Category

Спорт-денсаулық-жетістікте

«Сәби» Қоры Атырау қаласында балаларға арналған ойын алаңын салады.

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

«Сәби» Қоры Атырау  қаласында балаларға арналған ойын алаңын салады. «Сәби» Қайырымдылық Қорының бірден-бір мақсаты – өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасап, үлес қосу. Осы орайда біздің қор Қазақстанның әрбір қалаларында балаларға арналған сапалы әрі заманға сай ойын алаңын салу жұмысына кіріскен болатын. Бүгінде ойынға және спортқа арналған 35 нысана эксплутацияға жіберілді. Демек, бұл жоба 1000 балақайдың өз уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне жәрдемін тигізеді деген сөз.

2016 жылдың қараша айында «Спорт – денсаулық – жетістік» атты жоба аясында, спорт және ойын қалашығын салу жөнінде Атырау қаласының әкімшілігімен бірге меморандумға қол қойылды. Ойын алаңының мекенжайы Атырау қаласы, Сәтпаев көшесінде (19) орналасады деп жоспарлануда.

Ал 2017 жылдың мамыр айында аумағы 2000 шаршы метрді алатын Атырау қаласының кішкентай тұрғындары мен жасөспірімдері үшін жаңа әткеншектер мен арқандар, сырғанақ пен брусья, шынығуға арналған жаңа құрылғылармен жабдықталған спорттық ойын кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, бұл кешенде қимыл-қозғалысқа мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де арнайы жасақталған аумағы бар.

Бұл жоба қала үшін ғана емес, қор үшін де ерекшеленбек. Себебі, кешеннің дизайны жалпылама түрде емес, авторлық жұмыс ретінде халықаралық «КС Л» компаниясымен бірлесе отырып жасалған. Алаңқай жұмысын жоспарлау барысында да жергілікті және шет елдік стандартқа сай сақтық шаралары ескерусіз қалмады. Балалар ойын барысында жарақаттанып қалмас үшін жерге резина төсемелер орнатылған.

Объектінің жобаланған құны – 70 000 000 теңге.

Ұлыбританиядан қайырымдылық сапар

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Ұлыбританиядан қайырымдылық сапар Жақсы қамтылған балалардың спорттық ашық алаңы – кез-келген жастағы балалардың салауатты, керек десеңіз руxани болашағының кепілі. “Сәби” Қайырымдылық Қоры аз қамтылған отбасылардың балаларының, қараусыз қалған балалар үйіндегі балалардың балалық шағы қамсыз өтуі үшін тұрақты түрде жұмыс жасайды. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір қалаларында балалардың ойын алаңын ұйымдастырудың бағдарламасы жүріп жатыр.

Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің спорттық алаңы соңғы рет осыдан 8 жыл бұрын жаңартылған болатын. Ал биылғы балалар үйінің ойын алаңын күрделі жөндеуден өткізуге көмектескен биылғы қонақтар ерекше – ұл балаларға арналған көне британдық Harrow мектебінің 13 дарынды жастары. Апта көлемінде алматылық балалармен қонақтар өздерінің қолөнер туындыларымен, екі ел арасындағы дәстүр сабақтастығымен танысты, сонымен қатар балалар үйінің спорттық алаңын жаңа жабдықтармен жабдықтауға көмектесті. Күрделі жөндеуді өткізуге 13 жас дарынның ата-аналарының қайырымдылық көмегінің арқасында жүзеге асты.

Жақсылық жасап, балаларға қол ұшын созу тек әр қаланың тұрғындарын ғана емес, мемлекеттерді де жақындастырады.

Біз бұған тағы да көз жеткізіп отырмыз және балалар үшін керемет мереке ұйымдастырдық.

«Сәби» Қорының Спорт жобасы қайтадан Ақтөбеде

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Былтырғы жылы Ақтөбе қаласында біздің Қор екі спорт жобасын қолданысқа берді: Ақтөбе облысындағы жастар үйінде көпфункционалды спорт алаңы мен Ақтөбенің №7 арнайы коррекциялық мектебінде балаларға арналған ойын алаңы. Бұл нысандар осы мекемелердің
тәрбиеленушілеріне ғана емес көршілес орналасқан басқа да әлеуметтік
ұйымдарына және де жақын жерде тұрып жатқан басқа да балалар үшін нағыз
сыйлық болды.

