Category

Мүгедектерге–лайықты өмір

«Инватакси» мәселесі жоғары деңгейде талқыланды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Бүгін Алматы қаласында
мүгедектер қоғамдық ұйымдардың, қорлардың және мемлекеттік құрылымдардың
басшыларыменҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірі Абденов С.С.кездесу
өткізілді. Бейресми жағдайда болған отырыста қазіргі қоғамда мүмкіндіктері
шектеулі адамдардың әлеуметтік деңгейін жоғарылату үшін мәселелер талқыланды.

Өзекті түрде
арбадағымүгедегектерге көлікпен жүруінемүмкіншілік ашу туралы тақырып көтерілді.

«Сәби» Қайырымдылық Қорының«Мүгедектер – лайықты өмір» атты жобасы бойынша
атқарған жұмысы жайлы, «инватакси» қоғамдық такси жүйесін дамыту туралыҚордың Президенті сел Тасмағамбетоважиналыста сөз сөйледі.

Баяндаманың толық
мәтінін осы жерден оқи аласыз.kaz.report.pdf[170.64 Kb] (cкачиваний: 5)

Тақырып бойынша сілтемелер:
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрлігінің сайты

bnews.kz бейнепорталы
Премьер-Министр сайты
Казахстанская правда газеті
inform.kz интернет-портал
Хабар телеарнасы
Закон.кз заң порталы

Қазақстандық «Инватакси» паркінде – 52 автокөлік!

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Қазақстандық « нватакси» паркінде – 52 автокөлік! Аңсаған нәрсенді күткен кезде уақыт тым созылып кетеді, ол бәрімізге де белгілі жайт. Ал ұзақ жылдар бойы үй қабырғасынан шықпаған арбадағы отыратын мүгедек адамға, далаға шығып, қала серуендеп, танылмай қалған көшелердің жаңа ғимараттарымен тамсанып, сарғайған болса да, әлі түспеген жапырақтарды өз қолымен теру деген мүмкіндігіне жету арман болып көрінеді. 



Жергілікті « нватакси» қызметінің дамуына «Сәби» Қайырымдылық Қорыменқойылған келісім мен машиналарды қолма қол алуға дейін мерзім тура жарты жыл уақытты алады. Бірақ та, бұл көліктерді сонау Германияға тапсырыс беріп, мүгедектер арбасына бейімді, ыңғайлы қылып жинау жұмыстары бірнеше айларды талап етеді. 


Алматы қалалық мүгедектер одағына арналған екі Volkswagen Caddy машиналарын сатып алынған кезінен бастап алты айда өтті. Олар кедендік ресімдеу кезегінен және МА қызметінен тексерістерінен өтіп, енді міне біздің Қормен 2008 жылы ұйымдастырылған мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған қазақстандық арнайы автопаркін толықтырды. Қазіргі таңда отандық 16 қалада барлығы 52 «инватакси» саналып отыр. 
 
Осындай көптен күткен қуанышты хабар, бірнеше рет мұқтаж адамдарға қолдауын көрсеткен, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін анықтаған «КазРосГаз» ЖШС-нің көмегімен жасалып отыр. Демеушілікке арналған қаражатын «Сәби» Қорына сеніп тапсырып «КазРосГаз» компаниясы«Мүгедектерге – лайықты өмір» атты жобаға ат салысып, тағдардың жазғанына орай арбада отыратын қазақстандық азаматтардың қозғалу еркін сезінуге мүмкіндік берді. 

Рахмет, «КазРосГаз»!

Шалғын аудандарға арналған арнайы көтергіштер

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Шалғын аудандарға арналған арнайы көтергіштерАрбадағы мүгедектерге сатымен көтеріліп-түсуге мүмкіндік беретін арнайы мобильді көтергіштердің Алматы қаласына кезекті партиясы жеткізілді. Бұл қондырғылар қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдарға мүгедектер арбасынан тұрмай баспалдақпен ары бері ыңғайлы да қауіпсіз жүруге ықпал етеді. 



Алдыңғы кезде біз 9 қалаға дөңгелекті және шынжырлы көтергіштерді жібергеннен кейін, олардың мұқтаж адамдарға зор көмегін тигізгенге көзіміз жетті. Енді жаңадан алған механизмдер « нватакси» қызметін көрсетіп жүрген мүгедектер қоғамдарына тағы да сый ретінде таратылатын болады.



