Category

Медициналық жоба

Балалардың амандығы үшін. Нәтижелер

By | Медициналық жоба

Балалардың амандығы үшін. Нәтижелер «Сәби» Қорымен № 2 Ақмола облыстық ауруханасына алдында тапсырыс берген медициналық жабдықтар келіп түсті. Аталған мекеменің жұмыскерлері қолдану тәсілдерін үйреніп, өмірге аса қажетті аспаптарды енді реанимациялық практикалық жүзінде пайдалана бастады.

Аурухананың басшылығының айтуы бойынша «… замануи медицианлық жабдықтар жаңа туылған нәрестелерге алғашқы минуттардан бастап білікті көмек көсетуге, кішкентай періштелердің ағзасын уақытылы тексеріп, аурудың асқынуын алдын алуға мүмкіндік береді».

Мекеменің босану бөлімі әлі күнге дейін реанимациялық жүйелермен толық қамтамасызданған жоқ, сондықтан да біздің Қайырымдылық қорымен жасалған осы сыйлық балаларға жедел түрде жәрдем көрсетуге үлкен маңызы бар.

Сәбилер аман болсын

By | Медициналық жоба

Сәбилер аман болсын Күйінішті факт-: тұрғылықты халыққа білікті көмек көрсету үшін өмірлік маңызы бар медициналық қондырғыларды қажет ететін емдеу мекемелері бізде әлі де бар.

Солардың қатарында жыл сайын облыстың жеті ауданынан 200 мыңдай науқас қабылдайтын №02 Ақмола облыстық ауруханасы да бар.
Бұл мекеме шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, перзентханадағы жаңа туылған нәрестелер мен балаларға жәрдем көрсетеді. Алайда, жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінбей, аурухананың материалды-техникалық жабдықтары толықтырылмай отыр.

«Саби» Қоры аурухана басшылығының өтінішін жерге қалдырмады. Қажетті келіссөздер мен кеңес берулерден кейін, біздің жетекшілігімізбен 3D/4D мүмкіндігі және түрлі-түсті доплер әсері бар МС-7 Mindray премиум класстық диагностиканың ультрадыбыстық стационарлық жүйесі сонымен қатар науқасқа өкпесіндегі ауаны жаңарту процесінде ұсынылатын газдың жылынуы мен ылғалдануына арналған 2 тыныс алу қоспаларын ылғалдандырғыш алынды.

Аталмыш қондырғылар алдағы екі айда мекеменің перзентхана бөліміне орнатылады деп күтілуде.

Балалар емханасына тағы бір сыйлық

By | Медициналық жоба

Балалар емханасына тағы бір сыйлық Жақында №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасына биыл наурыз айында сатып алынған электроэнефалографиялық зерттеулер (ЭЭГ) жүргізуге арналған «Нейрон-Спектр-4/П» және “Нейрон-Спектр Видео” атты компьютерлік комплекс орнатылды.

Аппарат тестілеуден өтіп, кішкентай балаларымызға қызмет ету үшін күнделікті ісіне қосылды.

Бұл медициналық жабдыққа косымша емдеу мекемесі «Сәби» Қорынан сыйлық ретінде төсек-орын жабдығы табыс етілді: 240 көрпе және соншама жастық сосын 480 төсек-орын жинақ. Егер ЭЭГ комплексі балалардың тез жазылып кетуіне ықпал етсе, жаңа төсек-орын тысы стационарда емделіп жатқан балалардың уақытын үйдегідей сезінуге көмектеседі.

Фотосуреттер мында.

Шипажайға арналған стоматологиялық кабинет.

By | Медициналық жоба

Шипажайға арналған стоматологиялық кабинет.Алматы қаласының туберкулезге қарсы «Шымбұлақ» балалар шипажайы біздің қамқорлығымыздағы мекеме. 2007 жылдан бастап «Сәби» Қоры оларға біренеше рет көмек көрсетті: үлкен ойын алаңы салынды, ЕЖК кабинетінде жөндеу жұмыстары жүргізілді және толықтай жабдықталды, кішкентай емделушілерге арнайы жаңа дылдық тосын сый мен құттықтаулар ұйымдастырылды, бірнеше жыл бойы балаларға газеттермен журналдарға жылдық жазылым жасалынды.