Сондықтан Ақтөбе облысындағы есту қабілеті бұзылған арнайы (коррекциялық) мектеп-интернат-колледжінің бастықтарының жолдауы күтпеген жағдай емес. Жолдаухатта олар өздерінің
тәрбиеленушілері ойнау үшін басқа мектептерге жүгірмеу үшін дәл сондай
ойын алаңын салып беруді сұрады.

«Сәби» Қоры бұл өтінішке жоқ дей алмады. Жақында алтыбақанмен, әткеншектермен, екі
жаққа тербелетін әткеншектермен, төбешіктер және өрмелгіштермен
жабдықталған тағы бір ойын алаңы Ақтөбеде пайда болады.

Петропавловск қаласында жаңа спорт нысаны салынды

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Алдында айтылып кеткендей Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балаларға арналған ойын алаңы пайдалынуға берілді.

Жұмыстарды
мамыр айында бітіруге жоспарлағамбыз, бірақта бүкіл Қазақстанды
таңқалдырған қолайсыз ауа райының салдарынан кешірек бітіруге мәжбүр
болдық.

Бейімдеу орталығының кішкентай тәрбиелушілері
веложаттықтыруы, әткеншектері бар, ойын кешенімен және қауіпсіз резеңке
төсемі төселген ойын алаңын сыйлық ретінде тартты.

Бұл «Сәби» Қорымен Спорт жобасының аясында салынған 33 нысан.

2016 жылдың бірінші спорт жобасы

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

2002 жылдан бастап жұмысын атқарып келе жатқан «Сәби» Қорының Спорттық жобасы жаңа нысандарымен мерекелінеді. Алматы, Петропавловск және Ақтөбе қалаларының балалар әлеуметтік мекемелерінде және білім беру мекемелрінде бірнеше спорт және ойын алаңдары салынады.

Бірінші болып (Петропавл қаласының) Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, тәрбиеленушілеріне арналған, қауіпсіз төсемімен төселген ойын алаңының жұмысы басталған нысан болады.

Кездейсоқтан құлап, жарақат алудан сақтап қалатын арнайы қауіпсіз резеңке төсемінде, әткеншекпен, өрмегіштермен, арқанмен және төбешіткерімен жабдықталған ойын кешені орнатылады. Нысанның жұмыс ауданы 144м2 және ашылуы мамыр айларының мерекелеріне жоспарланып отыр.

Ақтобе қаласында спорт алаңы қолданысқа берілді.

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Ақтобе қаласында спорт алаңы қолданысқа берілді. «Сәби» Қоры «Спорт жобасының» аясында Ақтобе облысының Жастар үйінде спорт алаңының құрылысын аяқтады.

Бұл нысан Ақтобеде екінші ал Қазақстан бойынша отыз екінші болды. Сөйтіп біздің Қор келешек ұрпақтың дамуына өз үлесін қосып отыр.

Жан жағы қоршалған және жарықталған, қауіпсіз резеңкелі төсем орнатылып профессионалды белгілермен боялған волейбол, футбол, баскетбол ойнауға арналған көпфункционалды алаңы Жастар үйінің түлектеріне керемет сыйлық болды.

Енді сіздерден жаңа жетістіктерінңізді күтеміз!

Фотосуреттер мында.

1 қыркүйекте Ойын алаңы пайдалануға берілді!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

1 қыркүйекте Ойын алаңы пайдалануға берілді! Қыркүйектің 1-ші жұлдызы күні Ақтөбенің № 7 арнайы коррекциялық мектебінің тәрбиеленушілері біздің Қордың керемет сыйлығына ие болды. Балаларға арналған ойын алаңы пайдалануға берілді.

