Ұлыбританиядан қайырымдылық сапар

Ұлыбританиядан қайырымдылық сапар Жақсы қамтылған балалардың спорттық ашық алаңы – кез-келген жастағы балалардың салауатты, керек десеңіз руxани болашағының кепілі. “Сәби” Қайырымдылық Қоры аз қамтылған отбасылардың балаларының, қараусыз қалған балалар үйіндегі балалардың балалық шағы қамсыз өтуі үшін тұрақты түрде жұмыс жасайды. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір қалаларында балалардың ойын алаңын ұйымдастырудың бағдарламасы жүріп жатыр.

Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің спорттық алаңы соңғы рет осыдан 8 жыл бұрын жаңартылған болатын. Ал биылғы балалар үйінің ойын алаңын күрделі жөндеуден өткізуге көмектескен биылғы қонақтар ерекше – ұл балаларға арналған көне британдық Harrow мектебінің 13 дарынды жастары. Апта көлемінде алматылық балалармен қонақтар өздерінің қолөнер туындыларымен, екі ел арасындағы дәстүр сабақтастығымен танысты, сонымен қатар балалар үйінің спорттық алаңын жаңа жабдықтармен жабдықтауға көмектесті. Күрделі жөндеуді өткізуге 13 жас дарынның ата-аналарының қайырымдылық көмегінің арқасында жүзеге асты.

Жақсылық жасап, балаларға қол ұшын созу тек әр қаланың тұрғындарын ғана емес, мемлекеттерді де жақындастырады.

Біз бұған тағы да көз жеткізіп отырмыз және балалар үшін керемет мереке ұйымдастырдық.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English