Сондай ақ 2007 жылы шипажайда стоматологиялық кабинет ашылды. Бұл жерде жыл сайын табысы аз отбасылар және әлеуметтік-нашар отбасылардан 1000 астам бала оңалтудан өтеді және олардың 80% ауыз қуысының түзетуін қажетсініп отырып.

Біздің Қорымыздың сатыл алған стоматологиялық техникасы әрине уақытысымен істен шығып бұзыла бастайды, сондықтан оны жаңа замануи жабдыққа ауыстыруға қажеттілік туды.

«Сәби» Қоры түберкүлезгеқарсы шипажайына көмек көрсетуді жөн көрді. Жаңадан стоматологиялық қондырғы және медициналық аспаптарды сақтайтын қозғалмалы стөл-тумба сатып алынды. Енді балалар қолайлы жағдайда тістерін сапалы әрі ауыртпай емдей алады.

№02 балалар ауруханасына ЭЭГ аппараты сатып алынды

By | Медициналық жоба

№02 балалар ауруханасына ЭЭГ аппараты сатып алынды №02 клиникалық балалар ауруханасы «Сәби» Қорының бұрыннан келе жатқан бенефициары. 2007 жылдан бастап біздің Қор бұл мекемеге бірнеше рет көмек көрсетті: бұл жерде біз бөлмерде жөндеу жұмыстарын өткіздік, ойын және оқу бөлмелерін толық жабдықтадық, арнайы жиһаз және құрал-жабдықтар сатыл алдық, оған қоса керекті медициналық жабдықтар алдық.

Қазіргі кезде ауруханаға мемлекет тұрақты қаржылай қамтамасыз етіп жатыр және аурухана жақсы жабдықталған. Бірақ та орталық жүйке жүйесінің және бұлшықет тонусының функционалдық жағдайын және невропатологиялық аурулардың диагностикасын жасайтын электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) зерттеу жасайтын арнайы аппарат сынып қалған.

Мемлекетік сатып алу системасы бойынша сатып алу көп уақыт алады. Оған қоса жеткізу мерзімі екі айдай уақыт алады. Бұл жабдық қатты керек болып тұр. Сондықтан «Сәби» Қайырымдылық Қоры медициналық жобасының аясында №2 БҚКА «Нейрон-Спектр-4/П» и “Нейрон-Спектр Видео” компьютерлік комплекс сатып әперуді жөн көрді.

Тапсырысты жеткізушілермен келісім шарт жасалынды. Сөйтіп жаңа ЭЭГ аппаратын жазда іске қосуғы ықпал етеді.

Жаңа жыл жаңа ойыншықтармен

By | Медициналық жоба

Жаңа жыл жаңа ойыншықтарменЖаңа жылда қарсаңында міндетті түрде таңғажайып нәрселер болып тұрады.

Алматы облысының Іле ауданының Өтеген Батыр ауылының Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасында емделіп жүрген балаларға нағыз жаңа жылдық таңқаларлық кездейсоқ болып керемет ойыншықтармен жабдықталған үш ойын бөлмесі болды!
Ауруларды қабылдау бөлмесі, соматика бөлімшесі, неврология бөлімшесі сәбидің күлкісі мен қуанышына толы болды. Сырқатпен күресу кезінде ең керегі осы емеспе!

Осындай жаңа жылдық сыйлықты біздің Қайырымдылық Қоры «Медициналық жобасының» аясында берді. Үш бөлме ойын үйшіктерімен, сырғанайтын төбешіктермен, тербелмелермен, көліктермен, мыңдаған шарлары бар құрғақ бассейндермен, жұмсақ тек пішінділермен, шарлармен және тағы басқалармен жабдықталған. Балалардың ойын кезіндегі қауіпсіздігіне арнаулы жұмсақ резеңкелі төсеніш еденге төселенеді.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын балалар, және тез жазылып кетулеріңізге тілектесбіз!