Тез арада енді, Тараз, Екібастұз және Қызылорда қаласындағы қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар осы агрегаттарды іске қосып пайдалана алатын болады. Ал Астанамен Шымкент қалаларындағы қолданушылар арнайы автопарктарда көліктердің көбірек болғанына байланысты қосымша тағы бір-бір көтергішті иеленді. 



Жаңа көтергіштермен қамтамасыздандыру жолымен « нватакси» қызметін одан ары жетілдіру «Сәби» Қайырымдылық Қорының «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты жобасының тағы бір баспалдаққа көтерілгенін дәлелдейді.

Баспалдақтар енді қиындық тудырмайды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Баспалдақтар енді қиындық тудырмайды Үстіміздегі жылдың басында «Мүгедектерге лайықты өмір» атты жобаның қатысушылары болып табылатын Қазақстанның 9 қаласындағы мүгедектер қоғамдарына « нватакси» көліктік қызметін жан-жақты жабдықтау үшін «Сәби» Қайырылымдылық Қорының атынан баспалдақтың үстімен түсіп-көтерілуіне арналған мобильді механизмдер сыйға тартылды. Бұл құрылғылар арбадағы мүгедектерді тасымалдау кезінде жұмысты едәуір жеңілдетеді, себебі лифт пен пандустармен жабдықталмаған ғимараттар ішінде көмекшінің күшімен сатының үстімен жүруіне мүмкіндік береді. Осындай «баспалдақжүргіш» сатыларды арнайы рельстермен немесе қосымша тораппен жабдықтауды қажет етпейді.

Қозғалу мүмкіндіктері шектеулі көптеген адамдар енді көп жылдың ішінде бірінші рет үйлерінің қабырғасынан шығып, медициналық және әлеуметтік мекемелерге барып, достарымен кездесіп немесе жай ғана таза ауаға шығып серуендеуге мүмкіндік алды.

Бүгiнгi күнге бiздiң Қормен талияда өндірілетін механизмдердің екiншi партиясын әкелуге келісім-шарт жасалды. Осы келе жатқа жаз айларының ортасында Тараз, Қызылорда және Екібастұз қалаларында орналасқан мүгедектер қоғамындарына бір данадан, ал Астана мен Шымкенттегі «инватакси» қызметінің автокөліктер санының басым болғанына байланысты алдында қыста алынған көтергіштерге қоса тағы механизмдер сыйға тартылатын болады.

Көптен күткен машиналар келіп жетті

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Көптен күткен машиналар келіп жетті «Сәби» қайырымдылық қоры жақсы жаңалықпен қуандыруға асығады – алматының мүгедектер қоғамына арналған «Volkswagen» маркасындағы арнайыландырылған автомобилдер: «Эльдани» Қорына арналған «Transporter» микроавтобусы, Алматы қалалық мүгедектер қоғамына (АҚМҚ) арналған «Caddy» екі жеңіл автомашинасы және Мүгедек балалардың ата-аналар ассоциациясына (МБАС) «Crafter» автобусы келіп жетті.

«Эльдани» мен МБАС арналған машиналар ауадай қажет болатын. Бұл ұйымдар жанында, психикалық және дене дамуының қиыншылығы бар балалар мен жастарға көмектесетін оңалту орталықтары жұмыс істейді. Бұл жерде балалармен қалпына келтіретін психологиялық және бейімдендіру іс-шаралары өткізіледі және бұрынырақта олардың көпшілігіне бұл жерге қоғамдық көлікпен жетуге тура келетін. Ал ендігі жерде оларды мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін арналған арнайы автокөлік тасып жеткізіп, үйді-үйлеріне жеткізіп салатын болды.

АҚМҚ екі автокөлік « нватакси» паркін толтыру үшін пайдаланылады. Келесі кезекте біздің Қорымызбен сатып алынған және 5 айдың ішінде жеткізілетін тағы да екі «Caddy» машинасы тұр. Осылайша мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету мүмкіндігі елеулі түрде өсетін болады.

«Сәби» қоры ерекше адамдардың өмірін сәл де болса жеңілдетуге қадам жасаған және «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасын дамытуға үлес қосқан барлық филантроптарға шын көңілден алғыс айтады.

