорттық нысандарын салып жатыр. Осы жылы – Петропавл мен Өскемен қалаларына кезек келді.

Петропавл қаласындағы, 240 бала үнемі оқитын, № 2 түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері жазғы демалыс қарсаңына орай, жоғарғы дәрежелі, 4 алтыбақаны және 12 орынды үстелдері бар, бір үлкен ойын кешенінен тұратын, балаларға арналған 150 шаршы метр ойын алаңын сыйға алып отыр. Арнайы резеңке жамылғысы, ойындар мен дене шынықтыру кезінде балалардың құлап жарақаттануынан сақтайды. Осы уақытқа дейін, интернат аумағындағы тозған ғимараттар, қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмей көптеген проблемаларға соқтырған. «Сәби» қорымен берілген конструкциялар, барынша нық орнатылып, тек қана функционалды ғана болмай, Қазақстан аумағында сертификатталып, барлық стандарттар мен санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес келедi.

Өскемен қаласының «Үміт» балалар үйінде, бүгінгі күнде спорт алаңын салу жұмыстары жүргізіліп, шiлде айында бiтiруге жоспарланып отыр, ол жайлы бiздiң сайт беттерінде кешiрек әңгiмелейтін боламыз. Бұл алаң біздің денсаулықты нығайту және кiшкентай азаматтарымыздың дене құрылысының өсiп-жетiлуiне себеп туғызатын, «Спорт-денсаулық-мақсат» жобамыздың 19-шы нысаны болып отыр.

Фотосуреттер

Русский

Қазақ тілі

English