QIWI қолданушыларынан қажетті сыйлықтар

By | Медициналық жоба

QIWI қолданушыларынан қажетті сыйлықтар Алматы қаласында орналасқан Балалар жұқпалы ауруларды емдеу емханасының басшыларынан келіп түскен балаларға арналған жиһаз алып беру туралы өтінішін «Сәби» Қоры аса құштарлықпен қабылдады. Балдырғандар тамақтанатын және сонымен қатар ой-өрісті дамыту ойындарымен айналысуға арналған түрлі-түсті үстелдер мен орындықтар арнайы тапсырыс бойынша дайындалды. Ауруханада бос орынның тапшылығына байланысты осылай екі іс қатарымен қолданатын болды.

Жиһаздан басқа, мекемеге тағы компьютерлі техника және сәбилерді өлшейтін таразы сыйға тартылды.

«Сәби» Қорына демеушілерден келіп түсетін қаржылар тек бекітілген жобаларға ғана бөлінетіндіктен, осындай бір жолдық шаралар көп жасалмайды. Ал аталған сыйлықтарды сатып алу үшін, QIWI төлем терминалдары арқылы сіздерден келіп түскен қаражаттары жұмсалды. Осылай, достар, аз-аздан жинап үлкен істі бірге атқардық.

Шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

P.S.Осы шараның жалғасы ретінде біздің Қордың серіктестерінің бірі аталған мекемеге қатты қажет етілген жұмсақ төсектер сыйлады.

Qiwi-мен қаражат жинау. Есептеме.

By | Медициналық жоба

Qiwi-мен қаражат жинау. Есептеме. «Сәби» Қоры демеушілерден келіп түскен әр жарнасына жауапты. Бір теңге де жоғалмай, ең өзекті әлеуметтік жобаларда өзіне тиімді қолданыс табатындығына болашақ сеніммен филантроптар ақшаларын біздің ұйымызға сеніп тапсырады.

Түскен қаражаттың «тағдыры» Қордың кеңесімен шешіледі. Мысалға, Qiwi төлем терминалдары арқылы фандрайзинг жүйесін іске қосқан кезде терминалды қолданушылардың бірлік аударымдарының көлемі әдеттегідей көп еместігінен, түскен қаражатты бірден қолданысқа бермей белгілі уақыт ішінде шоғырландырса пайдасы көп болады деген шешім қабылдадық.

Қазіргі сәтте әр түрлі адардардың ортақ күшімен жиналған сома (өкінішке орай әрбіреуіне алғысымызды айта алмаймыз, оған қоса есімдерін де білмейміз) Қордың жобаларының біреуіне қосуға жеткілікті болды.

Ол соманы Қызылорда қаласының «Сәби үйі» ММ-сі және Алматы облысының Қарақастек ауылындағы «Сәби үйі» ДСММ-сі сияқты балалар әлеуметтік мекемелеріне медициналық жабдықтарды сатып алуға жұмсадық. Қызылордаға жүйке жүйесінің ауыруына шалдыққан балаларға физиотерапия аппараты, сондай-ақ массаж жасайтын құралдың жинағы сатып алынды. Ал Қарақастекке медициналық аспаптар мен ыдыстарды стерилдеуге және залалсыздандыруға арналған арнайы әуелі-үрмелі шкафы және стерилдендіруге арналған арнайы қорап табыс етілді.

Былай қарағанда Qiwi терминалдары арқылы түсіпе жатқан аздаған жарнаның арқасында жоғарыда аталған мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жетім балалармен әке-шешесінің қармқорлығысыз қалған балалар өз денсаулықтарын жақсарта алады.

Достар, сіздердің ықыластарыңыз үшін, көрсеткен жомарттылық пен кең пейілдіктеріңіз үшін мың да бір рахмет! Жасаған жақсылықтарыңызға алла жар болсын. Барлықтарыңызға табыс, зор денсаулық және өркендеу тілейміз.

Қайырымдылық жарна жасау үшін кез – келген Qiwi төлем терминалдарының қасына тоқтап қаражатыңызды шотқа жіберсеңіз болғаны, ол үшін терминалдың экранында «Басқадай қызмет» таңдап, «Қайырымдылық» пернесін басып, «Сәби» Қорын тауып жанашырлық жәрдеміңізді жіберсеңіз болады.