Фотосуреттер

«Инватакси» автокөліктермен толықтырылды

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Біздің қаламызда мүгедектерге транспорттық қызметтер атқаратын көгілдір «шашкалары» бар автокөліктер көзге үйреншікті болып қалды.

« нватакси» қызметінің диспетчерлік орталығына келіп түскен сұранымдардың көбеюіне байланысты және біздің Қормен Алматы қалалық мүгедектер қоғамына сыйға тартылған арнайы машиналардың жетіспегеніне орай, біз қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдардың тұтынушылық қажеттілігін көліктік қызметтің толығымен қанағаттандырылмағанын түсіндік. Осыған байланысты алматылық қызметтің тұрағын тағы екі Volkswagen Caddy автокөліктерімен толықтыруға «Сәби»шешім қабылдады.

Бұл шешілген қадамымыз біздің демеушіміз «КазРосГаз» ЖШС-нің арқасында іске асырылды. Өз бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігін ұғынған бұл компания, біздің «Мүгедектерге – лайықты өмір» Жобамыздың алға басуына себепкер болып қажетті сома бөлді.

Келе жатқан жаз айларының бірінші жартысында Алматы тапсырыс берілген машиналар жеткізіліп, дереу пайдалануға берілетін болады.

«КазРосГаз»-ға рахмет!

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«КазРосГаз»-ға рахмет! «Сәби» Қайырымдылық Қоры қолдауға мұтаж жандарға жәрдем беретін әрбір филантропты бағалап құрметтейді.

Бүгін біз табиғи Қазақстанның табиғи газы бен соның өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы маркетингі, соларды өңдеу, тасымалдау мен сату саласында жұмыс істейтін Қазақстан-Ресей «КазРосГаз» газ компаниясы жайлы әңгімелегіміз келеді.

«КазРосГаз» компаниясы алматылық « нватакси» автопаркін кеңейту мақсатында арбамен қозғалатын мүгедектерді тасымалдауға арналған екі арнайы автокөлікті сатып алуға қаражат бөлумен «Сәби» Қорының «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасына қолдау көрсетті, бұл ерекше қиындықпен қозғалатын адамдардың әлеуметтік бейімделуін жақсарту жолындағы кезекті елеулі қадам болды.

«КазРосГаз» ЖШС коммерциялық емес жобаларға белсенді ат салысып отырады. Бұл жағдайда оның қайырымдылық және демеушілік қызметінің басты бағыттары – аз қамтылған отбасылары мен балалар үйлеріндегі балаларға, ардагерлер мен мүгедектерге көмек көрсету. Компания сонымен қатар түрлі спорт федерацияларын, командалар мен жекелеген спортшыларға қолдау жасап отырады. Рухани және ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, мәдениетті, ғылым пен білімді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Ал «КазРосГаз» ЖШС-ның қазақстандық және ресейлік қайырымдылық қорларымен әріптестік жасауы өзекті әлеуметтік мәселелерді тиімді түрде шешіп отыруға мүмкіндік береді.

Біз «КазРосГаз» ЖШС компаниясына көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Бөгетсіз шыңға өрлеу

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Бөгетсіз шыңға өрлеу Жарты жыл бұрын мүгедектердің арбаларын баспалдақтардан түсіп-көтерілуіне арналған көтергіш механизмдерді алуға қаражатты шоғырландыру процессін бастап, «Сәби» Қайрылымдылық Қоры 2011 жылдың аяғында талияда өндірілген 10 жинақ шынжырлы және мобильді сатылық көтергіштерді сатып алды.

Енді міне, Қордың «Мүгедектерге – лайықты өмір» атты әлеуметтік жобасының қатысушыларына – Алматы, Астана, Павлодар, Семей, Шымкент, Көкшетау, Өскемен, Ақтобе и Қостанай, яғни еліміздің тоғыз қалаларында орналасқан « нватакси» қызметтерін жабдықтауға сыйға тартылды.

