Ойын және спорт алаңы Алматы қаласындағы «Данашым» физико-математикалық мектебінің оқушылары, жазғы демалыстарынан келген бетте керемет сыйлыққа кенелетін болады, өйткені бүгінгі күнде оқу орнының аумағында «Саби» Қорының күшімен жаңа ойын алаңының құрылысы басталды.

Жапырақтары жайылған ағаштардың көлеңкесінде, алтыбақандар мен бастауыш сыныптар оқушыларына арналған ойын кешендерімен бірге, белтемірлері, тенис столы, өрмелеушілері, сатысы, баскетбол шеңбері бар әр-түрлі спорттық қондырғылар, балалардың шымырлығын және күшін дамытатын болады.

«Спорт-Денсаулық-Жетістік» жобасының аясында тұрғызылатын бұл нысан, енді балаларға дене шынықтыру сабағын қызықты өткізіп, бос уақыттарында спортпен шұғылдандырып қана қоймай, сонымен қатар олардың денсаулықтарына орасан зор пайда тигізеді.

Фоторесурстер

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English