Науқасты ойнап жеңу

By | Медициналық жоба

Науқасты ойнап жеңу «Сәби» Қайырымдылық Қоры 10 жылдан бері жұмысын атқара келе, ең басты және ең мерзімі ұзақ жобалардың бірі ретінде Медициналық бағытты негіздеп келген. 2002 жылдан бастауын алғаннан бері біздің елімізде көп өзгерістер болды. Медицина саласына бюджеттен бөлінетін қаржы өсті, денсаулық сақтау сферасының барлық тараптарын қамтитын мемлекеттік арнайы бағдарламалар іске асырылды. Бірақ та жеке капиталдың болу керектігін, соның ішінде қайырымдық шаралардан түскен қаржыны, ескермеу қателік. Кейбір шұғыл жағдайларда мемлекеттік тапсырыспен қажетті нәрселерге қол жету мүмкін болмай қалады, сондай кездерде қорлар тарапынан үлкен көмек болуы мүмкін, өйткені олардың жәрдемі арқылы мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді.

Медициналық жобаның аясында «Сәби» өзге де мақсаттарды көздей тұра, емдеу-профилактикалық мекемелерде станционарлы түрде өткізген уақытта науқастардың, әсіресе кішкентай балалардың жағдайын көтеруге тырысады. Сәбилердің емханада ем алып немесе оңалту процедураларын алған кездерін жеңілдету үшін арнайы оларға ойын бөлмелерін жабдықтап жүр.

Астана қаласындағы Ұлттық медициналық холдингтің аясында құрылған «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ-ның кішкене пациенттері бірнеше күн бұрын Қордың атынан үй ішінде орналастыратын ойын алаңшасын сыйға алды, енді олар күніге бірнеше уақыт алтыбақанда тербеліп, сырғанақ теуіп, сурет салып, шоттарды санап, «құрғақ бассейнде» шомылып, пластмасс кірпіштерден кәдімгі ғимараттар тұрғызып, және шағын үйшік ойнауға мүмкіндікке ие болды.

Ойынмен өткізген уақыт, бүлдіршіндерді науқастан көңілін аударып, оны жеңуге жаңа күш беретініне нық сенеміз.

Жаздыгүнгі суықтын рахаты

By | Медициналық жоба

Жаздыгүнгі суықтын рахаты Жаздың ыстық күндерінде істен шыққан мұздатқыштың ішінде алдын ала молымен алынған азық-түліктің бүлініп кеткен жағдайлары басыңыздан өтті ма?

Сірә болған шығар, ересектер мен балаларға жәрдем көрсететін емхана – Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бүгінгі күнде жоғарыда айтылған мәселеге тап болып отыр. Істен шыққан және ешқандай жөндеуге келмейтін мұздатқыш қондырмалар әбден ескіріп бұл медициналық орталықтың қалпынды жұмыс істеуіне қауіп төндірді. р түрлі ауруға шалдыққан адамдардың, әсіресе балалардың бұзылған азық-түлікпен тамақтануы денсаулықтарына кері әсерін туғызып, жан ушығар жағдайларға да әкеліп оқтыруы мүмкін.

Мемлекеттік бюджет тарапынан жаңа мұздатқыш алуға мүмкіндігі болмаған кәсіпорынның басшылығы көптеген демеушілерден сәтсіз қолдау іздеп, «Сәби» Қорынан көп үміт күткен болған.

Қандай да жұмыс болмасын, біз өз тарапымыздан тез орындауға тырысатын команда болғандықтан, барлық жайттарды уақытылы реттеп қойдық: яғни тиесілі техника тауып, жабдықтаушы фирмаға ақысы төлеп қажетті құжаттарды ресімдеп қойдық. Бүгінгі күнде жаңа агрегат толығымен жиналып және оның іске қосылу жұмыстары аяқталып, қолдануға тапсырылды.

Шығыс-Қазақстан облысындағы ең ірі көп профильді ересектер мен балаларға жәрдем көрсететін медициналық орталықтың бір мәселесі осылай тез шешілді.

Русский

Қазақ тілі

English