Қазіргі замандағы қалаларда сүйену-қозғалыс аппараты бұзылған адамдарға өмір сүруіне қиындыққа шалдықтырып отыр, әр сатымен көтерілу олар үшін Эверест шыңына өрлеумен тең, енді осы оңалтуға арналған техникалық құралдар тұрмыс деңгейін көтеруге себеп болды. Лифтілермен немесе пандустармен жабдықталмаған көп қабатты үйлердің және қоғамдық ғимараттардың табалдырықтарын, ернеулерін, баспалдақтарын аттап өткенге жақсы мүмкіншілік туылып отыр.

Осы уақыттан бастап арбадағы әр жолаушы «инватакси» ақысыз қызметін шақырған кезде керекті мекен-жайға жетуіне сенімді бола алады, өйткені тасымалдауға ыңғайлы көтергіштер әрқашанда көмекке дайын тұрады.

Ал біз өз тарапымыздан қаражатты ары қарай жинастыруды жалғастырамыз және сонымен қатар жобаның қалған қатысушыларына «баспалдақпен көтеруліге көмекшілерды» сатып алып беруге кәміл сенеміз.

Тәуелсіздік күніне – беделді үлес!

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

Тәуелсіздік күніне – беделді үлес! Өтіп бара жатқан осы желтоқсан айында Қазақстан өзінің бас мекересін – Тәуелсіздіктің 20-жылдығын атап өтуде. Бүкіл халық өздерінің жеткен ең үздік жетістіктері мен табыстарын көрсету және болашақтағы жоспарларымен бөлісу үшін екпіндік танытып біртұтастығын көрсетті.

Осы жағдайды айта келе «Сәби» Қоры игілік істер көрсету жөнінде шетте қалмай, артық сөзсіз мақтан тұтатындай көп дәрежеге жеткенін айтқысы келіп отыр. Еліміздің 16 елді мекендерінде таралған біздің «Мүгедектерге-лайықты өмір» жобамыз арнайы орында тұр. Айтып өтіп кететіндей тағы бір жайт, ол әр-түрлі деңгейлі мемлекеттік орындардың осы жобаны республикалық маңыздылығын ескере отырып баршылыққа ұсынуы көрсеткіштің бірі болып саналады.

Тәуелсіздік Күніне, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдау бағдарламасының дамуына «Сәби» Қоры беделді үлес қосты: екі жаңа қатысушылар, Орал және Екібастұз қалалары, қос қостан сыйға тартылған арнайы «инватакси» автокөліктеріне ие болды. Енді осы айтылған қалаларда мүгедектер қоғамдарының қолдауымен арбадағы мүгедек адамдарға еш проблемасыз көлікпен қатынасуына қамтамасыз ететін бұрын-соңды болмаған қызмет құралады.Сонымен қатар, 1,5 жыл бойы « нватакси» қызметі жұмыс істеп келе жатқан Тараз қаласына қосымша Volkswagen Caddy машинасы берілді.

Айтып отырған көліктік тасымалдау жұмыстары мүгедектердің қайсібір ұйымдарда тіркелуіне қарамастан, диспетчерлік қызметке келіп түскен өтінімдеріне қарай рет-ретімен орындалады (диспетчерлік қызметтің телефон нөмірлерін осы жерден көре аласыз). Қызметтер әр-түрлы аймақтардың ережелері мен шектеулеріне сай ақысыз түрде жұмыс істейтін болады.

Орал және Екібастұз қалаларындағы ” нватакси” қызметінің фотосуреттері

“Инватаксиге” тапсырыс бердіңіз ба?

By | Мүгедектерге–лайықты өмір

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасының басталғанына 3 жылдан асып кетті. Бүгінгі күнде, Қорымыздың атынан «инватакси» автокөліктерін сыйға алған қоғамдық ұйымдармен қосыла біз нәтижелерімізді мақтан тұтып жақсы пікірлермен бөліскіміз келіп отыр.



Осы уақытқа дейін «Сәби» Қорының күшімен барлығы 50 автокөлік сатып алынды, оның ішінде 9 машина қазіргі уақытта Германиядағы өндіруші зауытта қайта жабдықтаудан өтуде және, Алматыға келіп түсуіне қарай олар да Қазақстанның әр түрлі аймақтарына үлестірілетін болады.



Бүгінгі күнде, « нватакси» – қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған ақысыз әлеуметтік такси, еліміздің 14 қаласында жұмыс істеуде. р көліктің арнайы гидравликалық көтергіштер арбадағы мүгедектердің отырып түсуін едауір жеңілдедеті. Бұл механизм, арбадан түспей, автокөлікке еш қиындықсыз отырып және шығуына өте ыңғайлы жасалған.

