Баспалдақтар енді қиындық тудырмайды

Баспалдақтар енді қиындық тудырмайды Үстіміздегі жылдың басында «Мүгедектерге лайықты өмір» атты жобаның қатысушылары болып табылатын Қазақстанның 9 қаласындағы мүгедектер қоғамдарына « нватакси» көліктік қызметін жан-жақты жабдықтау үшін «Сәби» Қайырылымдылық Қорының атынан баспалдақтың үстімен түсіп-көтерілуіне арналған мобильді механизмдер сыйға тартылды. Бұл құрылғылар арбадағы мүгедектерді тасымалдау кезінде жұмысты едәуір жеңілдетеді, себебі лифт пен пандустармен жабдықталмаған ғимараттар ішінде көмекшінің күшімен сатының үстімен жүруіне мүмкіндік береді. Осындай «баспалдақжүргіш» сатыларды арнайы рельстермен немесе қосымша тораппен жабдықтауды қажет етпейді.

Қозғалу мүмкіндіктері шектеулі көптеген адамдар енді көп жылдың ішінде бірінші рет үйлерінің қабырғасынан шығып, медициналық және әлеуметтік мекемелерге барып, достарымен кездесіп немесе жай ғана таза ауаға шығып серуендеуге мүмкіндік алды.

Бүгiнгi күнге бiздiң Қормен талияда өндірілетін механизмдердің екiншi партиясын әкелуге келісім-шарт жасалды. Осы келе жатқа жаз айларының ортасында Тараз, Қызылорда және Екібастұз қалаларында орналасқан мүгедектер қоғамындарына бір данадан, ал Астана мен Шымкенттегі «инватакси» қызметінің автокөліктер санының басым болғанына байланысты алдында қыста алынған көтергіштерге қоса тағы механизмдер сыйға тартылатын болады.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English