Аталмыш ойын алаңы шамамен 525 шаршы метрді қамтиды. Алаң алуан түрлі құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, сырғанақ, әткеншектер, өрмелеуіштер мен гимнастикаға арналған әртүрлі деңгейде әзірленген көлденең барлар, арқандар, көтерілу қабырғалары да орналасқан.

Белсенді ойын жаттығуларынан кейін балалар бақша орындықтары мен керуерттерде және өз ыңғайына қарай жайлы отыратын жұмсақ орындықтарда отыра алады.

Еске сала кетейік, бұл «Сәби» қорының Спорттық жоба «қызмет тiзiмiндегi» 31-ші объектісі болып табылады.
Фотосуреттер мында.

«Спорт жобасы» Ақтөбе қаласында

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

«Спорт жобасы» Ақтөбе қаласында «Сәби» Қорының басты жобалары Ақтөбе қаласына бағытталғандықтан, футбол, волейбол, баскетбол тіпті теннисте ойнауға болатын көпфукционалды спорт алаңын осы қалада салу туралы шешім қабылданды. Спорт алаң Ақтөбе облысының жастар Үйінде салынады.

Ең біріншіден бұл шешім осы жастар Үйінде тәрбиеленушілері лық толып кету себебінен мекеменің тәрбиеленушілеріне леуметтік жатақхана құрылысын бастау шешіміне сүйеніп отыр. Жаңадан салынып жатқан жастар қалашығында өзінің спорт нысандарыда жобаланған. Ескі ғимаратта қалғандарына спортмен шұғылдануға толықтай мүмкіндік алу керек.

Оған қоса олар өзінің салауатты өмір салты ұстаушылығын дәлелдеді: бұл жерде әр түрлі командалық біріншілігінде жеңістерге жеткен 10 аса спорт шеберлері кандидаттары тәрбиеленді.

Спорт алаңы «Сәби» Қорының «Спорт жобасы» аясында салынады.

Актобе қаласында 31-ші спорт нысаны салынады

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Актобе қаласында 31-ші спорт нысаны салынады«Сәби» Қайырымдылық Қоры батыста өзінің белсенді жұмысын жүргізуде. Жақында Ақтобе қаласында балалар үйлерінің түлектеріне арналған леуметтік жатақхананың құрылыс жобасы басталды.

Ал енді шілде – тамыз айларына актобенің арнайы түзету № 7 мектебінің тәрбиленушілеріне балалар ойын алаңы салу жоспарлануда. Бұл нысан Қордың Спорт жобасының аясында салынады және нысанның тарихында 31-ші болады.

Төбешік, әртүрлі әткеншектер, бірнеше өрмелеулер мен өткелдер, әртүрлі белтемірлермен жабдықталған гимнастикалық кешені бар, сондай ақ арқандармен, көтерулуге арналған арнайы жарлары бар нағыз ойын қалашығымен демалатын бақша отырғыштармен дивандары балаларға қуаныш пен шаттықтан бөлек таза ауада ойнап денсаулығын жақсартатын мүмкіншілік.

Электронды ойыншықтарыңды тастап жаттығуға кірісіңдер!

By | Спорт-денсаулық-жетістікте

Электронды ойыншықтарыңды тастап жаттығуға кірісіңдер! Спортпен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасау және әлеуметті осал топтағы халықтың балаларын денсаулыққа пайдалы өмірлік салтына итермелеу – Қорымыздың аттас жобасының басты мақсаты.

Соның аясында «Сәби» Алматы қаласының әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы “Жастар үйіне” керемет сыйлық ретінде спортзалының ішкі көрінісе тамаша үйлескен бірнеше заманауи жаттығу құрылғыларын табыс етті.

Осы орталықта тұрып жатқан балалардың көбісі оқуларымен кәсіби ауырпалыктарына қарамастан денсаулықтың дамытуына деген көқарасы байыпты. Сыйлық дәл соларға арналады.

Велотренажерда жүздеген шақырым жүріп өту, жүгіру жолында нағыз марафоншы атану, әртүрлі ондаған кардиожаттығулар жасап шығу – осының бәрі енді қол жетімді.

Алға – деніміздің саулығына және жақсы көңіл күйге!

Русский

Қазақ тілі

English