Көліктік қызметтің маңыздылығы және қажеттілігін әр машинаға тіркелген борттық журналда жазылған көптеген алғыс сөздері айғақтап отыр.



«Шымкент қаласындағы мүгедектер қоғамы» қоғамдық ұйымының төрағасы, Вадим ТОРОПОВ

«Менің ең бірінші айтқым келіп отырғаны, Шымкент қаласындағы « нватакси» қызметінің құрылғанынан бері көп нәрсе өзгерді, әсіресе қалалықтардың қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көзқарасы басқаша болды. Бұрында мүгедектер көзге көрінбей үйінде отырғандықтан, олардың қоғамда аз екені жайлы алданыш стереотип болатын. Енді міне «Сәби» Қорының Президенті сел Тасмағамбетованың іске асырған жобасы, қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдар өздерін «қоғамнан аласталған адам» емес, нағыз азамат ретінде сезінуге ықтимал берді. р-түрлі қалалық мәдени-көпшілік шараларда қатысу, қоғамдық, медициналық, оқу және басқа да мекемелерге бару деген сияқты мүмкіншілік туылды. Бұл жайт өз кезегімен біздің мүгедектер қоғамына мемлекеттік құрылымдарынан және Өңтүстік-Қазақстан облысының тұрғындарының көзқарасын өзгертті».[/i]



«Ақтөбе қаласының сал дертіне шалдыққан азаматтарды қорғау ұйымы» қоғамдық ұйымының « нватакси» қызметінің диспетчері Марал НУРАЛ НА:

«Ақтөбеде қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналаған осындай арнайы қызметтің ашылуы барлығымызға үлкен прогресс болды! «Сәби» Қайырылымдылық Қорының сыйға тартқан арбадағы адамдарды тасымалдайтын арнайы екі автокөлігі қаламыздың әлеуметтік жағдайын дамыту үшін үлкен бір қадам болып отыр. Қазіргі уақытта, қоғамдық таксиді қолданып көптеген мүгедектер орнында отырмай көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік береді». [/i]



Шахан ЖУЛДАСБАЕВ, Ақтөбе қаласындағы « нватакси» қызметінің тұрақты қолданушысы:

«2007 жылдың маусым айында ойламаған жерде сәтсіз оқиғаға тап болдым: автокөлік дөңгелегінің астына түсіп қалдым. Диагноз: мойын омыртқасының сынығы. Көп уақыт бойы мен Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында емделіп және сауықтырылдым. Бастан кешкен сұмдық пен жақындарымның азабын айтқым да келмейді. Қазір оның бәрі артта. Мен І-топ мүгедегімін, және мен ары қарай толық қарқынды өмір сүргім келеді. Жақында мен «Ақтөбе қаласының сал дертіне шалдыққан азаматтарды қорғау ұйымы» қоғамдық ұйымына жұмысқа орналастым. Тұрғылықты үйім қаладан 20 шықырым жерде болғандықтан, күн сайын « нватакси» қолайлы машинасы алып апарып тұрады. Білетінім осы қызметті көптеген мүгедектер қолданып жүр, ал одан көбі қолданғысы келіп жүр. Өз тарапымнан азаппен күресуге көмектескен туғандарыма, жақындарыма, қала әкімшілігіне, Ақтөбе қаласының сал дертіне шалдыққан азаматтарды қорғау ұйымы» қоғамдық ұйымына, және міндетті түрде «Сәби» Қайырылымдылық Қорына жаңадан өмір бастағаныма алғысымды білдіргім келіп отыр. Өздігінен қозғалуға мүмкіндігі жоқ адамдардың ауыртпалығын жеңілдедетін осындай асыл адамдар қаламызда көбее берсін. Ал мен болсам сіздердің және өзімнің үмітімді ақтау үшін бар күшіммен ат салысам».[/i]



« нватакси» қызметін пайдалану үшін, сізге бір күн бұрын диспетчерлік бөлімге телефон соғып тасымалдау жұмысына тапсырыс беруге болады (әр қаланың телефон номерлері біздің сайттың «пайдалы сілтемелерінде» көрсетілген).

Русский

Қазақ тілі

English