«Инватакси» автокөліктермен толықтырылды

Біздің қаламызда мүгедектерге транспорттық қызметтер атқаратын көгілдір «шашкалары» бар автокөліктер көзге үйреншікті болып қалды.

« нватакси» қызметінің диспетчерлік орталығына келіп түскен сұранымдардың көбеюіне байланысты және біздің Қормен Алматы қалалық мүгедектер қоғамына сыйға тартылған арнайы машиналардың жетіспегеніне орай, біз қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдардың тұтынушылық қажеттілігін көліктік қызметтің толығымен қанағаттандырылмағанын түсіндік. Осыған байланысты алматылық қызметтің тұрағын тағы екі Volkswagen Caddy автокөліктерімен толықтыруға «Сәби»шешім қабылдады.

Бұл шешілген қадамымыз біздің демеушіміз «КазРосГаз» ЖШС-нің арқасында іске асырылды. Өз бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігін ұғынған бұл компания, біздің «Мүгедектерге – лайықты өмір» Жобамыздың алға басуына себепкер болып қажетті сома бөлді.

Келе жатқан жаз айларының бірінші жартысында Алматы тапсырыс берілген машиналар жеткізіліп, дереу пайдалануға берілетін болады.

Фонд Саби

Author Фонд Саби

More posts by Фонд Саби

Русский

Қазақ тілі

English